ЖАҢА БАЙҚАУЛАРҒА ДАЙЫНДАЛЫҢЫЗ

Осы жылдың соңына дейін Yessenov Foundation ғылыми білім беру қоры өткен жылғы ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздарын шетелге жіберу арқылы олардың алдындағы өзінің міндетін орындайды. Ал 8-ші қарашада жаңа байқауға өтінім қабылдауды бастайды. Оның жеңімпаздары 2022 жылдың жазында әлемнің ең үздік зертханаларына барады. Бұл туралы қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева мәлімдеді. Келесі жылы қайырымдылық ұйымының әлеуетті бенефициарлары болып табылатын еліміздің дарынды жастарын не күтеді?

Пандемия бүкіл әлемдегі адамдардың жоспарларына елеулі өзгерістер енгізді. Оның дағдарыстық ықпалын қайырымдылық ұйымдары да бастан өткерді, әсіресе қазақстандықтарды шетелге оқуға жіберумен байланысты ұйымдар.

— Пандемия уақытында өмір сүруді үйрендік, икемділік – бұл адамдарға ғана емес, сонымен қатар, ұйымдарға да пайдалы қасиет. Сондықтан да, бүгін осы жылдың соңында және келесі жылы бұрынғы көлемде қызметті қалпына келтіру бойынша үлкен жоспарларымыздың бар екенін жариялауға дайынмын, — деп хабарлады Yessenov Foundation басшысы.

Соңғы екі жылдағы ең үлкен мәселе қандай болды?
— Бағдарлама жеңімпаздарын шетелге жіберу. Локдаунды жариялағанға дейін шетелге барып алғандардың жолы болды. Жастар барлық шектеулерге және жиі онлайн режиміне қарамастан білім ала алады. Алайда, қалған көпшілігіне бір жыл күтуге тура келді. Қордың құрылтайшысы Ғалымжан Есенов 2020 жылы жеңіп алған ғылыми және IT тағылымдамалар бағдарламасы бойынша гранттардың қолданылуын осы жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Соның арқасында, барлық жеңімпаздарымыз өз гранттарын пайдаланып үлгеретін сияқты. Бүгінгі күні 14 адамның 11-і тағылымдамадан өтіп жатыр немесе жақын арада тағылымдамаға аттанады — соңғы санаттағы гранттар төленді, шақырулар алынды, визалар жасалды. Екі жеңімпаз осы жылда басқа шетелдік жоғары оқу орындарына түсу себебіне байланысты бағдарламадан шықты және тағы бір студент қазіргі таңда әлемнің бірнеше университеттерінен шақыртулар күтуде.

АҚШ-тағы IT тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздарымен жағдай қалай?
Бес жеңімпаздан тек біреуін ғана жіберу мүмкін болды.  Бір жыл ішінде жеке бас жағдайларының өзгеруіне және алты айға елден кетуге мүмкіндік бермейтін қызықты жұмыс табуларына байланысты екі қатысушы бағдарламадан шықты. Тағы екі жеңімпаз тағылымдамадан өту орнын таба алмады, өйткені АҚШ-та жұмыс істеу үшін қажет виза түрі стартаптардан үлкен жауапкершілікті талап етеді, ал виза алу процесі көп уақытты қажет етеді. Бүкіл әлем қашықтан жұмыс істеп жатқандықтан, көптеген стартаптар Қазақстаннан келген тағылымдамадан өтушіні жарты жылға қабылдауды қолайлы деп санамады.

Алдағы бірнеше айда қорда қандай байқаулар басталады?
8-қарашада ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына өтінімдер қабылдауды бастаймыз. Жеңімпаздар саны 10 болады және олардың зертханаға 2022-ші жылдың жазында баруын жоспарлап отырмыз. Әуе сапарларының бағасы айтарлықтай өстуіне байланысты гранттар санын қысқарттық. Ал, қалған бағдарламаларды желтоқсан айында жариялай бастаймыз. Ақпан айында өңірлік жоғары оқу орындарынан ағылшын тілі бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталады. Бұл өте тиімді бағдарлама және де Ақтау, Қызылорда және Қарағанды қалаларындағы Қазақстанның үш университетінде сәтті өтті. Бағдарлама аясында 820-дан астам студенттер мен оқытушылар ағылшын тілінің деңгейін көтеріп, үздіктері қор есебінен IELTS емтиханын сәтті тапсырды. Жаңа байқаудың жеңімпаз жоо-да — оны біз көктемде анықтайтын боламыз — оқыту ағылшын тілінде еркін сөйлейтін маманмен онлайн режимінде өтеді және 2022 жылдың қыркүйегінде басталады.

