БЕСТІК БЕЛГІЛІ БОЛДЫ!

3-ші мамыр күні қордың Сарпашылар кеңесі «АҚШ-тың IT-стартаптарындағы тағылымдама» байқауы жеңімпаздарының тізімін бекітті. Жоспарлағанымыздай, жеңімпаздар саны бесеу. Әрқайсысы жайлы бірер сөз айтып кетейік.

1. Александра Ким (22, Астана) —Nazarbayev University студенті, компьютерлік ғылым саласында білім алып жатыр (информатика).

2. Ернар Амерғалиев (26, Астана), Екібастұзда туған веб-инженер және ұялы телефондарға арналған қосымшалар әзірлеушісі.

3. Айгүл Имаділдаева (30, Алматы), Малайзиядағы University of Technology магистратурасын тамамдаған ҚазҰТУ түлегі.  Қазақстандық банктердің бірінде жүйелер талдаушысы болып қызмет атқарады.

4. Нұрсұлтан Ережепов (25, Астана), ҚБТУ түлегі:, бағдарлама әзірлеушісі болып қызмет атқарады.

5. Гранттық байқаудың жеңімпаздар бестігін Абай Нүсіпбеков (29, Алматы) аяқтайды.  ҚазҰУ ды аяқтаған PhD, Сулейман Демирелі Университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің орынбасаы.

Бағдарлама ережесі бойынша қор жіңімпаздардың тағылымдама, виза, ұшу және жол жүру,  сонымен қатар тұру және тамақтану шығындарын төлейді. 74 байқау қатысушыларының тағдырын шешкен Сарапшылар кеңесінің құрамына кіргендер: Эльдар Ахметгалиев (PhD, қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі), Арман Сулейменов —ZeroToOneLabs.com бас директоры, Нұрлыбек Касимов (PhD), Ерлан Идельбаев (PhD студенті) және схат Ахметжанов (Facebook).

Алдағы уақытта байқау жеңімпаздары бір ай бойы қормен бірлесіп Кремний алқабының  IT – стартаптарынан өздеріне тағылымдама іздестіреді. Тағылымдама шамамен маусым айынан қараша айына дейінгі кезеңде өтеді.

4.05.16, Жаңалықтар

Көру саны: 68

Другие новости