19 қазақстандық Есенов стипендиясын алды

Сәуір – Шахмардан Есенов шәкіртақыларын табыстаудың дәстүрлі айы. Академиктің есімі берілген ғылыми білім беру қоры 500-ден астам жас қазақстандық студент арасындағы байқауды 10-шы рет өткізіп, 19 жеңімпазды таңдап алды. Олар кімдер? Біздің сұрақтарымызға бағдарламаның үйлестірушісі Айгерім Султан жауап береді.

Есенов шәкіртақысына арналған байқауға қатысқан жастар туралы айтып берсеңіз.
Байқауға 503 өтінім келіп түсті. Биылғы жылы жігіттерден гөрі, қыздардан өтінімдер көбірек болды – осы ретте 2 есе көп деуге болады: 163-ке қарсы 339. Шамасы, бағдарламаның ережесін барлық қатысушылар мұқият оқымаған, сондықтан бізге интерндер мен магистранттардан да өтінімдер келіп түсті. Алайда, ереже бойынша биылғы жылы байқауға тек қана бакалаврлар қатыса алады. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім алушылары шәкіртақыға көбірек қызығушылық танытты (54 өтінім), сондай-ақ ҚарМТУ (Қарағанды), Астана Медициналық университеті, Nazarbayev University (Астана) және Yessenov University (Ақтау) студенттерінен көп өтінімдер алдық.

Ал географиясы қандай: қай қалалардың тұрғындары өтінімдерді көбірек берді?
Тұрақты көшбасшы Алматыдан басқа – 67 өтінім, өтінімдердің саны бойынша Шымкент (54), Қарағанды (40), Тараз (26), Ақтау (25) және Қызылорда (24) тұрғындары ерекшеленді.

2023 жылғы Есенов шәкіртақысына үміткерлер өткен жылдар байқауларының қатысушыларынан немен ерекшеленеді?
Жалпы алғанда, 2023 жылы келіп түскен өтінімдердің сапасы өткен жылдармен салыстырғанда біршама төмен. Бірақ мұның орынды түсіндіруі бар: байқауға біз магистранттарды жоққа шығарып, тек бакалавриат студенттерін ғана жібердік. Негізінде тәжірибе көрсеткендей, студенттердің деңгейі бойынша осындай әртүрлі санаттарын бір байұауға біріктіру жөнсіз болады. Өткен жылдары жеңімпаздарды магистранттар арасынан көбірек алдық, ал олар бакалавриаттарға қарағанда, қаржылық тұрғыда көбірек қамтамасыз етілген адамдар болғандықтан, шәкіртақыға соншалық мұқтаж емес еді. Кейбір жастар үшін келесі сәттердің шешуші болғанын және олардың сайыстан шығып қалғанын атап өтейін. Бұл қандай қателіктер болды?

Біріншіден – биылғы жылы байқауға қатысқан, қордың өткен жылдардың басқа бағдарламаларының жеңімпаздары шәкіртақының оларға әдепкі қалпы бойынша беріледі деп санады. Алайда, бұл олай емес. «Мен мықтымын, себебі мені бір кезде жеңімпаз етіп таңдады» деген позицияға сүйеніп, жеңіске жетуге болмайды. Біздің бұрыңғы жеңімпаздарымызға біз «жаңадан қатысатындардан» гөрі, жоғарырақ талаптар қоямыз. Екіншіден – біз шынайылық пен адалдықты жоғары бағалаймыз. Осы маңызды сәттердің жоқтығы жазылған эсседе немесе сұхбаттасу кезінде қатты байқалады. Үміткерлер біреудің пікірін немесе жауабын беріп жатқан кезде – бұл бізге айқын көрінеді. Және осындай үміткер бірден шығарып тасталады. Үміткердің жеке пікірін «жақсы», бірақ бөтен пікірден гөрі көбірек бағалаймыз. Тұлға әрдайым өзінің пікірін білдіруге тиіс –жеңімпаздарымыздың өзге қасиеттерінің арасынан іздейтініміз де осы.

Биылғы жылдың жеңімпаздары туралы не айта аласыз?
Олардың арасында үш білім алушы Қазақстанның ең күшті жоғары оқу орындарының бірінен – Nazarbayev University, солтүстік-қазақстандық  Kozybayev Uniersity оқу орнынан, Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан және Қарағанды медициналық университеттен – екі білім алушыдан шықты. Сондай-ақ жеңімпаздар арасында Satbayev University және еліміздің түрлі өңірлерінде орналасқан тағы 7 жоғары оқу орнында білім алады. Жеңімпаздардың басым бөлігі  – 16-сы – 2-ші және 3-ші курс студенттері. Олар Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Петропавл және Өскемен қалаларынан.

Биылғы жылы Ш. Есенов шәкіртақысының иегерлері оқитын мамандықтарды атап өтсеңіз.
Олар сан алуан, және кейбіреулердің өкілдері қор жеңімпаздарының тізіміне алғаш рет кірді. Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, қоғамдық денсаулық сақтау, физика, механикалық және аэроғарыштық инженерия, робототехникалық, интеллектуалды жүйелер және аспап жасау, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, ақпараттық технологиялар (Data Science), робототехника және мехатроника.

Академик Шахмардан Есенов шәкіртақысының иегерлері қандай соманы және қай уақыт аралығында алады?
Байқау жеңімпаздары 2023 жылғы мамырдан бастап желтоқсанға дейін 8 ай бойы айына 40 мың теңге мөлшеріндегі шәкіртақы алады, және де келісімшарттың талаптарына сәйкес жаңа оқу жылының бірінші сессиясын жабатын болса, онда 2024 жылғы сәуірге дейін шәкіртақыны алуды жалғастырады. Бір жылға Есенов шәкіртақысының иегері болып атанады.

19.04.23, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 222

Другие новости