МІНЕ, ҚАЙТАДАН IESO!

Алматылық мектеп оқушысы Ақназар Қажымұрат және астаналық Ислам Айтуғанов, Камила Кажен пен Асылбек Умурзак Қазақстанның атынан Тайландта  өтетін Жер ғылымдары туралы IESO 2018 халықаралық олимпиадасына қатысады.

МІНЕ, ҚАЙТАДАН IESO! Балалар академик Шахмардан Есенов атындағы және «Жас геолог» қорларымен өткізілген жалпы ұлттық конкурс жеңімпаздары атанды. Алматы мен Астана қаласында өткен іріктеуге жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарының 101 оқушысы қатысты. Конкурс оқушыларға олимпиадада жарысуға тура келетін ғылымдар бойынша жазбаша тестілеуден және де қоршаған ортаны қорғау тақырыбында ағылшын тіліндегі ауызша презентациядан құрады.

Төрт жеңімпаздың барлығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісінің оқушылары болып табылады. Ақназар 17 жаста және де оның мақсаты Гарвардқа оқуға түсу, өзінің түсаукесерін жас жігіт туған қаласы Алматының ауасының ластану деңгейіне арнады. Оралдан келген Камила Ақназармен құрдас, ол фотографиямен айналысады. Оқушы өңірлік және халықаралық олимпиадалардың (география, елтану және ағылшын тілі бойынша) және ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегері болып табылады. Ислам 11-сынып оқушысы және мектеп командасында баскетболмен айналысады. Орта білім алғаннан кейін ол азаматтық инженерияны зерттеуге ниет білдіреді, оқушы республикалық «Дарын» жобалық олимпиадаларының марапаттарына ие. 10-сынып оқушысы Асылбек бос уақытында астаналық балалар даму орталықтарының біреуінің тәрбиеленушілеріне Рубик кубигін құрастыруды үйретеді.

Оның ғылымдарға қызығушылығы неден басталды деген сауалға ол былайша жауап берді:

— Бала кезімде бір күні, мен оянып, теледидар арналарын айналдырып отырғанмын. Олардың біреуіне тоқталдым. Кенеттен экран сөніп қалды, динамиктен жарылыс дыбысы естілді, ал диктор: «Осылайша Дүние жүзі пайда болды» деп айтты. Бұл сөздерден кейін мен теледидарға тіпті жабысып отырдым. Және бірте-бірте, Discovery арнасының бағдарламалары арқылы қара тесіктер мен квазарлар әлеміне батып кеттім, – деді Асылбек Умурзак.

12-ші Халықаралық Жер туралы ғылымдар олимпиадасы (IESO) әйгілі Махидол ат. тайландтық университеттің кампусында 8-17 тамыз аралығында болып өтеді. Бұл уақытқа дейін қазақстандық құрама командасының қатысушылары арнайы құрастырылған бағдарлама бойынша даярлықтан өтетін болады.

— Оған балаларға олимпиада барысында орындауға тура келетін ағылшын тілі бойынша сабақтар, геология, геофизика, метеорология, мұхиттану және астрономия бойынша тапсырмаларды жетілдіру кіреді. Қазақстандық команданың сапар бойынша барлық шығыстарын біздің ұйымымыз өз мойнына алды, – деп түсіндірді Ш.Есенов атындағы қордың бағдарламалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Еске салайық, Францияда болып өткен IESO 2017 олимпиадасынан қазақстандық оқушылар үш медальді қанжығаларына байлаған болаты.

9.02.18, Жаңалықтар

Көру саны: 72

Другие новости