ҒАЛЫМЖАН ЕСЕНОВ ШӘКІРТАҚЫНЫ АРТТЫРДЫ

Shakhmardan Yessenov Foundation шәкіртақы бағдарламасының 10-шы байқауы өз мәресіне жетті. Академик Ш.Есеновтың шәкіртақысы осы көрнекті ғалымның 95 жылдығына орай еліміздің 20 үздік студентіне табысталды. Жақында қордың құрылтайшысы Ғалымжан Есенов жеңімпаздарға ай сайын төленетін шәкіртақы көлемін 35 000 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Жеңімпаздардың қалай таңдалғаны туралы қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Айғаным Малишева айтып берді.

Биылғы жылғы байқау несімен ерекшеленді?
Негізгі айырмашылық – келіп түскен өтінімдер саны. Биыл біз олардың 675-ін алдық. Бұл бағдарламаның барлық уақытындағы рекордтық көрсеткіш. Қазақстанның барлық қалаларынан бакалавриат, магистратура және интернатура студенттері қатысты. Ең көп өтінімді ҚарМТУ (62 өтінім) және  Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  (59 өтінім) студенттерінен алдық. Студенттер биылғы жылы мақсатты түрде жеңіске жету үшін айтарлықтай жұмыс істеген, дайындалған: портфолиоларын кеңейткен, дамытқан және тек өз мамандықтары бойынша ғана емес, басқа бағыттарда да. Іріктеуді бір жыл бұрынғыдай онлайн-режимінде өткіздік.

Бір орынға шамамен 34 адамның байқауын қалай түсіндіресіз?
Өтінімдер санының қарқындылығы әртүрлі, бірақ жылдан жылға тұрақты түрде өзгеріп, өсіп отырады. Демек, біз дұрыс жолдамыз. Сонымен қатар, қор туралы адамдар көбірек біле бастады және жастардың өзі гранттық мүмкіндіктерді іздеуде, айталық, 5 жыл бұрынғыдан да белсенді бола бастады. Олар байқауларға қатысудан қорықпайды, бұған тәжірибе жинау құралы сияқты қарайды.

Осы жылғы Есенов шәкіртақысына үміткерлерді сипаттап берсеңіз.
Ең көп үлес – бакалавриат студенттерінде – 563, сондай-ақ, байқауға 91 магистрант және 21 интерн қатысты. Бұл қазақстандық 50 жоғары оқу орнының студенттері. Қатысушылардың саны бойынша жоғарыда аталған көшбасшылардан басқа, Қорқыт ата университетінің, Жұбанов атындағы АРМУ,  Торайғыров атындағы ПМУ,  Гумилев атын. ЕҰУ  және ҚазҰУ студенттерінен көптеген өтінімтер келіп түсті.  Биылғы жылғы байқауға 29 Қазақстан елді мекенінің тұрғындары, 212 ұл және 463 қыз бала қатысты. 12 университеттің өкілдері жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, бірден Гумилев атындағы ЕҰУ-ден 3 жеңімпаз, Қарағандының үш ЖОО-дан 5 жеңімпаз: екеуі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен, екеуі Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен және біреуі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен. Дәстүр бойынша 2 жеңімпаз Шахмардан Есеновтың туған университеті – Satbayev University студенті.

Экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты шәкіртақы мөлшері өзгерді ме?
Иә, 2022-2023 жылдарға мәлімделген шәкіртақы сомасын айына 27 000 теңгеден 35 000 теңгеге дейін қайта қарау туралы шешім қабылдадық. Біздің шешіміміздің Білім және ғылым министрлігі қабылдаған шешімнен айырмашылығы – өзгертулеріміз күзде емес, 1 мамырдан бастап күшіне енеді. Ұлғайту қордың шәкіртақы сомасы бәсекеге қабілетті болуы үшін қажет.

Жеңімпаздар әдетте шәкіртақыны қандай мақсаттарға жұмсайды?
Жеңімпаздарға қаражатты нақты бір мақсаттарға жұмсау керек деген талап қоймаймыз. Бірақ бір жылдан кейін оларға қызығушылық танытып, сұрап жатамыз. Және олардың жауаптарына сүйенсек, шәкіртақы мөлшері негізінен жеке дамуларына жұмсалады. Көбінесе бұл тілдерді үйрену, мамандыққа байланысты емес жаңа дағдыларды игеру, қосымша білім алу, кітаптар сатып алу немесе мамандық бойынша жобаларды дамыту. Бірі көлік жүргізуді үйренді, біреуі ақылы курстардан өтіп, soft skills-ті жақсартты, ал бірі конференцияға барды. Біз жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қолдаймыз.

Байқауда қандай да бір қызықты сәттер болды ма?
Мықты және дарынды үміткерлер көп болды. Қатысушылардың жалпы санын ескере отырып, таңдау жасау оңай болған жоқ. Мүмкін финалға шыққан ең ерекше қатысушы деп – 1-ші курс магистрантын айтсақ болады. Оның 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар, мейірбике ісінің жаңа стандарттарын алға жылжытуда және өзінің медициналық мекемесінің бас медбикесі ретінде ғылыммен айналысады, жасы 46-да. Тағы бір финалист барлық сұрақтарды қандай да бір психологиялық кейстер арқылы  қойды, бұл өте ерекше және қызықты болды. Жеңімпаздардың бірінің есімі Шахмардан, академиктің құрметіне қойылған. Студенттің анасы Есеновтың туған жері – Тартоғай ауылынан. Барлық қатысушылар бір-біріне бәсекелес болғанына қарамастан, финалда достық атмосфера орнады, кейбіреулер топтық онлайн сұхбат барысында жолдастарына көмектесуге тырысты. Кездесу соңында балалар байқаудан кейін де бір-бірімен «байланыста» болатындарын айтып жатты.

Байқаулардың оффлайн форматына және Қор бағдарламаларының жеңімпаздарымен жыл сайынғы кездесуге оралу жоспарлануда ма?
Офлайн форматқа оралу әзірге жоспарымызда жоқ. Онлайн форматтың мүмкіндіктері face-to-face кездесуінен кем түспейді. Сұхбаттарды жеке, топпен жүргіземіз, ал, басқа жарыстарда нақты уақыт режимінде тестілеуді өткіземіз. Онлайн іріктеу сапалы түрде жүргізіледі. Пандемияға дейін біз жыл сайын конкурстық бағдарламалардың жеңімпаздарымен кездесулер өткізетінбіз. Қазір жеңімпаздарға онлайн режимінде білу керек нәрселердің барлығын айтамыз, сұрақтарға жауап береміз, қаржылық және шығармашылық есептерді қалай дайындау керектігін түсіндіреміз, тағылымдамадан өту алгоритмін береміз, виза алу, сақтандыру, вакцинация паспорты және т.б. Қордың сайтында өткен жылдардағы жеңімпаздардың лайфхактары бар. Сондай-ақ, жалпы онлайн-кездесулер өткізіп тұрамыз, онда өткен жылдардың жеңімпаздарын шақырамыз, олар өз кезегінде жеке тәжірибелерімен бөліседі. Егер тағылымдамадан өту орындары сәйкес келсе, жеңімпаздарды жиі байланыстырамыз. Ғылыми тағылымдамалар мен шкіртақы бағдарламалар байқауының барлық жеңімпаздарын тағы да құттықтаймын және барлық балаларға табыс тілеймін!

1.04.22, Жаңалықтар

Көру саны: 142

Другие новости