АҚШ-ТА ЖАЗҒЫ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУ ГРАНТЫ

2016 жылғы жазғы машықтану грантын жеңіп ал! Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру Қоры ҚР азаматы болып келетін және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2, 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми  машықтанудан өту грантына байқау жариялайды.

Егерде сен:

  • қазақстандық ЖОО-ның 2, 3-курс студенті болсаң;
  • мамандығың – жаратылыстану-ғылыми және техникалық болса немесе нутрициология, емдәмі зерттеулері және халық денсаулығы (Nutrition/Food Studies, Public Health) салаларына қатысы бар болса;
  • шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D. бағдарламасына түсуді армандасаң;
  • ғылыми жобаларың мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;
  • ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң;
  • Қазақстанда ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге ынтаң болса.

Сенің келесідей мүмкіндіктерің бар:

АҚШ-та жұмыс жасайтын ғалымдардан сараптық қызмет және жәрдем алу;

  • Түсуге қажетті дайындықтан және тренингтен өту;
  • Таңдаған машықтану бағдарламаларының біріне түсу;
  • Грантқа ие болып, 2016 жылдың жазында АҚШ-қа машықтануға бару.

Бұл үшін 15.12.2015 ж. мерзіміне дейін келесі құжаттарды жібер:

  • Толтырылған өтінім;
  • Жеке құжат көшірмесі;
  • Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
  • Орта білім аттестаты және оның қосымшасының көшірмесі;
  • Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;
  • «Маған Ph.D. дәрежесі  … үшін керек» тақырыбында эссе;
  • ЖОО проректоры немесе ректорының мінездемесі.

Барлық құжаттарды Қор кеңсесіне жібер:

050040,  Алматы қ., Аль-Фараби даңғ. 36, «AFD» БО, 4-қабат

info@yessenovfoundation.org

Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижесі – 31.01.2016 ж.

9.10.15, Жаңалықтар

Көру саны: 1,045

Другие новости