КРЕМНИЙ АЛҚАБЫНДА 12 АПТА

Қазақстандық ZeroToOneLabs.com компаниясының бастамасымен, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен, мобильді қосымшаларды жасау nFactorial Challenge чемпионаты Қазақстанда өтпекші.

Чемпионат еліміздің Алматы, Қарағанды және Астана қалаларында өтеді. Шараны өткізудегі мақсат – бұл қазақстандық мобильді қосымшаларды жасаушылардың деңгейін олардың ең үздіктерін жазғы nFactorial Incubator 2017 бағдарламасына іріктеу арқылы арттыру. Бағдарламаға қатысушы әрбір жасаушы өзі құрған біртума қосымшаны іс жүзіне асырады деп күтілуде.

– Алдағы 5-жылдыққа көздеп отырған мақсатымыз – елімізде әлемдік деңгейге сай келетін 10.000 әзірлеушіні даярлау және 10.000 мобильді өнімді іске қосу. Алдағы чемпионаттың ережелері оңай: әрбір қатысушының бес адамнан тұратын қазылар алқасына өз өнімі жайлы әңгімелеп беру үшін тек 2 минуттай ғана уақыты болады (слайд-таныстырылымды пайдалана отырып), – деп атап өтті ZeroToOneLabs.com бас директоры Арман Сүлейменов.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына Астана қаласында орын тепкен ірі ІТ -компаниясы Open Technologies Group-тың негізін қалаушы Қайрат Ахметовпен ІТ-секторында инновациялардың ендірілуімен және хакатондарды (әзірлеушілердің форумы, олардың өткізілуі барысында олар қандай да бір мәселені шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді) өткізумен айналысатын, ірі сауда орталығының бөлімшесі болып табылатын Mega Startup Lab басшысы Рашид Дюсембаев. Қазылар алқасының құрамына Ш.Есенов атындағы қордың қызметкерлері де кіреді.

– Чемпионаттың үш жеңімпазының әрқайсысы қордан $10.000 сомаға білім грантын алады, – деп нақтылап өтті өз сөзінде Академик Есенов атындағы қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева. – Бұл грантқа балалар Кремний алқабының стартап-инкубаторларының бірінде өнімді 12 апта өткізіп, мол тәжірибе жинақтай алады және Қазақстанға оралып, жинақталған тәжірибені молынан іске асыра алады.

Чемпионаттың қалған қатысушылары – жалпы олардың саны шамамен 50 адам болады деп күтілуде – инкубатордағы тағылымдаманың ақысын өз бетімен немесе демеушінің көмегімен төлей алады. Чемпионат Алматы қаласында 21-ші қаңтарда Қазақстан-Британ техникалық университетінде басталып, 28-ші қаңтарда Қарағандыда жалғасып, 11-ші ақпанда Астанада аяқталады. Әрбір күн аяқталғаннан кейін бір жеңімпаз жарияланып отырады.

ZeroToOneLabs.com – бұл өзінің бірегей мобильді өнімдерін шығаратын және мобильді қосымшаларды әзірлеушілерді оқытумен айналысатын қазақстандық компания.  2015-ші жылғы мамырда құрылған күннен бастап ол 110-нан астам мобильді қосымшаны іске қосып, 200-ден астам инженер мен дизайнерлерді оқытып шығарды.

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 2013 жылы Қазақстанның білімі, ғылымы мен инновацияларды жетілдіру мақсатында құрылды. Осы жылы Академик Есеновтың туғанына 90-жылдық мерейтойы аталып өтіледі.

19.01.17, Жаңалықтар

Көру саны: 54

Другие новости