Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2021

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 17 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 17

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет…

Міндетті құжаттар:

    •  Жеке куәлік көшірмесі;
    • «Қазақстанның білімі және ғылымы үшін не жасадым және не жасығым келеді? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпта уәждемелік хат (.doc, .docx, .pdf);
    • Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
    • Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).

Қосымша құжаттар:

    • Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
    • Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
    • Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
    • Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2021 ж. 26 ақпанға дейін

*Өтінімді қабылдау 2021 ж. 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.

Барлық өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.

Ереже
Downloaded: 433, Size: 74 KB
2-ші кезең қатысушылары
Downloaded: 284, Size: 13.9 KB
Жеңімпаздар
Downloaded: 189, Size: 12.1 KB

Көру саны: 208