Әсел Ежикова

Мамандануы: жалпы медицина. Машықтану: Tufts University, Jean Mayer Human Nutrition Research Center on Aging.

21 жас, алматылық, Асфендияров атын. ҚазҰМУ студенті, 2015 жылы жазғы машықтануды Тафтс Университетінде өтті.

1. Осы мамандануды неліктен таңдағаныңыз жайлы айтсаңыз?
Ұлы Сократ: «Әлемдегі барлық мамандықтар адамдардан, тек үшеуі ғана құдайдан» деген екен. Соған қарағанда, судья, педагог және дәрігер өз қабілетін жоғарыдан алады. Дәрігердің кәсібі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл барлық күш-жігерді және де жан жомарттығын талап ететін, сонымен қатар өте қажетті мамандық. Үнемі ақ халатты жандарға сүйсіне қарайтынмын, олар мен үшін құдды бір қаһарман болатын.  Менің осы қызығушылығым нақты өмірлік ұстанымыма айналды.

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз?
АҚШ-тағы жазғы машықтануға іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде толық құжаттармен бірге «Маған Ph.D. дәрежесі  … үшін керек» тақырыбында эссе жазу керек болды.  Ары қарай сұхбаттасу өтті. Бұл кезеңде ең бастысы үрейленбеу. Алға қойылған тапсырманың шешу жолдарын іздестіру, ойлау үдерісін көрсете алдым.  Финалисттер тізіміне кіргенімді білгенде қуандышыма шек болған жоқ.

3. Машықтанудың жалпы сіз үшін пайдасы, сонымен қатар қандай қызықты жайттар болды?Үш айлық машықтануды мен АҚШ-тың  студенттік астанасы Бостон қаласында өттім. Бұл қалада әлемге танымал оннан астам жоғарғы оқу орындары орналасқан.  Осы оқу орындарының түлектері Американың бетке ұстар саясаткерлері мен ғалымдарының бесігі. Машықтану кезінде үздік университеттердің ең дарынды студенттерімен танысу мүмкіншілігін алдым.  Осындай студенттер арасында бәсекелестік өте жоғары – бәрі де жақсы баға, ең үздік деген зерттеу ұжымдарындағы орындар үшін жарыса бәсекелеседі. Бірақ та бәсекелестік оларды шабыттандырады.  Біздің елдегі көптеген студенттер үшін осындай бәсекелестік рух, өзіне деген сенімділік және де позитивті ойлау жеткіліксіз деп ойлаймын.

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Машықтану маған кәсіби тұрғыдан дамуда көп нәрсе берді деп айта аламын. Енді менің ең үздік зертханалардың қалай жұмыс жасайтынынан хабарым бар.  Машықтану барысында алған білімім мен тәжірибелерімді өзімнің ең басты кәсіби мақсатым – Америка университетінің Ph.D бағдарламасына түсуге қолданамын.

14.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 83