YDL ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНДЕ 15 ҮЗДІК БІЛІМ АЛАДЫ

Yessenov Data Lab (YDL) бағдарламасының байқауы аяқталды. Yessenov Foundation ұсынған 20 гранттың ішінен тек 15-і ғана өз иегерін тапты. Бұл жағдайға қатысты «Неліктен 20 емес, 15?» деген орынды сауал туындауы мүмкін. Осы сұраққа іріктеу комиссиясының мүшесі, информатика ғылымдарының докторы Тимур Бакибаев өз пікірін білдірді.

– Біз небәрі 15 студентті таңдадық, өйткені олардың білімі қалған үміткерлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды. Қосымша бес адамды топқа қосу – оқыту қарқыны мен топ ішіндегі өзара динамикаға кері әсерін тигізер еді. Тестілеу барысында біз нәтижелерді мұқият тексердік. Себебі ашық қолжетімділікке шыққан жаңа жасанды интеллект құралдарына байланысты қосымша қауіптер туындады. Бұл көшіріп жазу немесе сырттан көмек алу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде іріктеу нәтижелеріне де түзетулер енгізілді. Өкінішке қарай, бір компьютерден бірнеше адамның тест тапсыруы, сондай-ақ тест барысында экрандар арасында шамадан тыс ауысу жағдайлары анықталды, — деп түсіндірді сарапшылар.

Еске сала кетейік, академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырған байқаудың соңғы кезеңіне 33 үміткер өтті. Олардың тек 29-ы ғана сұхбаттасу кезеңіне қатысты. Төрт үміткер әртүрлі себептермен байқаудан шығып қалды: басқа гранттық бағдарламада жеңіске жету, отбасылық жағдайлар және тағы басқа себептер.

14 үміткер бізд қойған тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере алмады. Сұхбат барысында үміткерлердің тестілеуден алған нәтижелерін де ескердік. Тест сұрақтарына адал жауап берілмеді деген күмән туған жағдайда (мысалы, топтық жауаптар, жасанды интеллект құралдарын қолдану, өздігінен орындамау), біз тақырыпты тереңірек ашатын қосымша сұрақтар қойдық. Нәтижесінде Yessenov Data Lab бағдарламасына өтініш берген 136 адамның ішінен нағыз мықтылар мен үздіктерді таңдадық деуге толық негіз бар, — деп атап өтті Narxoz университетінің Цифрлық трансформация институтының директоры Тимур Бакибаев.

Біз YDL бағдарламасының іріктеу барысына қатысқан өзге де сарапшылардан пікір алдық.

YDL бағдарламасының серіктесі – AlmaU университетінің (YDL серіктес университеті) Цифрлық технологиялар мектебінің деканы, математика ғылымдарының докторы Қуаныш Әбішев: – Байқауда жеңіске жете алмағандардың негізгі себептерінің бірі – білім деңгейі мен мотивацияның төмендігі. Көп жағдайда үміткердің жазғы мектептен нақты пайда көретіні анық байқалмады. Мұндай қатысушылар бүкіл топтың даму қарқынын бәсеңдетуі мүмкін еді.

КБТУ тьюторы Әлібек Әділжан:
– Кейбір үміткерлер іріктелген қатысушылармен салыстырғанда айтарлықтай әлсіз болды. Бұл – логикалық ойлау қабілеті жақсы дамығанымен, алайда әзірлеу тәжірибесі жоқ болғанда нәтиже бермейтін жағдай. Мұндай тәжірибесіз YDL сияқты күрделі бағдарламаны меңгеру іс жүзінде мүмкін емес, – деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Yessenov Foundation YDL 2025 талдаушыларына арналған жазғы мектеп 16 маусымда басталады. Оқудың алғашқы екі аптасы онлайн, соңғы екі аптасы Алматы қаласында офлайн форматта өтетін болады.

YDL бағдарламасы

YDL 2025 жеңімпаздар тізімі

9.06.25, Жаңалықтар

Көру саны: 127

Другие новости