Find Your Way #fywyessenov

Бағдарлама жоғары сынып оқушыларын әлемде және Қазақстанда соңғы уақытта ашылған кәсіби және жеке даму мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында құрылған. Ол мектеп түлектері үшін өзекті болып табылатын тақырыптарда саласының сарапшылары мен мамандары өткізетін дәрістерден тұрады: мамандық таңдау, университет таңдау, өмірлік жолды анықтау, мотивациялық хат жазу, өзін таныстыру және сұхбаттасу жүргізу, фактчекинг және сыни ойлау дағдыларын дамыту, бағдарламаға өтінім беру, салауатты өмір салты және т.б. Бағдарлама 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде оның іс-шараларына 1000-нан астам адам – мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары – қатысты.

Спикерлердің барлық сөз сөйлеуін біздің арнамыздан көре аласыз: тут

Көру саны: 1,799