Шамсудин Қанат

Мамандығы: жалпы медицина. Есенов шәкіртақысының иегері.

Шамсудин Түркістан қаласының тумасы. Жасы 21-де. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медициналық факультетінің бесінші курсында оқуын жалғастыруда. Жас қазақстандық, университеттің студенттік ғылыми қоғамының негізін қалаушысы және төрағасы, Ресейдегі және ТМД елдеріндегі медициналық және фармацевтикалық университеттердің жастар ғылыми қоғамдары федерациясында Қазақстанның өкілі. Үш тіл біледі, ал өткен жылы ол ғылыми білім беру қорының байқауында Есенов шәкіртақысының жеңімпазы атанды.

Сіз қашан және қалай дәрігер болу тураыл шешім қабылдадыңыз?
Менің анам денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді, басқа туыстарымда осы салада. Осы мамандыққа бала кезімнен өзімде құмар болдым. Міне осылай бәрі шешілді.

Есенов шәкіртақысын тағайындау байқауына қатысуға қалай шешім қабылдадыңыз?
Мен үшін бәсекелестік өз алдына бір бөлек сын тегурін. Ол: сенің қолыңнан тағы не келеді, – деп тұрғандай? Шәкіртақы конкурсына қатысу менің ғылымға деген қызығушылығымды одан сайын арттыра түсті, өйткені бұл ғылыми білім беру қоры және жеңімпаздар қатарынан көрінуім менің дұрыс бағытта келе жатқанымды дәлелдеді. Сондай-ақ – мен өз ойларымды және жұмыстарымды көпшілік назарына ұсынуға ұялатынмын, ал бұл байқау маған осы психологиялық тосқауылдан өтуге көмектесті.

Сіз үшін байқаудың финалы қандай болды және қалай жеңімпаз атандыңыз?
Финал өте жақсы өтті, маған ұнады. Еліміздің әр түрлі университеттерінің үздік студенттерімен кездестім, кейбірімен әлі күнге дейін араласамыз. Нелікмен байқауда мен жеңіске жеттім? Менің ойымша, өзімді шынайы қырымнан көрсете алдым. Сұрақтарға ұялмай, ашық жауап бердім.

Тағы қандай қызығушылықтарыңыз бар? Бос уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?
Мен футболдың үлкен жанкүйерімін, мектептің 3-сыныбынан бастап ойнаймын және де «Боруссия Дортмунд» неміс клубын қолдаймын. Лицейдің бірінші жылы мен кітап клубын аштым, ол әлі де жұмыс істейді, ол жерде біз оқыған кітаптар туралы пікір алмасамыз, пікірлер жазамыз.  Кітап оқығанды жақсы көремін, үй кітапханамда 400-ге жуық кітап бар.

Есенов шәкіртақысы Сізге қандай-да бір көмек берді ме?
Шәкіртақының арқасында Түркиядағы  Ақденіз университетінде пластикалық хирургия бойынша бір айлық тағылымдамадан өттім.

Қазір немен айналысып жүрсіз және алдағы екі жылға жоспарларыңыз қандай?
Ясауи атын. университеттің студенттік президентімін, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы көптеген жобаларға жетекшілік жасаймын. Көшбасшының тәжірибесін жинақтап жүрмін, 2000-ға жуық студенттермен жұмыс істеймін. Сонымен бірге, шетелге оқуға түсу үшін құжаттар жинап жатырмын. Пластикалық хирургиямен және регенерациямен айналысқым келеді, әрине, қосымша – ғылыммен де. Кім біледі, мүмкін оқу бітіргеннен кейін қалпына келтіретін пластикалық хирургия орталығын ашармын.

Ата-анаңыз, бауырларыңыз туралы бірнеше сөз айта кетсеңіз?
Біз отбасымызда төртеуміз: анам, әкем, інім және мен. Інімнің аты Мырзабек, жасы он алтыда, мектетің соңғы сыныбында, ҰБТ-ға дайындалып жатыр. Ата-анам менің университетімде жұмыс істейді. Анам университет клиникасында бас дәрігердің орынбасары, ал әкем филология факультетінде түрік тілінен сабақ береді. Өмірдегі бар нәрсе үшін Құдайға әрдайым алғыс айту керек деп ойлаймын. Бізді жақсы көретін және сүйетін отбасымыздың болуы – бұл ең үлкен сыйлық.

20.10.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 80