ҒАЛЫМЖАН ЕСЕНОВ БАКАЛАВРИАТҚА 10 ГРАНТ БӨЛЕДІ

Кәсіпкер әрі филантроп Ғалымжан Есенов пен оның Shakhmardan Yessenov Foundation қайырымдылық қоры «Өрлеу» атты бағдарламаға өтінімдер қабылдауды қайта ашуда. 2022 жылы іске қосылған бағдарламаның мақсаты – жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 10 грант бөлу және осылайша аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифт» құру. Бағдарлама бойынша жиі қойылатын барлық сұрақтарға оның менеджері Айгерім Султан жауап береді.

Неліктен мемлекеттік және басқа да гранттар бола тұра «Өрлеу» гранттары бакалавриаттың бүкіл кезеңіне емес, тек бір жылға берілетіне қарамастан өзекті болып қала береді?
Мемлекеттік
және басқа білім беру гранттарына қарағанда «Өрлеу» бағдарламасының қатысушылары мемлекеттік грант алмаған және жоғары білім алғысы келетін, бірақ жақсы оқитын мектеп оқушылары мен колледж түлектері бола алады. Олардың баллдары грантқа өту ұпайына сәл жетпей қалуы мүмкін. Иә, грант тек бір академиялық жылға бөлінеді, дегенмен грант иегері жыл сайын байқауға қатысып, оны жеңіп алуға құқылы. Жыл бойы жақсы оқу керек, өйткені қор семестр бойынша оқу ақысын төлейді. Оқудың бүкіл ақысын бірден төлеу дұрыс емес деп санаймыз. Мұндай тәсіл бағдарлама жеңімпаздары үшін жақсы ынталандыру болып табылады, бұл оларды тонуста ұстап тұрады және балалар іс жүзінде тегін білім грантын алу мен оқуда табысқа жету қажеттілігі арасындағы тікелей байланысты көреді.

Осы бағдарлама бойынша қор гранты нені қамтиды?
Таңдалған ЖОО-дағы бір жылдық оқу ақысы (мысалы, Suleyman Demirel University-де 1.100.000 теңгеден бастап С. Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ-да 1.400.000 тенгеге дейін) және осы жылдың  қыркүйегінен бастап келесі жылдың маусымына дейін бір күнтізбелік күн үшін есептелген 3.692 теңге (бұл 1 АЕК) есебінен ай сайынғы шәкіртақы. Сондай-ақ, қор жылына 200.000 теңгеге дейінгі соммадағы жатақхана шығындарын өтеп береді.

Бағдарламаға кім өтінім бере алады?
Бірінші кезекте – бұл Қазақстан азаматтары. Екінші шарт – жоғары білім алғысы келетіндер аз қамтылған отбасылардан шығуы керек және мемлекеттік немесе осындай сияқты басқа грантқа ие болмауы керек. Олардың арасында грантқа алғаш рет өтінім тапсырып жатқандар да, өткен жылдардағы «Өрлеу» бағдарламасының жеңімпаздары да болуы мүмкін. Осылайша, біз оларға оқуды толығымен аяқтауға мүмкіндік береміз, бірақ олар байқауда өзге үміткерлермен тең дәрежеде қатысады. Үшінші шарт – өтінім берушілер жақсы оқуы керек. Олардың аттестаттарында бес балдық шкала бойынша 4 не одан жоғары бағалар немесе әріптік, пайыздық жүйе не GPA (2.67 төмен емес) бойынша баламалары болуы керек.

Сізде таңдалған мамандықтарға қойылатын белгілі бір талаптар бар…
Иә, қордың басқа бағдарламалары секілді біз белгілі бір спектрді ұстанамыз. Дәстүрлі түрде бұл жаратылыстану-ғылыми және дәлдік пәндер. Бірінші кезекте – геология және онымен байланысты мамандықтар, физика, химия, математика, биология, IT, инженерия және басқалар. Алайда икемділік таныта отырып, біз 2023 жылы жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша педагогикалық мамандықтарды қосу арқылы мамандықтар тізімін кеңейттік. Қазақстанда қабылданған мамандарды даярлау бойынша біліктілікке сәйкес мамандықтардың толық бағыттарын бағдарлама Ережесінен («Жалпы ережелер», 1.1-тармақ) табуға болады.

Академик Шахмардан Есенов ат. ғылыми білім беру қорының «Өрлеу» бағдарламасы бойынша грантқа қалай өтінім беруге болады?
Өтінім беруге 22 мамырдан бастап 22 шілдеге дейін біз 2 ай уақытты бөлдік. Мұндай кең ауқым грант іздеушілердің ҰБТ-ны қайта тапсыру және қорға үздік нәтижемен сертификат жіберу мүмкіндігіне ие болуымен байланысты. Балалардың бір бөлігі бүгінде университет туралы шешім қабылдады, ал басқалары әлі таңдауы керек. Өтінім беруге келетін болсақ, қордың сайтындағы бағдарлама туралы ақпаратты зерделеуден бастап, содан кейін қажетті құжаттарды жинап, соңында қордың сайты арқылы онлайн өтінім беру қажет.

