5 IT МАМАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Shakhmardan Yessenov Foundation қорының АҚШ IT-стартаптарындағы тағылымдама бағдарламасының байқауы өз мәрес3не жетті. Байқаудың бес жеңімпазы 2020 жылдың көктемінде жарты жылға жұмыс тәжірибесін алу үшін Кремний алқабына аттанады. Виза, сақтандыру, ұшу билеті, тұру ақысы, тамақтану және шәкіртақы сияқты шығындарды ғылыми білім беру қоры өз мойнына алады.
Бағдарлама жеңімпаздары – Павлодар қаласының тұрғыны Дархан Аймағанов, Атакенттен (Түркістан облысы) Шыңғыс Кеңесов және Алматы қаласының тұрғындары Айдос Сәрсембаев, Жанар Танибергенова және Айнұр Махмет.
– Қазан айының соңына қарай біз 98 үміткерден өтінішін алдық. Ал 3 желтоқсанда екінші кезеңге өткендердің әрқайсысын тестілеу мен әңгімелесуден өткізе отырып, біздің сараптамалық кеңес, жеңімпаздардың, грант иегерлерінің есімдерін хабарлады, — деп бөлісті қор бағдарламаларының үйлестірушісі Тоқтар Ескендіров.
Shakhmardan Yessenov Foundation қамқоршылар және сараптамалық кеңесінің мүшесі Эльдар Ахметғалиев жыл сайын өтінімдер сапасының деңгейі өсіп келеді және жеңімпаздарды таңдау қиынға түседі деп есептейді. Эльдар сондай-ақ, қазақстандық IT мамандар жасанды интеллект саласында белсенділік танытып жатқанын атап өтті.
Жеңімпаздармен танысыңыз. Айдос Сәрсембаев, Халықаралық IT университетінде профессордің ассистенті болып жұмыс істейді, Data Science және Machine Learning оқытады. “Data scientist- тан тыс , мен сүйікті жар, Manchester United фанаты және жақсы әдемі әуендерді жақсы көретін қарапайым адаммын (Фрэнк Синатрадан Linkin Park және Тэйлор Свифт)”, – деді Айдос. Тағылымдама аяқталғаннан кейін ол өз стартапын құруға дайын болатынына сенімді.
Жанар Танибергенова – back end әзірлеуші:
— 11 сыныпқа дейін мен химия пәнінен олимпиадаға қатысып, инженер-биохимик болғым келді. Бірақ соңында бағдарламалауға көп уақыт бөлдім. Мүмкін мен болашақта биомедицинадағы компьютерлік технологиялармен айналысатын боламын.
Жанар үлкен тенниспен айналысады, швейцариялық теннисші Роджер Федерердің мансабын мұқият қадағалайды. Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы мен кеңес киносын құрметтейді.
Айнұр Махмет Machine Learning және Data Analytics мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Сонымен қатар, Beeline компаниясында Java әзірлеуші болып жұмыс істейді. Бос уақытында гитарада және пианинода ойнауды үйренеді, Hip-hop, классикалық, этно – және поп-музыканы тыңдайды, жүзумен және бимен айналысады. Саяхаттауды ұнатады — Рим (өзінің тарихилығымен) және Нью-Йорк (Сентрал-Паркпен және Манхэттенде өзінің атмосферасымен) ерекше әсер қалдырды.
Дархан Аймағанов Chocofamily холдингінде деректер талдаушысы болып жұмыс істейді. Computer Science мамандығы бойынша Nazarbayev University түлегі. Ол бос уақытында фортепианода ойнап, кітап оқиды, оған әсіресе, Мэттью Уолкердің “Неге біз ұйықтаймыз” және Ричард Фенйманның “Сіз, әрине, әзіл, мистер Фейнман” кітаптары ұнайды.
Шыңғыс Кеңесов – SaaS қосымшаларын әзірлеуші, қазақстандық стартапта getrelog.com-де жетекші әзірлеуші болып жұмыс істеді. Ол open source (OS) әзірлеуді ұнатады және OS стартаптарын бақылайды. Айнұр сияқты, ол саяхаттауды ұнатады, “Челси” футбол клубының жанкүйері және әр апта сайын достарымен футбол ойнайды. “Миллион клиенті болатын қызмет көрсету сервисін жасауды армандаймын”, — дейді Шыңғыс.
Осылайша, Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының Америка IT-стартаптарындағы тағылымдама бағдарламасының жеңімпаздар саны бүгінде 20 IT маман болды. Аталмыш байқау қормен 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді.
23.12.19, Жаңалықтар
Көру саны: 172