5 МАУСЫМ АРТТА ҚАЛДЫ

7 қазақстандық жоғары оқу орны, 18 кәсіби маман, 2500-ге жуық тыңдаушылар – бұл оқу жылының соңындағы академик Ш.Есенов қорының қонақтық дәрістерінің нәтижелері. «Есенов оқуларының» бесінші маусымы аяқталды.

Дәрістер әдеттегідей мазмұнды болып шықты.  Жеке мен үшін, бұл маусым алдыңғылардан тақырыптары мен дәріскерлердің әртүрлілігімен ерекшеленді. Қазақ тіліндегі кездесулер көбірек болды. Біздің спикерлеріміздің уақытты құрметтеуіне қол жеткізе алдым. Егер дәріс 45 минут болуы тиіс деп келіссек, ол сол уақыт аралығында өтеді. Бұл жас тыңдаушы тақырыпқа назар аудара алатын ең ұзақ уақыт екенін барлығы түсінеді. Кездесуге дайындық барысында мен студенттерден дәріскерге қойғысы келетін сұрақтарды жинаймын. Осының арқасында, дәріс студенттік аудитория үшін тиімді, әрі өте маңызды болып шығады. Жоғары оқу орындары бойынша біз өткен жылғы университеттермен ынтымақтастық қатынастамыз. Бұл «Есенов оқуларына» қызығушылық танытатын, серіктестікті қалайтын және орната алатындар жоғарғы оқу орындары.

Оффлайн дәрістерде барлық ниет білдірушілерді қамту табиғи себептермен мүмкін еместігін ескере отырып, сіз бағдарламаны онлайн-дамытуды қалай жоспарлайсыз?
Барлығы онлайн-жүйеге көшуде, сондықтан әрбір дәріс видеоға жазылып, монтаждалып, біздің YouTube-арнамызға жүктеледі. Ондағы видеолар бүгінгі күнде орта есеппен 40 000 рет қаралды. Бұл сан соншалықты үлкен емес, бірақ егер YouTube арнасындағы жұмысты енді бастағанымызды ескерсек онда бұл жаман көрсеткіш емес. Себебі ыңғайлы плейлисттер, баптаулар және тағы басқа жұмыстар жүйелену үстінде. Соңғы екі айда видеоларды көру саны екі есеге артты. Неліктен? Себебі, аудитория үшін арнаның мазмұны қызықты.

Қазір сіз 2019-2020 жылдарға “Оқуларды” жоспарлау үстіндесіз. 6 маусымды қалай толықтырғыңыз келеді?
Қажеттіліктерді анықтау үстіндемін,  жоғары оқу орындарының тілектерін ескеру үшін олармен тығыз жұмыс жасап жатырмын.  24 тамызда KIMEP университетінде жоғары сынып оқушыларына арналған Find Your Way іс-шарасын бастаймыз. Әр түрлі салалардағы бірнеше сарапшылар оларға өз ресурстарын пайдалануды және студенттік жылдарды қалай тиімді өткізуге болатындығын үйретеді. Мұндай жобаларды жылына төрт ретке дейін өткізуді жоспарлап отырмыз. Іс-шара бірнеше сағатқа созылатын болады, оған бірнеше сарапшылар қатысады. Іс-шара бірнеше сағатқа созылатын болады, оған бірнеше сарапшылар қатысып, бір ауқымды тақырыпты әр түрлі қырынан ашады. Бізде Today I Learning (TIL – шет тілдерін оқытудың пайдасы мен мүмкіндіктері туралы) сияқты өткен жобалардың тәжірибесі бар, енді алда Find Your Way жобасы. Бұл дәрістерге қатысатын оқушылар өмірде не істеу керектігін, қайда бару керектігін түсінеді. Ал қыркүйек айында «Есенов оқуларында» саясаттану ғылымдарының докторы Саясат Нұрбектің Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәрісі жоспарланған. Ал қазан айында жобаға Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) негізін қалаушы және президенті Олжас Сатиев қосылып, қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы кибершабуыл мәселесі туралы баяндайды. Алдағы маусымда Спорт және салауатты өмір салты тақырыбына қайта оралуды жоспарлап отырмыз. Бұл саладағы сарапшылар біздің жобаларға көптен бері қатысқан жоқ. Жалпы, 6 маусым да өте қызықты болады, – деп уәде берді Григорий.

Есенов атындағы қордың «Есенов оқулары» 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қор өз салаларындағы жетекші сарапшылармен қонақ дәрісін өткізу арқылы қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының студенттеріне ой-өрісін кеңейтуге және кәсіби, тұлғалық және мансаптық өсу үшін қосымша білім алуға мүмкіндік беруде. Дәрістер туралы хабарландырулар үнемі университеттердің және қордың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда жарияланады.

25.06.19, Жаңалықтар

Көру саны: 896

Другие новости