«Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама» бағдарламасы – 2019

«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге  халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант конкурсын  жариялайды.

2-3-ші курс студенттеріне 10 грант және бакалавриаттың, магистратураның соңғы курс студенттері мен жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге 7 грант қарастырылған.

ЕГЕР СЕН:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • Сенің мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • Сен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
  • Сенің бұл салада ғылыми жобаларың немесе ерекше жетістіктерің бар болса;
  • Сен ғылыммен айналысқың келсе және де мұны дәлелдей алсаң;
  • Сенің Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.

Онда сенің: грантты ұтып, 2019 жыл жазында ғылыми тағылымдамаға баруға  мүмкіндігің бар.

Бұл үшін 2018 жылғы 5 қарашадан бастап 9 желтоқсанға дейін өтінімді толтыру және оны келесі құжаттар пакетімен бірге жіберу қажет:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессиялар);
  • бакалавриатты аяқтау туралы дипломның және транскриптің бағалармен бірге көшірмесі (магистранттар мен жұмыс істеп жатқан қызметкерлер үшін);
  • ғылыми жұмыстар конкурстары дипломдарының, сертификаттарының көшірмелері;
  • «Менің тағылымдамам: ғылым үшін не істедім және болашақта не істеймін» тақырыбына арналған эссе;
  • ғылыми жетекшінің ұсынымы;
  • жоғары оқу орнының проректоры/ректорынан немесе ғылыми жетекшісінен мінездеме;
  • резюме.

Өтінімді және құжаттар пакетін қордың мына электрондық мекенжайына жіберу қажет: info@yessenovfoundation.org

Сонымен қатар біздің құжаттар пакетін алғанымызды растау үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: + 7 727 346 92 88.

2019 жылдың 9-қантарында біз байқаудың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің аты-жөнін жариялаймыз, ал айдың соңында 2019 жылғы ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздар тізімі белгілі болады.

Ережелер
Downloaded: 270, Size: 36.8 KB
Өтінім
Downloaded: 2074, Size: 30.9 KB
Жеңімпаздар тізімі
Downloaded: 272, Size: 221.1 KB

 

Көру саны: 163