Қандай құжаттарды ұсыну керек?
Қысқаша айтатын болсақ: бұл бала өкілінің құжаттары мен грант ізденушісінің құжаттары. Бірінші жағдайда – отбасының материалдық жағдайы туралы бірнеше анықтама, кәсіпкерлік объектісінің болуы/болмауы туралы анықтама, өкілдің зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме және үміткердің аз қамтылғандығын растайтын тұрғын үйінің, көлігінің, қосалқы шаруашылығының және басқа да мүлігінің болуы/болмауы туралы ақпарат. Екіншісінде – жеке куәлік, мотивациялық хат және, әлбетте, орта мектепті бітіргені туралы аттестат/колледж дипломы, ҰБТ тапсыру туралы сертификат, ЖОО студенттеріне арналған транскрипт. Басқа да құжаттар болуы мүмкін. Сұрағыңызға толық жауапты қор сайтындағы бағдарлама Ережесінен табуға болады.

Байқау қалай өтеді?
Ол екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде қор қызметкерлері келіп түскен өтінімдерді қарап шығады және Байқау Ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін ізденушілерді алып тастайды. Содан соң өтінімдермен сарапшылар (өтінімдер санына байланысты 2-3 адам тартылады) жұмыс істейді. Бұл жас ғалымдар немесе мамандар, өткен жылдардағы қор бағдарламаларының жеңімпаздары, қазірдің өзінде жұмыс істеп жүрген және өз қызметінде жетістікке жеткен адамдар. Екінші турға өткендердің тізімін 31 шілдеден кешіктірмей қордың сайтында жариялаймыз. Осыдан кейін – 9 тамызға дейін психолог-жаттықтырушы қор қызметкерлерімен бірге үміткерлерге онлайн сұхбат (жеке және топтық) өткізеді. Бұл кезеңде біз үшін жастардың қаншалықты оқығысы келетінін, яғни мотивация деңгейінің қаншалықты жоғары екенін түсіну маңызды болады. Нәтижелер бойынша шешім қабылданып, ол қордың атқарушы директорының бұйрығымен жеңімпаздардың ресми тізімі түрінде бекітіледі және сайтта жарияланады.

Ол қашан жарияланады?
12 тамыз. Жеңімпаздар мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алғандардың тізімі жарияланғаннан кейін 2-3 күннен кейін анықталады. Бұл маңызды, себебі жеңімпаздарымыздың арасында мемлекеттік грант иегерлері де болуы мүмкін. Тиісінше, олар біздің немесе мемлекеттік грантты таңдауға құқылы болады.

2 жыл ішінде «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қор грантын қанша адам иеделенді?
2022 жылы байқауда 4 жеңімпаз болды. Біз аз өтінім алдық, бағдарлама туралы білгендер саны аз болды. 2023 жылы 5 жеңімпаз болды, олардың екеуі – өткен жылғы «Өрлеу» грантының иегерлері. Олардың оқу үлгерімі жақсы болды, байқауды тең дәрежеде сәтті өтіп, грантымызды алып, өз университеттерінде екінші курс оқуын жалғастырды. Олардың біразы биыл өтінім беретінін де жоққа шығармаймыз.

Бағдарламаның бірінші және екінші жылында қанша өтінім алдыңыз?
2022 жылы 33 өтінім, ал 2023 жылы 43 болды.

Қордың өзі үшін «Өрлеу» бағдарламасының «челленджі» неде деп ойлайсыз?
Бұл қордың аз қамтылған отбасылардан шыққан қабілеті бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған алғашқы және жалғыз бағдарламасы. Басқа барлық бағдарламалар үміткерлердің әлеуметтік мәртебесіне де, қаржылық жағдайына да байланысты емес. Сондай-ақ «Өрлеу» – педагогиканы оқуды жоспарлап отырған үміткерлер қатысатын Yessenov Foundation қорының жалғаз ғана бағдарламасы. Әрине, біз бағдарламаға өтінім беретіндер санының көп болмайтынын түсінеміз, өйткені балаларда екінші курста немесе әрі қарай оқу ақысын төлеу үшін «Өрлеу» грантын ұтып алмаған жағдайда не болады деген қорқу бар. Сондықтан біздің бағдарлама өз тәуекелдерін түсінетін және оларды қабылдауға дайын батыл балаларға арналған. Бұл да нағыз жеңімпаздарға тән қасиеттер. Сол себепті бағдарламаны ашып жатқан кезде аз сұраныс пен қиындықтар туған жағдайда, аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды және үлгерімі жақсы қазақстандықтарға жоғары білім алуға мүмкіндік беру керектігін түсіндік.

21.05.24, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 318

Другие новости