Мұхтар Садықов

Мамандығы: медицина. Тағылымдама: Йель университеті, АҚШ.

Балалық шағында ол біз кімбіз және қалай құрылғанбыз деген сияқты көп сұрақтар қойды, балалар энциклопедияларының жанкүйері болды, сұрақтарына қарапайым жауаптар таба білді. Сондықтан да, ол баяу бірақ дұрыс бағытта медицина университетіне дейінгі жолды еңсерді, Ш.Есенов атын. қорының грантын жеңіп алып, Йель университетінде тағылымдамадан өтті. Бүгінгі таңда ол Қызыл теңіздің жағасында коронавирус геноным зерттеуде.

Мұхтар, Сіз нені таңдайсыз: тәжірибе немесе ғылым?
Әзірге ғылымды таңдадым. Өйткені бойымда зерттелмеген дүниені ашуға деген, жалпыадамзаттық білімді арттыруға деген құштарлық жатыр. Алайда, тәжірибені де тастамадым. Менің докторлық бағдарламамның саласы ауыспалы, сондықтан, өзімнің стетоскопымды әлі де қолыма аламын.

Ал медицинадан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар? Бос уақытыңызды қайлай өткізгенді ұнатасыз?
Маған үлкен теннис ұнайды: ойнау, ойынды және де үлкен трионың керемет дәуірін қадағалау ұнайды. VAMOS RAFA!

Өміріңіздегі ең қиын сынақтар қандай болды? Оны қалай еңсердіңіз?
Өмірімнің әр кезеңінің өз қиындықтары болды. Егер соңғы 5 жылды алсақ, болашақ мамандығымды таңдау туралы шешім қабылдау қиын болды. Тағы 5 жыл өткен соң, мен бұл сынақты жеңіп шықтым ба жоқ па, міне сол анық болады.

Неліктен қор сарапшылары Сізді жүздеген грантқа үміткерлер арасынан таңдады?
Бұл жерде түйіндеме де, сұхбат та маңызды рөл атқарды. Одан басқа, олар менің бойымнан «Тоқтының» жалынын көрді. Жұлдыз жорамалы бойынша, «Тоқты» ешқашан өз мақсаттарын ұмытпайды және де ерте ме, кеш пе көздгеніне жетеді.

Тағылымдама қалай өтті, немен айналыстыңыз?
2019 жылдың жазында профессор Халиннің тобына қосылдым. Оның жұмысы қан ісіктері, атап айтқанда миелодиспластикалық синдромға (МДС) бағытталған. Уақытымның 70%-ында деректерді талдаумен айналыстым, ал қалған уақыттымда – эксперименттер жасадым. МДС жағдайларының жартысына жуығы жаңа комбинацияларды құруға жауап беретін гендердегі мутациямен байланысты. Біз осы мутацияның жасушадағы әсерін зерттедік. Сол жазда маған ескі досым Александр Пак келді. Ол штаттарда докторлықты бітіріп жатыр, оның менімен бөлісері, ал менің оған қояр сұрақтарым болды. Біз уақытты тамаша өткіздік.

Үйге қандай нәтижелермен оралдыңыз?
Қысқаша айтатын болсам: жаңа тәжірибе алдым, жаңа достар таптым, профессорлармен таныстым, өз саламның нағыз маманы болдым, екі ғылыми жарияланымның тең авторы болдым. Біз МДС жасушаларының фенотипіне жауап беретін мутация рөліне қатысты құпияны аштық. Нәтижесінде,  докторантураға түсуге деген мотивация алдым.

Әрі қарай не, Мұхтар?
Тағылымдамадан бірнеше күн бұрын үйленген болатынмын, сондықтан Америкадан кейін бірден Сауд Арабиясындағы жарыма ұшып кеттім. Ол биохимик, KAUST университетінде докторантурада оқиды. Осы университетке менде оқуға түстім, профессор Пейннің тобында жұмыс істеймін. Докторантурамның тақырыбы – геномды және транскриптомды талдау. Қазір бүкіл әлемдегідей бізде де карантин режимі. Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы бойынша үйден жұмыс жасап жатырмын: коронавирус геномына биоинформатикалық талдау жүргіземін.  Бұл жұмыс ондағы мутацияның пайда болуы туралы көбірек білуге және заңдылықтарды табуға көмектеседі.

15.04.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 88