Сұлтан Көбеев

Мамандығы: cәулет инженериясы. Тағылымдама: University of Lleida, Spain.

Cұлтан 22 жаста, 2020 жылы ол Шахмардан Есенов атындағы қор байқауының күрделі іріктеуінен өтіп, тағылымдама грантын жеңіп алды. Испаниядағы техникалық университетте тағылымдамадан өтіп, Қазақстандағы бакалавриатты бітіргеннен кейін ол әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі ETH Zurich-ке түсе алды. «Тараздық жігіттің» әлемнің үздік магистранттарының қатарына қалай қосылғаны жайлы өзі айтып берді.  

Осындай ерекше мамандықты қалай таңдадыңыз? Қай салада білім алып жатырсыз және магистратураны бітіргеннен кейін немен айналысасыз?
Бакалавриаттың екінші курсынан кейін-ақ құрылыс инженериясына қарағанда неғұрлым серпінді дамып келе жатқан салаға көшіп, озық технологияларды үйренгім және жаһандық мәселелерді шешу үшін жұмыс істегім келетінін түсіне бастадым. Осылайша сәулет инженериясына келдім. Ол көптеген пәндердің қиылысында орналасқан және ғимараттар мен қалалар деңгейінде Тұрақты энергетикалық технологияларды біріктірудің әртүрлі аспектілерін қамтиды. Ғимараттар мен қалаларды қалай тұрақты және энергия тұрғысынан тиімді ету керектігін зерттейміз, климаттық өзгерістер мәселесін шешуге үлес қосамыз.

Қордың байқауы туралы қалай білдіңіз және сол байқаудан не есіңізде қалды?
Байқау туралы NU студенттерінің арқасында білдім және де олардың көпшілігі сіздердің гранттарыңызды жеңіп алып, кейіннен әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсті. Оларға тәнті болдым және  шабыттандым, үшінші курстан кейін мен де өтінім беруді шештім. Бір-бірімізге түрлі қызықты сұрақтар қойып, топпен тапсырмалар орындаған екінші кезең есімде. Бұл байқау маған өзімді әрқашан және барлық жерде сынап көруім керек екенін және биік мақсаттарға ұмтылудан қорықпау керектігін түсіндірді: барлық критерийлер бойынша шамадан тыс біліктілікке ие болатын «мінсіз» мүмкіндікті күтудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, біреуге ұқсауға тырысудың керегі жоқ.

Неліктен тағылымдамадан өту үшін дәл осы испан университетін таңдадыңыз?
АҚШ-та тағылымдамадан өтуді жоспарладым: University of Colorado Boulder мен Берклидегі зертханадан шақыртулар болды, алайда визалық шектеулерге байланысты бұл нұсқалар шетте қалды. Балама ретінде Испаниядағы GREiA зертханасы болды, оның жетекшісі — профессор Луиза Кабеза — ғимараттардың жылу энергиясын сақтау және энергия тиімділігі саласындағы жетекші сарапшы.

Тағылымдамаңыз қалай өтті?
Тағылымдаманы осы жылдың жазы мен күзінде өттім. Ол қызықты және нәтижелі болды деп айта аламын. Испанияда өткізген жазымда жасыл энергетика саласы және жылу энергиясын сақтау саласында әлемдегі жетекші орындардың бірі болып табылатын зертхананың ішкі процестері туралы көп нәрсе білдім. Смарт контроллерлердің тұрғын үйлердегі су негізіндегі жылу сақтау резервуарларының өнімділігін қаншалықты жақсарта алатынын зерттедім.  Бұл резервуарлар ауа-райына, температураға, тарифтерге, жаңартылатын энергия көздеріне байланысты жылу энергиясын сақтай және қалпына келтіре алады. Сонымен қатар, олар энергияны тұтыну мен шығындарды оңтайландыруға көмектеседі. Тағылымдаманың барлық дерлік тапсырмаларын орындадым, зертханада соңғысымен әлі күнге дейін жұмыс істеуде  – бұл көп еңбекті қажет етеді. Мен де осы команданың құрамындамын, қашықтан жұмыс істеймін.

