Мансур Шәкіпов

Мамандығы: математика, компьютерлік ғылымдар. Тағылымдама: Нью-Йорк университеті, АҚШ.

Мансур Қарағандының тумасы, жасы 27-де, компьютерлік ғылымдар факультетінде бакалавр дәрежесін бітірді. Shakhmardan Yessenov Foundation грантын жеңіп алған жас қазақстандық Нью-Йорктегі Курант математика ғылымдары институты тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманы сәтті аяқтаған Мансур докторантураға түсіп, қазір веб-бағдарламалау мектебінде оқитын сегіз жасар қарындасына Python бағдарламалауды үйретті. Бұл материалда отандасымыздың тағылымдамасы және оның америкалық ашулары туралы білетін боламыз.

Математиканы және компьютерлік ғылымдарды зерттегіңіз келетінін қашан және қалай түсіндіңіз?
Математика маған балабақша кезінен бастап қатты ұнады, ал бағдарламалауға деген қызығушылық университеттің бірінші курсында пайда болды. Екінші жылдың соңында мені сандық әдістер қызықтыра бастады — яғни, қолданбалы есептерді шешуде компьютерлік алгоритмдер қолданылатын кезде. Екі мамандықты білу – үлкен артықшылық.

Есенов қорының байқауын қалай жеңіп алдыңыз?
Өмірде мен «тежегішпін», үнемі маңызды мәселелерді кейінге қалдырып жүремін, сондықтан қорға қажетті құжаттар пакетін мерзімнен жарты сағат бұрын жібердім. Сонымен қатар, мен алаңғасармын: екінші турға 15 минут кешігіп келдім. Алайда кешігіп қалдым деп жабырқамадым, үрейімді кейінге қалдырдырып қойдым.  Бұл кемшіліктердің өз артықшылығы бар – стресс жағдайында тиімді жұмыс істей аламын.

Тағылымдамада немен айналыстыңыз?
Профессор Александр Доневтың
басшылығымен тағылымдамадан өттім, ал Курант математикалық ғылымдар институты әлемдегі қолданбалы математиканың ең керемет орталықтарының бірі. Біз коллоидтық бөлшектерді, яғни сұйық арқылы қозғалатын ұсақ бөлшектерді зерттедік. Теориялық тұрғыдан олар объектілерді энергиямен тиімді тасымалдауға мүмкіндік береді. Тағылымдама кезінде алынған есептеулерді тездету үшін параллельде дәйекті түрде жазылған кодты қайта жазып шықтым.

Нью-Йорк университетінде тағылымдамадан өту кезінде өз мақсаттарыңызға жеттіңіз бе?
Иә, себебі, сол жазда докторантура кезінде өте пайдалы болатын көптеген дағдыларды игердім. Есептеуді жүргізетін бағдарламалық кодты жақсарту бойынша жұмысты сәтті аяқтадым. Ал, доктор Донев маған көп ядролы процессорларда масштабты модельдерді қалай дұрыс жүргізуді және нәтижелерін шығаруды үйретті. Сонымен қатар, мен жауапкершілікке үйренген сияқтымын.

Нью-Йоркте саған не қызықты болды?
Дәл сол жерде неон белгілерімен, жарықтандырылған аттракциондармен және Таймс Сквер панельдерімен ең атмосфералық фотосуреттерімді түсірдім. Әлемдегі ең үлкен ойын-сауық саябақтарының біріне – Нью-Джерсидегі Six Flags-те болдым. Кішкентай Tarrytown ауылына қалай тап болғанымды да ұмытпаймын. Күнді тыныш, жайлы және бейқам жерде өткізу өте ерекше болды.

Америка несімен таң қалдырды, қандай қиындықтар болды?
Нью-Йорктегі метроның тәулік бойы жұмыс істейтіні қатты ұнады: жол жүру картасын сатып алып, күннің кез-келген уақытында метро кеңістігінде серуендей аласыз. Нью-Йоркте баспана табу қиын болды – қала арзандардың қатарынан емес. Пәтер туралы, Манхэттен туралы да бірден ұмытуға болады. 🙂 Жаңа тағылымдамадан өтушілерге баспананы метро бар жерлерден (мысалы, Куинс) іздеуді ұсынамын. Бұл негізінен тұрғын үйлер ауданы, алайда таза және тыныш. Манхэттенге дейін 40-50 минут, бірақ бұл кез келген жерде және кез-келген адаммен өмір сүргеннен жақсы.

Алда қандай жоспарларыңыз бар, Мансур?
Fortran
тілімен көптен бері танысқым келген болатын — ол ғылыми есептеулер үшін арнайы жасалынған, оған да қол жеткіздім. Бакалавриаттың соңғы семестрінде тек магистранттарға берілетін «Дифференциалдық теңдеулердің сандық шешімдері» қосымша курсын алдым. Бұл тағылымдама осы бағытта жұмыс істеуге деген ықыласымды күшейтті. Қолданбалы математика бойынша бірнеше PhD бағдарламаларына өтініш беріп, нәтижесінде Мэриленд университетіне толық грантқа оқуға түстім. Жақын  күндері бірінші семестр басталады.

Математикадан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Мен фотографпын, түнгі жарық астында суретке түсіргенді ұнатамын. Анда-санда оригами жасаумен айналысамын. Жазда көбіне воркаутпен айналысамын. Жаз бойы жаңа элементтерді үйренемін, алайда келесі жылда оларды орындауды ұмытып қаламын. 🙂

18.08.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 68