Сергей Тян

Мамандық: бағдарламалық жасақтама жасаушы. Тағылымдама: POWr стартапы, АҚШ.

27 жастағы Сергей Тян жай ғана бағдарламалық жасақтама жасаушы емес. Ол садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және жарыстарға жиі қатысады. 2017 жылы ол Shakhmardan Yessenov Foundation грантын жеңіп алды, ал былтыр алты ай Силикон алқабындағы POWr стартапында тағылымдамадан өтті. Америкаға келгеннен кейін оның өмірі қалай өтуде?

IT сферасы сізге лайықты екенін қашан түсіндіңіз?
Мектеп кезінен бастап. Сол кезде, болашақта бағдарламашы болғым келетінімді білдім.

Садақ атудан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар? Бос уақытыңызды қалай өткізуді ұнатасың?
Көптеген адамдар секілді, мен бос уақытымда өзімді дамытумен айналысамын, табиғат аясына барып, әр түрлі жерлермен танысқанымды және түрлі тамақтың дәмін татқанды ұнатамын.

IT маманы ретінде неден өттіңіз?
Халықаралық  IT университеті, Австрияда жылдық тағылымадама, банктер мен стартаптарда жұмыс істедім.

Қордың тағылымдама өту конкурсынан есіңізде не қалды?
Ұйқысыз (өйткені түнде) және толғандыратын сұхбат, және, әрине, нәтижені жариялау кезеңі.

Жеңімпаз болуыңыздың себебі неде деп ойлайсыз?
Мен әр сұхбатты байсалдылықпен қабылдадым, барынша дайындалғанмын. Сондықтан да шығар.

Тағылымдамада немен айналыстыңыз?
POWr стартапы шағын бизнеске арналған плагиндер (құралдар) әзірлейді. Штаттарда өзіңіздің сайттарыңызды жасақтау үшін бағдарламашыларды жалдау өте қымбат, сондықтан көптеген шағын бизнес иелері сайттар құрылымдаушыларын пайдаланады. Біз оларға қарапайым, оңай реттелетін және қол жетімді плагиндерді ұсынамыз, бұл оларға кез-келген талғамға және түске сай сайттарды өз бетінше құруға көмектеседі. POWr инженерлері бір технологиядан екіншісіне (Backbone-ден React-қа) көшу процесін бастаған сәтте мен компанияға келдім және оны іске асыруға көмектестім. Бірақ, кейін жұмыс процесінде жетілдіруге болатын көп нәрсені байқап, өз шешімдерімді ұсына бастадым. Басында менің идеяларыма сақтықпен қараған болатын, бірақ бұл оңай емес болмағанымен, мен әріптестерімді сендіре алдым, нәтижесінде менің идеяларым іске асырыла бастады. Олар стартапқа пайдасын тигізді.

Сіз неге қол жеткіздіңіз?
Бұданда сапалы кодтарды жазу үшін әртүрлі құралдарды енгіздім – бұған дейін әр бағдарламашы өз қалауынша жазып жүрген болатын. Бұл басқалар үшін түсініксіз, оқу кезінде қиындықтар туғызатын. Кейін, қосымшалардың өрістету процесі уақытын 8 минутқа дейін қысқарттым (бұрын бұл 18 минут алатын). Өзімнің процестерді оңтайландыруға бағытталған басқа да идеяларымды іске асырдым. Негізінде, маған барлық кертартпалық жұмыстарды автоматизациялау ұнайды. Соңында POWr-де Қазақстанда жақсы мамандар бар екеніне көз жеткізді. Сол себептен, олар Алматыда толыққанды кеңсе ашуды ұйғарды. Тағылымдамадан басқа, мен Google hackathon-ға қатысып, екінші орынға ие болдым.

Болашақта не болады?
Мен айтқанымдай, біз POWr компаниясының қазақстандық кеңсесін ашып, бағдарламашыларды жалдадық. Біз дегенде, бұл мен және Айгүл Имадилдаева. Ол да бір жыл бұрын қор конкурсының жеңімпазы болатын. Кеңсе жалдап, екі қызметкермен бастадық. Қызықтысы – қызметкерлеріміздің біреуі – Дияс Ерасыл, бізбен жұмыс істегеннен кейін, Есенов қорының грантын жеңіп, қазір Сан-франциско қаласында тағылымдамадан өтуде. Ал біз өсіп жатырмыз – тағы да адамдарды жалдап, бұдан кең кеңсеге көшуді ұйғардық. Бізде тапсырыс берушілер көп болғандықтан, бағдарламашылар қасында тесттілеушілер, қолдау агенттері, өнімдер менеджерлері бар. Жалпы, қазір, 10 айдан кейін, біздің кеңсемізде адам саны 15-ке жетті. Алда – көп жұмыс, жаңа саяхаттар және әлемді жақсартуға деген талпыныс.

24.09.19, Жетістік тарихы, Жаңалықтар

Көру саны: 62