«ЕСЕНОВТІК ОҚУЛАР»: ҮШІНШІ МАУСЫМ

«Академик Шахмардан Есенов және Қазақстанның металлогеникалық ғылымы» дәрісі қазақстандық университтерде өтетін қонақтық дәрістер сериясының үшінші маусымын бастайды. Дәрістердің ұйымдастырушысы – Ш.Есенов қоры.

«Есеновтік оқулар» бағдарламасын ағымдағы оқу жылында геология-минерология ғылымдарының докторы, халықаралық және қазақстандық Минералдық ресурстар академияларының академигі Элеонора Юсуповна Сейтмуратова ашатын болады. Дәрістің өту күні мен орны – қазан айының 6-жұлдызында Қ.Сәтбаев атын.ҚазҰТЗУ-да сағат 15:10 (Алматы, Сәтбаев және Массанчи көшелерінің қиылысы, конференц зал, 1-қабат). Тақырыпта айтылғандай дәріс барысында ғалымның еліміздің металлогенияның дамуына қосқан үлесі туралы баяндалады. Естеріңізге сала кетсек, Есеновтың 90 жас мерейтойы Қазақстанда келесі жылы аталып өтпек.

«Есеновтік оқулар» бағдарламасының жүргізушісі Григорий Ли атап өткендей, 2016-2017 оқу жылына үлкен шаралар жоспарланып отыр:

– Студенттердің назарына Кембридж профессоры Монту Саксена, АТФБанкінің Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов, азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі маманы Айнұр Әбсеметова, Оксфорда профессоры және сейсмогеолог Ричард Уокер, цирк әртісі Мұрат Мутурганов пен Finstar инвестициялық компаниясының директоры Евгений Тимко секілді кәсіпқойларды ұсынатын боламыз. Сонымен қатар дәріс беруші ретінде «Есеновтік оқулар» қатарына еліміздің альпинистер құрамасының капитаны Мақсұт Жұмаевты, ал наурыздың демалыстарына таман Қазақстанның ең мықты екі бірдей шахматшы қыздарын шақырамыз деген ойымыз бар. Әдеттегідей әр дәрісті бейнетаспаға жазып, қордың ютьюбтегі парағына жүктейміз. Осылайша бұл дәрістер мен қызықты тұлғаларды әлемнің кез келген бұрышынан көріп, тыңдау мүмкіншілігі болады.

Жоспардағы дәрістердің тізімінде бұдан басқа қордың Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Эльдар Ахметгалиевтің де дәрісі бар. Қазірде АҚШ-та өмір сүріп жатқан Эльдар отандасымыз Кремний алқабында еңбек етіп жатқан жас ғалым мен стартап бастаушысы. «Есеновтік оқулардың» тұсаукесері 2014-жылдың 3-қыркүйегінде Қ.Сәтбаев атын.ҚазҰТУда британдық сейсмолог ғалым, профессор Джеймс Джексонның дәрісінен өткен еді.  Сол уақыттан бері бағдарлама барысында 16 лектор дәріс оқып, 1800-ге жуық студент-тыңдармандарды жиналды.

4.10.16, Жаңалықтар

Көру саны: 73

Другие новости