«ЕСЕНОВТІК ОҚУЛАР»: ҚЫС МАУСЫМЫ

«Есеновтік оқулар» жаңа жылдық демалыстардан кейін қайта жаңғырды. Қаңтар айында дәрістерді баспагер Олег Хе өткізсе, ақпан айында жобаға кәсіпкер Павел Коктышев қосылды.

Журналист және баспагер Олег Хе («Iскер Медиа») студенттерді өз мансаптарын сәтті басқару қағидаларымен және де медия аясы жобаларымен таныстырды. Оның компаниясы апталық «Бизнес&Власть» газеті мен «РБК — Реальный Бизнес Казахстана» атты журналын басып шығарумен қатар www.and.kz веб-ресурсын жүргізумен айналысады.  25-ші қаңтар күні Олег әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенттері, ал 2-ші ақпан күні AlmaU жоғарғы оқу орнының жұртшылықпен байланыс факультеті студенттерінің алдында дәріс оқыды. Дәріс менеджмент саласындағы американдық кеңес беруші және сарапшы Стивен Ковидің материалдары, сондай-ақ қазақстандық журналисттің өз жеке тәжірибесі негізінде жүргізілді.  Олег Хе  дәрістеріне жалпы саны 90 студент келіп қатысты.

Ақпан айында жобаның дәріс берушілер қатарына Алматы қаласындағы MOST жас кәсіпкерлер клубының негізін салушылардың бірі және директоры Павел Коктышев қосылды. Павел – кәсіпкер, тележүргізуші және қоғам қайраткері.  Ол көшбасшылық, жоба менеджменті, сонымен қатар қоғамдық кәсіпкерлік туралы тренингтер жүргізеді.  10-шы ақпанда П. Коктышев Қазақ-Британ техникалық университеті (қазіргі ҚазҰТЗУ) студенттеріне «Өз жеке шығармашылық потенциалыңды таныту арқылы, ғаламдық команияны қалай құруға болады» атты дәрісін оқытпақшы.

8.02.16, Жаңалықтар

Көру саны: 55

Другие новости