Жұлдыз Қуаныш

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау. Ағылшын тілі бағдарламасының қатысушысы.

Жұлдыз Қуаныш 25 жаста, Қарағанды ​​медициналық университетінің докторанты. Бір жыл бұрын ол академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми білім беру қорының бағдарламасының іріктеуінен өтіп, бір жыл бойы ағылшын тілін оқыды. Курстың ең үздік студенттерінің бірі ретінде қазақстандық бойжеткен қор есебінен IELTS емтиханын тапсыру құқығын жеңіп алды. Осы шешуші емтиханды тапсыратын күнді бізде бірге күтудеміз.

Сіз қай жақтың тумасы боласыз?
Қарағанды ​​облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келдім. Мен үшін бұл шаршаған кезде келіп, балалық шақтағы жылулық пен қамқорлықты сезінетін қала.

Неліктен қоғамдық денсаулық сақтауды мамандық ретінде таңдадыңыз?
Әрқашан осы салада жұмыс істеуді армандайтынмын. Алайда, мектепті бітірген кезде бұл мамандықтың бар екенін білмедім. Менің атам Қарағанды ​​медициналық университетін бітіргендіктен (ал, ол мен үшін үлгі), меніңде тек осы оқу орнына оқуға түскім келді. Ал, мамандық таңдауда маған әпкем көмектесті. Докторантурада да қоғамдық денсаулықты зерттеуді жалғастырудамын.

Сізге ағылшын тілі не үшін қажет, неліктен Есенов атын. қордың ағылшын тілі бағдарламасына қатыстыңыз?
Байқауға қатысуға өтініш бере отырып,  сөйлеу шеберлігімді арттырғым келетіндігін анық түсіндім. Ол кезде магистратураны бітіріп, докторантураға түсуді жоспарлап отырғанмын, ал ол үшін IELTS емтиханын тапсыруым керек еді.  Тілді білу жаңа мүмкіндіктерге, әлемдік ғылыми әдебиеттерге қол жеткізуге жол ашады. Зерттеуші ретінде мен үшін ағылшын тілінде мақала жазу мүмкіндігі өте маңызды.

Ағылшын тілін бір жыл бойы оқу қалай болды?
Тобымды, материалды игеруге көмектескен ойындарды ерекше жылулықпен еске аламын. Мен үшін ең қызығы тақырыптарды мұғалімнің өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып түсіндірген кездегі әңгімелері болды. Сабаққа жұмыстан кейін баратынмын, сондықтан болар, мен үшін бұл қоршаған ортаны өзгертуге мүмкіндік беретін, тіпті демалып, мұғалім мен топтан мотивация алатын жер болды.

Жұлдыз, алдағы жоспарларыңыз қандай?
Докторлық дәрежені қорғағаннан кейін, студенттерге сабақ беруді бастасам және тәжірибеммен бөліссем деп армандаймын. Маған студенттермен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды.

Қандай қызығушылықтарыңыз бар және бос уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?
Бес жүзінші рет Гарри Поттерді қайталап көруге уақыт бөлгенді ұнатамын. Жүгіруді жақсы көремін, әсіресе күн әлі шықпаған немесе батқан кезде. Өз ойларыммен жалғыз қалғанда ерекше рахат сезімге бөленемін. Өзім үшін картадан жаңа жерлерді ашып, саяхаттағанды ұнатамын.

Мүмкін болса, отбасыңыз туралы айта кетсеңіз.
Отбасым туралы тоқтаусыз әңгімелей аламын. Менің ата-анам  менің қаһармандарым. Олар төрт қызын тәуекелге барудан қорықпауға, әділеттілікке сенуге және қажымай-талмай еңбек етуге үйретті. Менің әпкелерім менің тірегім, үлкен әпкем Мөлдір, қоғамның айыптауына қарамай, өз армандарыммен жүруге үйретті. Екіншісі – Айнұр – қиындықтарға қарамастан нағыз ханым болып қалуға үйретсе, ал ең кішіміз – Жаңыл – маған өмір сүруге күш береді.

23.10.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 156