Сабина Сағынбаева

Мамандығы:  физика. Тағылымдама: University of Cambridge,  Ұлыбритания.

22 жастағы қызға әдемі жымиып, фортепьянода тартып қана қоймай, Кембриджде физиканы зерттеу керемет жарасады емес пе? Әрине! Сабина осындай жандардың қатарында. Академик Ш.Есенов атындағы қордың ғылыми тағылымдамалар конкурсын жеңу оған өзін математикалық зерттеулер орталығының зертханасында жүріп, ғылым қайраткерлерінің арасында жайлы сезінуге көмектесті.

Сіз үшін грантқа арналған конкурста не айтарлықтай қиын болды?
Бірінші турда — бұл уәждемелік хатта менің ғылым мен ғарышқа деген бар махаббатымды көрсету. Бұл мен үшін бос пафостық сөздер емес. Мен ғарыш жайлы сөйлеген кезде, көздерім оттай жанады деп маған жиі айтылады. Сөйтіп, бірінші турда бұл «жанарлы» көздерді сөзбен жеткізу міндеті тұрды.

Ал Кембриджды неліктен таңдадыңыз, бұл керемет болғандықтан ба, жеңіске жеткен жағдайда қор Сізге барлық шығынды төлейтіндіктен бе, өзге себеп болғандықтан ба?
Өйткені дәл сол жерде менің онымен қатты жұмыс істегім келетін өте күшті професссор жұмыс істейді.

Сіз тағылымдамада немен айналыстыңыз?
Компьютерлік симуляциялардың көмегімен планеталардың айналасында газдар қозғалысының теориялық модельдерін жасауды үйренуім қажет болды. Неліктен? Өйткені бүкіл әлемде газдың дәл гравитациялық коллапсы планеталарды, жұлдыздарды, галактикаларды және жер жүзіндегі көптеген басқа да объектілерді қалыптастыруға түрткі болды.

Сонымен үйрендіңіз бе?
Симуляциялар үшін Python және PLUTO пайдаландым (астрофизиктер үшін арнайы жазылған код). Зерттеу барысында менде көп сұрақ туындады. Кейбір сұрақтарды маған әріптестерім және ғылыми жетекші қойды, кейбіреулер менің ойыма келді. Оларға жауап беру үшін қатарлас мен көп кітап оқыдым – Лев Ландау және Кэти Кларк еңбектерін. Әдебиет гидродинамиканы жақсырақ түсіну үшін қажет болды. Симуляциялар түрлі нәтижелер бергендіктен, біздің неліктен сол немесе өзге нәтижені көретінімізді түсіну қажет. Көбінесе, менің жетекшім жауапты білетін, бірақ оны маған айтпай, мені тереңірек қазбалап, түсінуге мәжбүрледі. Менің бағдарламалауды жақсырақ жасайтын болғаным анық. Жаңа есептеу әдістерін үйрендім және қазір кодтармен өзімді бұдан да жайлы сезінемін. Ал бос уақыттымда Кембриджде сатып алған укулеле аспабында ойнаймын.

Әрі қарай жоспарлар қандай, Сабина?
Қазір докторантураға түсу үшін қызу жұмыс үстіндемін. Планеталар мен жұлдыздардың зерттеуін жалғастырамын деп нық шештім, сол себепті теориялық астрофизикаға докторантураға түсетін болдым. Және Кембриджде тағылымдамаға дейін бастаған жобамды қатарлас жалғастырамын. Ол жұлдыздардың қалыптасуы туралы, бірақ тәсілдемесі біраз өзгеше: мен деректерді телескоптардан талдаймын. Оған симуляциялар кірмейді, бірақ мен сонда да болашақта есептеу астофизикамен айналысқым және теориялық модельдерді құрғым келеді.

Update
Қазір өміріңізде не болып жатыр?
Стоyни Брук университетінде
магистратурада оқимын. Пандемияға байланысты осы семестрде кете алмадым, алайда қашықтан жұмыс істеуді бастадым. Профессор Фил Армитажбен бірге планеталық дискінің планетамен өзара әрекеттесуін зерттеудемін. Жазда көп нәрсе істеп үлгердім. Мысалы, Yessenov Data Lab деректерді талдаушы ғалымдарға арналған мектебінде білім алып шықтым. АҚШ-тың астроқауымдастығында белсенділік тантытып, astrobites.org сайтына пост жаздым. Бұл сайтта магистранттар соңғы ғылыми мақалаларға шолулар жазады. Менің шолуым Күн жүйесіндегі объектілердің орбиталық шоғырлануы туралы жазылған Майкл Браун мен Константин Батыгиннің мақаласына арналды. Жақында АҚШ-қа кетіп, сол жерде оқуымды жалғастырамын. Ғылымнан басқаны айтар болсақ, мини-альбом шығардым. Әнді өзім жазып, өзім орындадым.

3.12.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 80