АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЙРЕНЕТІН БОЛАДЫ

25 сәуірде Алматыда Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының студенттер мен оқытушылары арасында ағылшын тілінің деңгейін арттыруға арналған гранттарды ұсыну үшін жаңа конкурсы басталды. Бұл жолы 2013 жылдан бастап әрекет ететін бағдарлама Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүзеге асады.

— Қордың сайтында өтінім мен бағдарлама жөнінде қысқаша ақпаратты жарияладық. Оған Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттері мен оқытушылары қатыса алады. Аталмыш бағдарлама осыдан үш жыл қатарынан Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде жүргізілген бағдарламаға ұқсас болып өтеді, – деп қордың ағылшын тілі бағдарламасының үйлестірушісі Жадыра Сарманова хабарлайды.

Жоғарыда аталған бағдарламаны Ш. Есенов ат. КМТИУ-де өткізу нәтижесінде 192 студент және 64 оқытушы өзінің ағылшын тілінің деңгейін едәуір арттырды.

Конкурсқа жоғары оқу орнының оқытушылары мен келесі факультеттердің 2-курс пен 3-курс студенттері қатысады:

— жаратылыстану,

— инженерлік-технологиялық,

— инженерлік-экологиялық,

— экономика және ақпараттық технологиялар факультеті.

Өтінімдерді қабылдау 10 мамырда түн жарымға қарай тоқтатылатын болады. Конкурс екі тур бойынша өтеді. Бірінші турда ең көп балл жинаған 200 студент іріктеледі. Балдар толтырылған сауалнаманың сапасы, уәждемелік хаттың мазмұны және академиялық үлгерім (GPA) бойынша қойылады. Іріктелгендер екінші турға қатысуға жіберіледі. Өтінім берген барлық оқытушылар (ал олардың саны, болжам бойынша, көп болмайтын сияқты), автоматты түрде екінші турға өтетін болады. Конкурстың екінші турында Есенов ат. қордың және қордың бұл бағдарламасының серіктестері – Bonas Macfarlane Education тіл орталығының мамандарымен Қызылорда қаласында финалға шыққан студенттерге, сонымен қатар оқытушыларға тестілеу мен сұхбаттасу жүргізіледі. Ол, жоспар бойынша, биылғы жылғы 15-19 мамырда болып өтеді, ал 24 мамырда Есенов ат. ғылыми-білім беру қорының конкурс жеңімпаздарының – жаңа оқу жылынан бастап сабақтарды ағылшын тілінде сөйлеушілермен бастайтын студенттердің есімдері жарияланады.

— Бағдарлама 2 жыл бойы жалғасады және де оның шеңберінде, біз жоспарлағандай, Қызылорда жоғары оқу орнының шамамен 150 білім алушысы және оның 60 оқытушысы өзінің ағылшын тілінің деңгейін әжептәуір арттыруға мүмкіндік алады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өтініші бойынша құжаттарды байқауға қабылдау қыркүйектің 4-не дейін ұзартылды. Бұл оқу орнына жаңадан түскен бірінші курс студенттеріне де ағылшын тілі бағдарламасына өтінім тапсыруға мүмкіндік туғызатынын атап кеткен жөн. Сонымен, байқаудың екінші сатысы жоғары оқу орнынында қыркүйек айының басында өтіп, ағылшындық оқытушылармен бетпе-бет оқитын жеңімпаздарды айдың ортасына таман хабарлайтын боламыз. Мамырдың 18-жұлдызына студенттерден 90-нан аста, ал оқытушылардан 30-дан астам өтінім келіп түсті.

26.04.17, Жаңалықтар

Көру саны: 50

Другие новости