Ернар Әмірғалиев

Ернардың туған жері – Павлодар облысындағы Екібастұз. Ақпараттық технологиялар факультетін Малайзияның кремний алқабы, Сайберджаядағы (CyberjayaMultimedia University Malaysia университетінде бітірді. 2016 жылы қордың грантын ұтып алып, байқауымыздың тағы да төрт жеңімпазымен қатар ол америкалық Кремний алқабының стартаптарының бірінде жарты жылдық тағылымдамадан өтті.

1. Тағылымдама барысында немен айналыстыңыз?

Менің міндетіме стартап үшін қызықты идеялар іздестіру болды. Идеяны тапқаннан кейін, оны іске асыруға кірістік – бұл VimChat-тың (VIM – veryimportantmessage) мобильдік нұсқасын құру. VimChat-тың өзі тұтынушылардың бизнеспен SMS арқылы анонимді түрде байланысу мүмкіндігін беретін платформа.  Жұмыс барысында мен мақсатты жүзеге асыруға көмектесетін технологияны таңдауға жауапты болдым. Клиенттермен топтық және жеке чатты өңдеуге ерекше көңіл аудардым. Стартап әзірше АҚШ нарығында қызмет еткендіктен, қосымшаны біз осы нақты нарыққа ғана жасадық, дегенмен келешекте басқа елдерді де қамтыду көздеп отырмыз.

2. Қолжеткізген нәтижелеріңізбен бөліссеңіз?

Жарты жыл ішінде қосымшаның бета нұсқасын жетілдіріп, тетілеу үшін бірнеше бизнес-клиенттерді де таптық. Қазірде олардың әрқайсысымен VimChat арқылы күніне 2-4 тұтынушы байланысып тұр, ал бұл жаман емес.  Сонымен бірге, бізге бір қонақүй хабарласып, қосымшаның web-нұсқасыны тапсырыс беріп отыр, себебі олардың бизнесі үшін телефон ыңғайсыз құрал болып тұр.  Ұзаққа созбай жасап бітірдік. Өзімнің жеке басымның нәтижелеріне келсек, менің көптен күткен арманым орындалды – стартап аясында жобаны жүзеге асырудың басынан аяғына дейін барлық сатыларынан өттім.  Идеяны іздестіру мен іс жүзіне асырудың мүмкіндіктерін бағалауда, бәсекелестермен салыстыруда қолайлы тәжірибе жинақтадым. Питч, яғни стартапты инвесторлаға таныстырып ұсынуға өз үлесімді қостым, сондан соң өңдеушілер бойын аулақ ұстайтын тұтынушылардан кері байланысқа да қатыстым.  Бағдарламалар платформалары жасаушыларының үздік тәжірибесін қабылдап, жаңа технологиялар конференцияларына қатысу қатты ұнады. Одан кейін, Facebook өнімдерінің қалайша жарық көретінін де үйреніп білдім.  Көптеген мұражайларға барып қайттым, ұмытылмас әсер қалдырғаны – Computer History Museum дей аламын.  Осы мұражайда Кремний алқабының тап осы жерде неліктен орын алғанына жауап таптым.

3. Жинақтаған тәжірибеңізді бұдан әрі қалайша қолданбақшысыз?

Қолданып та жатырмын, мәселен DigsView-мен жұмыс жасап келе жатқаныма бір жылдан асты. Бұл стартаппен тағылымдамаға дейін таныс болғаным. 2016 жылы стартаптың бастығы Астанаға сапар шеккен кезінде танысқан едім. Астанада бағдарлама жасаушылардың шағын тобын жинап, офис аштым. АҚШ-тан оралғаннан кейін жергілікті филиалдың басшысы мен мамыны болып DigsView-мен жұмысым қашықтықта жалғасуда.  Жақында жаңа кеңсеге көшіп, қызметкерлер санын ұлғайтып, тай-тай басып өсіп те келе жатырмыз. Алдағы мақсаттарымыздың арасында VimChat-ты оңтайландырып, клиенттік нұсқаны жасап, біздің қосымшамен пайдаланушы бизнес-клиенттер санын ұлғайту бар.

7.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 75