ЕСЕНОВ ШӘКІРТАҚЫСЫ ҰЛҒАЙДЫ
20 қаңтарда академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының шәкіртақы бағдарламасының байқауына өтінімдерді қабылдау басталды. 3-сәуірге таман 25 шәкіртақы иегерінің есімдерін білетін боламыз.
27 000 теңгеге дейін көтерілген шәкіртақының сомасы студенттерге биылғы жылғы инфляциялық процестердің орнын толтырады. Бұдан басқа, биылғы жылы жеңіске үміткерлерді тағы қандай жаңалықтар күтуде?
– Қордың сайтына өтінімдерді онлайн қабылдау – бұл екінші кішігірім, бірақ жағымды жаңа енгізілім болады, – деп бөлісті бағдарламаның үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.
Есенов шәкіртақысы жаратылыстану ғылымдарын, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтарының саласында біліп алып жатқан, бакалавриаттың 2-3-ші курс, магистратураның 1-ші курс және интернатураның 1-ші курс студенттеріне беріледі. Байқауға қатысу үшін, онлайн-өтінімді толтыру және талап етілетін құжаттарды қоса беру қажет. Сондай-ақ осы сайтта байқау туралы толық ақпаратты табуға болатын бағдарламаның ережесі жарияланған.
– Өтінімдерді біз 20 ақпан сағат 15:00-ге дейін қабылдаймыз. Бірінші турдың нәтижелерін 10 наурызға қарай жариялаймыз деп ойлаймын. Екінші турды, әдеттегідей, екі астанада өткіземіз. Бұл бізге конкурсқа қатысушылардың жеке және психологиялық қасиеттерімен танысуға мүмкіндік беретін дәстүрлі бизнес-ойын болады. Жеңімпаздарды Қазақстанда сәуір айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Геолог күніне орай жариялаймыз, – деді Нұрсұлтан.
Есенов шәкіртақысы кең спектрлі мамандықтардың үздік қазақстандық студенттеріне 8 жыл қатарынан табысталып келеді. Ол студенттік бюджетке жақсы демеу болып, 1 жыл бойы ай сайын төленеді.
Академик Шахмардан Есенов өмірден озғаннан кейін оның жұбайы Камиля Қарабалаева болашақ геолагтарды, Қ.Сәтбаев атын. ҚазҰТУ-дың талантты студенттерін қолдау үшін екі шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақы университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен тағайындалып отырды.
2013 жылы Ғалымжан Есеновтың және Айжан Есімнің бастамасымен қор құрылғаннан кейін – бағдарлама Шахмардан Есенов атын. қорға берілді.
2015 жылдан бастап шәкіртақы республикалық дәрежеге ие болды. Бағдарламаға қазақстандық жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ақпараттық технологиялар және медициналық мамандықтар бойынша оқитын студенттер қатыса алды.
22.01.20, Жаңалықтар
Көру саны: 185