Нүрия Абдылдаева

Мамандығы: нанотехнологиялар мен наноматериалдар. Есенов шәкіртақысының иегері.

ҚБТУ-дың магистранты Шымкенттің тумасы. Бала кезінен кітаптардың, Дисней комикстерінің және сүйікті отбасының ортасында өсті. Ер жетіп, академик Ш.Есенов атындағы қордың ғылыми тағылымдама байқауына қатысты, алайда, жеңіске жете алмады. Бірақ, бұнымен берілген жоқ, басқа байқаудың сынақтарынан өтіп, Есенов шәкіртақысынң иегері атанды. Оның хикаясы енді ғана басталған шәкіртақы байқауының жаңа қатысушыларына жігер берері анық. 

Қордың басқа байқауында бағыңызды сынап көруге Сізді не итермеледі?
Таңғарарлығы, дәл ғылыми тағылымдама байқауындағы жеңілісім. Шетелдік тағылымдамадан өткім келеді. Оңтүстік Кореяда мені қызықтыратын зертхана бар. Тіпті сол зертхана директорымен сұхбаттан да өттім, алайда пандемияға байланысты қазір ол жаққа бару мүмкін емес болып тұр. Сондықтан да, мен өз арманымнан бас тартпай, оған жету жолында шәкіртақы бағдарламасына қатысып, жеңіске жеттім.

Жеңіске жету үшін Сіз өз бойыңыздан нені өзгерттіңіз?
Байқау барысында психолог маған өзімнің артықшылықтарымды қалай атап өту керектігін білмейтінімді айтты. Мұны мақтаншақтық деп санайтынымды мойындадым, және де жетістіктерімнің тізімі менің түйіндемеімде көрсетілген. Психологгтың пікірін ескергендіктен жеңіске жеттім деп ойлаймын.

Бұл мамандыққа қызығушылық қайдан пайда болды? Жалпы «нанотехнология» ұғымының артында не жасырулы?
Бакалавриатты бітіргеннен кейін энергияны сақтау жүйелері жөніндегі ғылыми жобада ғылыми көмекші болып жұмыс істедім. Жасыл энергияны көбірек зерттей бастадық. Менің ойымша, біз бұл бағытқа көбірек мән беруіміз керек.

Нанотехнология – жекелеген атомдар мен молекулаларды манипуляциялау арқылы берілген атомдық құрылымы бар өнімді өндіру әдістерінің теориясы мен практикасымен айналысатын ғылым саласы. Мен үшін бұл жаңартылатын көздерден энергия өндіруге мүмкіндік беретін құрал, сонымен қатар бұл бүгінгі таңдағы барлық басқа ғылымдарға жол ашады.

Магистратура бітірген соң қандай мамандық иесі боласыз?
Материалтанудың
маманы боламын. Бұл мамандықтың иелері, әдетте, ғылыми жобаларда ғылыми көмекші болып жұмыс істейді.

Есенов шәкртақысы Сізге қалай көмектесіп жатыр?
Өз-өзімді дамыту жолындағы қаржылық кедергілерді еңсеруде: курстар, тренингтер, басқа дағдыларды үйренуге арналған қосымшалар, психоанализ сессиялары, міне осыларды шәкіртақының көмегімен төлеймін.

Алдағы бірнеше жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Магистратураны бітіргеннен кейін қысқа үзіліс жасап, физикалық және психикалық денсаулығымды жақсартуға назар аударғым келеді. Coursera көмегімен басқа саланы оқып, зерттеуді бастауды жоспарлап отырмын. Ал, одан кейін докторантураға түсетін шығармын.

Тұрмыста екеніңізді және кішкентай ұлыңыз бар екенін білеміз. Отбасы, жұмыс пен оқудан басқа өміріңізде қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Өз-өзімді жүзеге асыруды жоспарлау менің сүйікті хоббиім сияқты. Кітаптар оқығанды ​​және кайдзен сияқты әртүрлі жоспарлау әдістерін қолданғанды ​​ұнатамын. Менің ойымша, әлі күнге дейін өзімнің икигайымды іздеп жүрмін, бірақ финалға жақынмын. Жақында жүзуді үйрендім, жүзудің басқа да стильдерін игеруді жалғастырудамын. Жыл соңына дейін еш бір үзіліссіз 2 шақырымға дейін жүзгім келеді.

25.01.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 653