АҚШ-тың IT стартаптарындағы тағылымдама, 2018

«АҚШ ІТ-СТАРТАПТАРЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА» КОНКУРСЫ

Силикон алқабында тегін тағылымдамадан өтуді армандайсыз ба? Ең ірі әлемдік ІТ-компаниялардың отанында табысқа жетуге қабілеттімін деп санайсыз ба? Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры сізге өзіңіздің қалыптасып, танылуыңызға бірегей мүмкіндік береді. Біз Кремний алқабының перспективті стартаптарының біреуінен тегін тағылымдамадан өтуге конкурс жариялаймыз (Калифорния, АҚШ).

Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Іріктеудің басты критерийі – Сіздің кәсіби дағдыларыңыз және дербес кемелденуге деген ниетіңіз. Сіздің қазіргі күні ІТ саласындағы қалыптасқан кәсіпқой маман немесе магистратура студенті болғаныңыз маңызды емес – Сіздің кім болғыңыз келетіні маңызды. «АҚШ ІТ-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасы – бұл Сіздің өз өміріңізді түбегейлі өзгертуге мүмкіндігіңіз.

Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 2018 жылғы 17 қыркүйек – 21 қазан.
Гранттар саны: 5.
Іріктеу жүйесі:
1-кезең – өтінімдерді бағалау,
2-кезең – сұхбаттасу.

Жалпы талаптар:

  • Ағылшын тілі Upper intermediate деңгейінде (7.0 IELTS/ 100 TOEFL ibt немесе тілді меңгерудің басқа да дәлелі);
  • Басқару жүйелерін білу (git/ svn/ басқалар), command line/ssh, testing, developer methodologies (Agile/spiral/…), cloud-пен танысу (AWS/Azure/…);
  • Жұмыс тәжірибесі 1 жылдан бастап;
  • Информатик мамандығы немесе басқа да техникалық мамандық бойынша бакалавр дипломының (математика, физика, инженерлік іс) болуы құпталады.

Старптаптарда сұранысқа ие мамандықтардың санаттары:

  • Front end developer (or full stack)
    Required knowledge: CSS, Javascript. Knowledge in any of the major backend languages.
  • Back end developer (or full stack)
    Required knowledge: proficiency in one or more of the following languages/technologies: Python, Php, C#, Java, Ruby, NodeJS.
  • System level programmer
    Required knowledge: C/C++, WinAPI/Linux kernel. 2+ years work experience
  • Data scientist
    Required knowledge: Python, MATLAB/Octave/R. Strong math background – MS (PhD preferred) in CS or other tech discipline. Knowledge of machine learning frameworks.
  • Mobile developer
    Required knowledge:  Objective-C/Java/C#, Cocoa/Unity, SQL/SQLite. Having complete products is strongly preferred.
  • Database engineer
    Required knowledge: SQL and NoSQL (Oracle/MongoDB), Distributed computing (Hadoop)

Бағдарлама конкурсына қатысу үшін үміткерлерден келесі құжаттар қажет:

  • толтырылған өтінім;
  • түйіндеме;
  • жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
  • уәждемелік хат;
  • ұсынымдар;
  • сіздің ІТ саласындағы жетістіктеріңізді көрсететін егжей-тегжейлі портфолио;
  • дипломдардың, қосымша курстардан өту туралы сертификаттардың көшірмелері.

Өтінімді және құжаттардың бүкіл пакетін қордың электрондық мекенжайына жіберу қажет:
info@yessenovfoundation.org.
Сонымен қатар + 7 727 346 92 88 телефоны бойынша құжаттар пакетін алғанымызды растауыңызды сұраймыз.
Конкурстың шарттары туралы yessenovfoundation.org сайтындағы бағдарламаның ережесінде егжей-тегжейлі біле аласыз.

Ереже
Downloaded: 305, Size: 30.0 KB
Өтінім
Downloaded: 242, Size: 26.9 KB
2 кезең қатысушылары
Downloaded: 203, Size: 13.5 KB
Жеңімпаздар
Downloaded: 207, Size: 18.1 KB

Көру саны: 88