Вадим Миропольский

Мамандығы: есептеу теникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру. Тағылымдама: ZeeMee, АҚШ.

27 жастағы Вадим инженер-физик және экономист-есепші отбасынан шыққан. Үйде отырғанды жақсы көремін дейді, алайда сенбеңіздер. Қарағандылық жас жігіт 9 жасынан Қазақстанның астанасында тұрады. Информатиканы Pascal  тіл мектебінде оқып бастаған сәттен бастап жақсы көреді.  Оның тағдыры – толық орта және жоғары білім алудың қажеті жоқтығының тағы бір мысалы. Колледж және практикалық жұмыс оған көп нәрсе берді. Бүгін де ол Ш.Есенов атындағы қор байқауының жеңімпазы атанып, тағылымдамадан өткен американдық стартапта жұмысын жалғастыруда. Бәріңізге талпынып көруді ұсынады: «Бағдарламашылар үшін алқапқа тағылымдама визасымен баруға үлкен мүмшілік бар».

Компьютерлік өңдеу дәл Сізді қызықтыратын бағыт екенін қашан түсіндіңіз?
9-сыныптан кейін колледжге оқуға түстім, алайда соңғы сәтке дейін қандай мамандықты таңдайтынымды білмедім. Ұзақ ойланғаннан кейін есептеу технологиясын таңдадым. 3-курста компьютерлік желілерге қызығушылық таныта бастадым. Кореяда бір жыл білім алдым және ақырындап веб-әзірлеу бағытына қарай бет бұрдым. Ал, NFactorial Инкубаторындағы жаздан кейін бұл бағытпен кәсіби түрде айналыса бастадым.

Тағылымдамаға стартапты қалай таңдадыңыз?
Түйіндемемді көптеген компанияларға жіберім, бірақ ұсыныс түскен жоқ. Алаңдай бастадым: өйткені менімен байқауда жеңіске жеткен жастар алқапта жұмыс істеп жатты. Өз пайдасы үшін ғана мені ақысыз әзірлеуші ретінде қабылдайтын компанияға тап болғым келмеді, өйткені қор бәрін – жол, тұру, тамақтану шығындарын және де шәкіртақы төледі. Өткен жаздың ортасында маған ZeeMee-ден жауап келді. Бірнеше сұхбат жүргізіп, ұжыммен таныстырды және ұсыныс жасады. ZeeMee – бұл үміткерлер мен студенттерге арналған алаң. Қосымшаның негізгі элементі – чат. Егер де қолданушы қосымшаға жоо-на қабылданғанын растайтын хатты жүктеген жағдайда, ол жабық чаттарға қол жеткізе алады. Қосымша үйді жалға алу үшін достарды, көршілерді іздеуге, жоо қабылдау комиссиясының өкілдерімен және 2-3 курс студенттерімен байланысып, университет пен кампус туралы барлық ақпаратты білуге ​​мүмкіндік береді.

ZeeMee-де қалай жұмыс істедіңіз?
Әріптесіммен біз қосымшадағы жаңа «функциялармен», қателіктерді түзетумен жұмыс жасадық. Команда үлкен емес – 15-20 адам, оның 8-і әзірлеушілер. Мұндай стартаптардағы жұмыс жылдамдығы ірі компанияларға қарағанда жоғары. Алайда кез-келген «функцияны» бастамас бұрын, алдымен сынақтан өткіземіз. Содан кейін ғана оларды қалдыру немесе алып тастау туралы шешім қабылданады.

Қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Бірнеше жаңа технологияларды зерттедім. Кодпен жұмыстың қаншалықты қиын болатындығына көз жеткіздім. Шағын стартапта оны тексеруге уақыт жоқ. Ал кодтағы кішігірім қателікке байланысты барлық жағдай зардап шегуі мүмкін. Тек ірі, қаржылық тұрақты компаниялар ғана кодты жасайды, содан кейін оны жетілдіреді. Стартапта ең бастысы, бәрі бірден жұмыс істеп кету. Қосымша дағдыларымды арттырдым. Онда көп нәрсе дәл осындағыдай жасалады, бірақ айырмашылық та бар… Мысалы, американдықтар өз ұстанымдарын қалай нақты дәлелдеуді және өз идеяларын әдемі сатуды біледі. Сонымен қатар, олар басқа адамдардың идеялары мен жұмыстарын ұқыпты сынайды: ешкім ешқашан сіз ұсынған нәрсені өте нашар деп айтпайды. Тіпті біреу ойға сыйымсыз дүние айтқан жағдайда оған: «Wow! Тамаша!» – деп жауап берген кездер де болды. Олардың инвесторлармен қалай жұмыс істейтініне ерекше назар аудардым.

Жұмыстан басқа тағы қандай қызық болды?
Алты жыл бұрын АҚШ-қа алмасу студенті ретінде барғанмын, ол кезде бәрі оңай және қарапайым болды: олар менімен кездесіп, жатақхананың кілттерін, тамақтану картасын берді – еш қиындықсыз. Сондықтан да, бұл сапарда бәріде қызықты болды, өйткені барлығын өз бетіммен ойластыру керек еді: медициналық сақтандыруды қалай таңдау керек, үйді қалай және қай жерден табуға болады және т.б. Саяхаттап үлгердім – бұрын білім алған колледжіме бардым, достарыммен кездестім. Лас-Вегаста тағы да болдым – бұл қаланы өте жақсы көремін. Калифорнияда серуендеп – Йосемит, Санта-Круз, Монтерей, Тринити көлінде болдық. Аляскада болдым және гризлидің түскі асына айналмағаныма қуаныштымын. Тек кодтаумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар стартап питчингіне қатысып үлгердім. Американдықтардың саясатқа қаншалықты ерекше қызығушылық танытатынына көз жеткіздім: егер кеңседе саясат туралы әңгіме басталса, ол ұзаққа созылуы мүмкін. Олар бәрінен бұрын жергілікті мәселелерге алаңдаушылық танытады: алдымен – менің көшем, ал халықаралық саясат – соңғы кезекте. Ал бізде бәрі керісінше сияқты.

Алдағы жоспарларыңыз қандай?
Қордың гранты бойынша алты айлық тағылымдамам аяқталғаннан кейін, стартап келесі жылдың наурызына дейін қалып, толық мөлшерлемеде жұмыс істеуді ұсынды — менің визам сол уақытқа дейін мүмкіндік береді. Ұсынысты қабылдадым және осында әрі қарай тәжірибе жинауды жалғастырудамын. Алда не болатынына әлі жоспарым жоқ, қазіргі сәтпен рахаттанудамын. Алайда,қаржылық бағытқа қызығушылық да танытамын. Мүмкін болашақта қандай да бір қаржылық және техникалық жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік болады.

28.08.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 87