Сізге Испания ұнады ма? Қандай жаңалықтар аштыңыз, кіммен кездестіңіз?
Бастапқыда испан мәдениетінің ерекшеліктеріне байланысты бәрі өзгеше болды, олардың көбі ағылшын тілінде сөйлемейді. Жиі кофе-брейк, кеш түскі ас, сиеста, жұмыс пен жеке өмірдің нақты бөлінуі, сыртқы релаксация және жайбасарлық – мұның бәрі таңқаларлық және тіпті алаңдаушылық тудырды.:)  Алайда, кейіннен маған бәрі ұнай бастады: олардың ашықтығы, эмоционалдылығы, көңіл көтеру қабілеті, әзіл-сықақ сезімдері, өнімді болып қалу және барлық міндеттерді артық жұмыс жасамай орындау. Барселонада болдым, жағажайларға, Гаудидің барлық көрнекті туындыларына, тіпті La Rambla-дағы бутиктерге бардым. Мұнда Сан-Хуанның, жазғы күннің құрметіне арналған фестивальдің қалай тойланатынын көрдім… тіпті, бакалавр дипломын көше ортасында, курьерлік қызмет вагонынан алдым. Лейда-Тарагоне, Салоу және Алматрет провинциясындағы шағын қалаларда болдым, испан тілін үйрендім, тіпті Каталонияның тәуелсіздігін қолдауға арналған митингте болдым.

Алдағы жылдарға жоспардарыңыз қандай?
Қазір мен Цюрихте, ETH – Эйнштейннің альма матерінде және континенттік Еуропадағы ең үздік ғылыми-техникалық университетте магистратурада білім алып жатырмын. Менің жолым болып, толық шәкіртақы алдым. Мұндағы оқу бағдарламасы мен үшін өте қолайлы, ғимараттардың сәулеттік дизайны мен энергия тиімділігін оқып жатырмын. Әлемдік деңгейдегі оқытушылар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттер қауымдастығы мұндағы оқуды одан әрі қызықты ете түсті. Алдағы екі жылдағы басты міндет — бакалавриаттан кейін қайта білімімді толықтыру. Және бұл сын-тегеурін мені шабыттандырады. Көптеген жоспарлар, мақсаттар бар, қазір барлық мүмкіндіктерге ашықпын, алайда мені алда не күтіп тұрғанын білуді қаламаймын. Біздің мақсаттарымыз бен армандарымыз серпінді және алға басқан сайын үнемі жаңарып отырады. Назарымды тек қазіргі уақытқа аудардым және жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауды жалғастыратын боламын.

Сіз жеңімпаз атанған байқауда биыл тағдырын сынайтын үміткерлерге қандай кеңес бересіз?
Жақында бір досым Қордың байқауында қалай жеңіске жеткенімді, және неліктен ETH мені мыңдаған үміткерлердің арасынан таңдағанын сұрады.  Менде бұл сұраққа жауап жоқ. Менің ойымша, бұл көптеген факторлардың, сәттіліктің және жағдайлардың жиынтығы. Бірақ бір нәрсені нақты білемін: Ш.Есенов атын. қордың гранты, тағылымдама, белгілі зертханалар мен профессорлардың шақыртулары менің бәсекеге қабілеттілігімді жақсартты және сенімділік берді.

Бос уақытыңызда не оқығанды, көргенді, немен айналысқанды ұнатасыз?
Велосипед тепкенді және музыка немесе подкасттар тыңдап, кешке жүгірумен айналысқанды жақсы көремін. Нон-фикшн жанрындағы кітаптар мен өмірбаяндар оқыған ұнайды.  Джон Каррейрдің «Жаман қан» және Джеймс Гликтің «Данышпан: Ричард Фейнманның өмірі мен ғылымы» сүйікті кітаптарымның тізімінде.

17.11.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 161