Надир Жамантай

Мамандығы: органикалық заттардың химиялық технологиясы. Есенов шәкіртақысының иегері.

Әл-Фараби атын. ҚазҰУ бакалавриатының 3-курс студенті небәрі 19 жаста. Надир Талдықорған маңындағы Қарабұлақ ауылының тумасы. Ол зиялы отбасында тәрбиеленді. Жас жігіт барлық 12 ата-бабаларының есімдерін жатқа біледі. Оның бүгінгі күні – өз кәсібін жетілдіруге ұмтылу, Еуропада магистратураға түсу жоспарлары және академик Ш.Есенов атын. қордың шәкіртақы байқауының жеңімпазы мәртебесі.

Балалық шағыңыздан ең жарқын естеліктеріңіз қандай?
Ең бірінші ойыма келетіні әкеммен балық аулауға барғаным. Біз Көксу өзенінде ханбалық ауладық, сол кезде ең бірінші балықты ұстау бақыты маған бұйырды.  Мұндайды ұмытуға бола ма?

Неліктен дәл осы мамандықты таңдадыңыз?
Бірде, 9-сыныпта оқып жүрген кезімде қала көшелерінде қоқысқа толы пакеттерді көріп, табиғатқа тиіп жатқан зиян туралы ойладым. Жақсылап ойланып-толғанып, «химиялық технология» мамандығына оқуға түсу туралы шешім қабылдадым. Химиялық технология маманы – күрделі, нақты, жауапты, бірақ сұранысқа ие және өзекті мамандық. Мен үшін, балаларым мен немерелерім қай жерде және қандай экологиялық жағдайда тұратыны маңызды. Маған ғылымда мұнай өндіру мен тасымалдау процестерінің экологиялық тазалығына қалай қол жеткізуге болатынын зерттеу қызықты.  Мысалы, тасымалдау кезінде мәселені қоспалар қосу арқылы шешуге болады. Жалпы, адамзат үшін ғылымды планетаға зиян келтірместен дамыту мәселесін шешу маңызды деп санаймын.

Бір жылдан кейін бакалавриатты тамамдайсыз, одан кейін қандай жоспарларыңыз бар?
Магистратураға оқуға түсемін, ең алдымен Германия университеттерің біріне.

Есенов атын. қордың шәкіртақы байқауына неліктен қатысуға шешім қабылдадыңыз?
Бірінші курста кураторымыз бізді қор бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен студентпен таныстырды. Сол кезде алғаш рет қордың бағдарламалары туралы біліп, қызығушылық танытып, шәкіртақы байқауына қатысуға шешім қабылдадым. Мен үшін бұл тек сын-тегеурін ғана емес, сонымен қатар өз мүмкіндіктерімді тексерудің бір жолы болды.

Байқаудың 500 қатысушысының ішінен дәл Сізді неге жеңімпаз ретінде таңдады деп ойлайсыз?
Менің ойымша, әр кезеңде өз білімімді, жетістіктерімді, қасиеттерімді көрсете алдым. Финалда, мысалы, біздің логикамызды, эмоционалды интеллектімізді және төтенше жағдайларда ойлау қабілетімізді тексерді.  25 шәкіртақы иегерінің бірі болдым, демек, мен бұған лайықпын.

Қандай жеке қызығушылықтарыңыз бар?
Жас кезімнен романтикалық және батыл бас кейіпкері, сонымен қатар ғылыми фантастикаға орын бар классиканы оқығанды ұнатамын. Мұндай кітаптарға, мысалы, Рафаэлло Джованьолидің «Спартак» немесе Жюль Верннің «Жер орталығына саяхатын» жатқызуға болады.  Шет тілдерді үйренгенді ұнатамын. Ағылшын тілінен B2 деңгейіне қол жеткіздім, неміс тілін меңгерудің әлі бастапқы кезеңіндемін.

17.03.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 78