Адила Изгутдина

Мамандығы: медицина. Тағылымдама: Калифорния университеті, АҚШ.

Қостанайлық қыз астанадағы «Медицина мектебінің» магистранты. Биыл дәрігер ретінде ол медицина, биология және COVID-19 жаңалықтарына ерекше қызығушылық танытуды. Адила соңғы ғылыми жаңалықтарды белсенді түрде зерттеп қана қоймай, сонымен қатар, музыкаға, ән айтуға, студенттік театрға және жақында пайда болған, фламенкоға деген құштарлығын да ұмытпайды. Есенов. атын. қоры байқауының жеңімпазы атанып, бір жыл бұрын ол Сан-Франциско университетінде тағылымдамадан өтті. Бұл қалай болды және оның өмірі қазір қалай қалыптасуда?

Грант байқауы Сіз үшін қалай өтті?
Ең есте қаларлығы екінші кезең болды. Мен үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген көптеген ақылды сайыскерлерді көру, тыңдау және танысу өте маңызды және қызықты болды. Айналамдағы адамдардың өте дарынды, білімге және өзін-өзі дамытуға құштар екенін түсіндім, сондықтан олармен бәсекелес болу оңайға түспейді. Сол себепті болар, екінші кезең мен үшін қызықты тәжірибе болды, әр түрлі сынақтар, тапсырмалар мен топтық жұмыстар ұсынылды.

Адила, тағылымдама қалай өтті?
Қызықты әрі еліктіретін – мүмкін бұл жауап үшін ең қолайлы сөздер болар.  АҚШ-тағы тағылымдама ғылыми жұмыстың техникалық аспектілерін ғана емес, сонымен бірге ғалымның мансабы туралы білу ​​мүмкіндік берді. Көп нәрсеті зертханадағы әріптестерімнен үйрендім. Тәлімгерлермен жолым болды. Олар маған қолдау көрсетті және оқуда әрдайым көмектесіп отырды.  Ал бос уақытымда Сан-Францискомен танысып үлегердім. Қалада өте либералды рух бар. Импровизация театрларының қойылымдары мен музейлерге бардым. Бұл қалада елдегі ең қызықты stand uр сахна орналасқан деп саналады: бірнеше комедиялық қойылымдарға бардым. Қала маңын көп араладым, табиғаты өте әдемі.

Тағылымдама барысында қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Мен жұмыс істеген зертхана қатерлі ісік және тұқым қуалайтын геморрагиялық телангиэктазия сияқты аурулардың дамуын зерттейді.  Менің жобам тышқандардың лимфа және қан тамырлары жүйесін қолдану арқылы осы аурудың моделін зерттеу болды.  Тіндерге талдау жасай отырып, бүкіл зерттеу нәтижелеріне әсер ететін қорытынды жасадым. Тағылымдама маған не берді дейсіз бе? Енді, бұрынғыдан көбірек білемін, менің ойлауым ғылыми болды, тәжірибелер нәтижесінде алынған мәліметтерді өз бетімше түсінуді үйрендім. Әрине, сонымен қатар, әрдайым сұрақтарыммен жүгіне алатын достар мен тәлімгерлер таптым.

Тағылымдамадан кейін бір жыл өтті, алдағы жоспарларыңыз қандай?
Әрдайым дәрігер мен ғалым болуды, ғылым мен клиникалық жұмысқа бірдей алып жүруді армандайтынмын. Магистратураны бітіргеннен кейін зертханада жұмыс істеймін және әрі қарай – докторантурада оқуды жалғастыру үшін емтихандарға дайындаламын. Қайда түсуді жоспарлап отырмын, оны әзірге айта алмаймын.

Ғылым, театр мен фламенкодан басқа, Сізді не қызықтырады, Адила?
Саяхаттауды, әсіресе достарыммен, туыстарыммен табиғатта уақыт өткізуді ұнатамын. Мен үшін бұл ең жақсы демалыс. Мұражайға, театрға бару, жанды әуен тыңдау мүмкіндігін де жібермеймін.

25.09.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 83