МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ: ЖАҢА КЕЗЕҢ
«Мектептегі шахмат» республикалық бағдарламасы финалдық іске асыру кезеңіне шықты. Сәуір мен мамырда 3-4 сынып мұғалімдерін онлайн-оқыту өтеді және Қазақстанның 153 мектебінің 12 000 оқушысына арналған онлайн-оқыту ұйымдастырылады. Бағдарламаны Қазақстан Шахмат федерациясының жәрдемімен Shakhmardan Yessenov Foundation қаржыландырып, жүзеге асырады.
– 2017 жылы Қазақстан шахмат федеациясының Президенті, қор құрылтайшысы Ғалымжан Есеновтың бастамасымен жоба пилоттық түрде басталды. Сол кезде аталмыш жоба еліміздің 18 мектебінің мыңдаған 2-ші сынып оқушыларына ғана жұмыс істеді. Сол уақыттан бастап біз екі тілде балалар мен оқушыларға арналған әдістемені, оқулықтарды апробацияладық. Қор шахмат ойнайтын балалардың даму психодиагностикасы бойынша кәсіби зерттеу жүргізген 360 шахмат оқытушысын және 20 психологты дайындады, – деп айтады академик Ш. Есенов атындағы қордың үйлестірушісі Салтанат Ноғайбаланова.
«Мектептегі шахмат» бағдарламасының басқа да жетістіктерінің арасында республикамыздың Білім және ғылым министрлігімен бекітілген, мектептерде пайдалануға арналған оқу-әдістемелік оқу құралдары да бар. Бұдан былай олар мемлекет есебінен тираждалады. Ал «Шахмат» пәнінің өзі министрлікпен элективті пән ретінде бекітілді – яғни, балалар оны міндетті емес пәндер кіретін оқу жоспарының сол бір бөлігінен таңдай алады.
– Шахматтың мектеп бағдарламасына кіруі өте маңызды. Біз мұғалімдерді оқытуға арналған онлайн-платформаны әзірледік. Бұдан басқа – жоғары оқу орындарына арналған пәннің бағдарламасы мен оқу-әдістемелік құжаттамасын жасадық. Себебі, елімізде әлі күнге дейін шахмат бойынша жаттықтырушыларды оқыту болған емес. Бірақ, бәрі де өзгереді, және қазіргі таңда 2 жоғары оқу орны осындай мамандықтарды ашты. Алайда ең маңыздысы: мектеп оқушыларының психодиагностикасы жүргізіліп, шахматтың олардың үлгеріміне оң әсер етуі дәлелденді, – деп жалғастырады Салтанат.
«Мектептегі шахмат» бағдарламасын 3 жыл жүзеге асыру барысында қор Қазақстанның 58 орта мектебін шахмат кабинеттеріне арналған жабдықпен қамтамасыз етті, 18 мектеп басып шығарылған оқулықтарды, ал қалғандары – барлық қажетті нәрсенің электрондық нұсқаларын алды. Биылғы жазда 135 қалған мектепке оқу-әдістемелік құжаттаманың жиынтықтары басып шығарылған түрде жіберіледі. – Ал маусым айында шахматпен шұғылданған балалардың когнитивті дамуының психодиагностикасы бойынша қорытынды есеп дайындалады. Бұл үш жылдық бағдарламаның қорытындысын көрсетеді және «Мектептегі шахмат» бағдарламасын Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің қамқорлығына беру үшін құжаттар пакетін әзірлеуге көмектеседі.
7.04.20, Жаңалықтар
Көру саны: 206