Қордың ескі портфолиосындағы қандай бағдарламалар 2022 жылы жалғасады?
Шәкіртақы бағдарламасы қалады, оған өтінімдерді қаңтар айында қабылдаймыз, сонымен қатар, жоғарыда аталған ғылыми тағылымдамалар мен ағылшын тілі бағдарламасы болады. IT тағылымдамалар бағдарламасы жаңғыртылуда. Келесі жылы Қазақстанда академик Шахмардан Есеновтың туғанына 95 жыл толуы кеңінен атап өтіледі, осыған байланысты бірқатар іс-шаралар өткіземіз. Атап айтқанда, ғалымның туған ауылы – Қызылорда облысындағы Тартоғай мектебіндегі ғылыми эссе байқауы.

IT тағылымдамалар бағдарламасы қалай жаңғыртылуда?
— Жоғарыда атап өткен себептерге байланысты ол қайта форматталады. Бағдарламаның жаңа атауы — Yessenov Launch Pad (сөзбе-сөз: старттық алаң). Онда 10 жеңімпаз болады, яғни, бұрынғыдай бесеу емес. Бағдарламаның бірінші бөлімі – семинар. Оған жеңімпаздардан бөлек басқа қатысушыларды жіберуіміз мүмкін. Семинар барысында олар ІТ саласында жұмыс іздеу, түйіндеме жазу, сұхбаттан өту сияқты дағдылармен танысады және ІТ саласындағы жетіспейтін білімдерін толтыруға мүмкіндік алады. Семинарға жетекші халықаралық IT-компаниялардың қызметкерлерін тартуды жоспарлап отырмыз. Екінші бөлім – қосымша білім алуға гранттық байқау. Біздің сарапшылар курстарды таңдауға көмектеседі, ал қор 10 жеңімпаз үшін сол курстардың ақысын төлейді.

Жаңа бағдарламаңыз туралы, яғни, аз қамтылған отбасынан шыққан жастарға арналған «әлеуметтік саты» туралы айтып берсеңіз.
— Иә, байқау көктемде басталады. Біз бағдарламаны «Өрлеу» деп атадық. Бұл сөз үнемі қозғалыста болып, жаңа белестерді бағындыруды, тек алға жылжуды және дамуды білдіреді.  “Өрлеу” аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттерге жоо-дағы бір оқу жылының ақысын төлеуге көмектеседі. Бұл отбасында бірінші болып жоғары білім алатын адамдарға арналған бағдарлама. Бұл ата-анасы қаражаттан қысылған жастар үшін әлеуметтік саты болмақ. Қордың жаңа бағдарламасы мемлекеттік грантты жеңіп ала алмаған, тамаша болмаса да, өте жақсы үлгерімі бар (олардың аттестатында”үштік” болмауы тиіс) мектеп түлектеріне өздерін жүзеге асыруға, таңдаған мамандығы бойынша кәсіпқой болуға және бір әлеуметтік топтан екінші топқа өсуге мүмкіндік береді.

Неліктен, бәрі бұрыннан жасалғанды сақтап қалуға тырысып жатқанда, сіздер жаңа бағдарламаны ашуды жоспарлап отырсыздар?
— Идея бірнеше жыл бұрын пайда болған болатын. Пандемия жаңа бағдарлама ашу экспериментін кейінге қалдырды. Алайда, қазір біз дайынбыз: жастардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін жақсы зерттедік, ал қор құрылтайшылары байқауды жариялауды мақұлдады. Бағдарламаның мәні — бұл табысы аз отбасыларда туылған, бірақ білімге деген үлкен ұмтылысы бар жастар үшін шынымен де әлеуметтік саты болмақ. Ломоносовтың, Есеновтың тарихын еске түсірсекте жеткілікті, шағын елді мекенде, қарапайым отбасында дүниеге келгендеріне қарамастан, олар мықты ерік-жігерінің арқасында, білімге және жетістіктерге өздері қол жеткізді. Міне, осындай жастарды байқауға тартамыз деп үміттенемін.

Қор оқудың барлық жылдарының ақысын төлей ме – 4 жылды, тіпті 6 (медицина жағдайында)?
— Жоқ, бакалавртаттың тек бір оқу жылының ақысын және басқа қаладан келген жеңімпаздардың тұру шығындарын төлейміз. Екінші оқу жылында жеңімпаздар өтінім беріп, байқауға қатысу арқылы бізден тағы да грант ұтып ала алады немесе өз білімін қаржыландыру көздерін өз бетінше таба алады. Бір жылдық оқу грантымыз бұл балаларға айтарлықтай серпін беретініне, ал байқаудың барлық оқу жылдарына қатысу мүмкіндігі жақсы ынталандыру болатынына сенеміз.

27.09.21, Жаңалықтар

Көру саны: 86

Другие новости