Малика Игібаева

Мамандығы: сәулет. Есенов шәкіртақысының иегері.

Малика Игібаева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Павлодардың тумасы. 2021 жылы сәулет және құрылыс факультетінің бірінші курс магистранты бола тұра Малика Yessenov Foundation шәкіртақы бағдарламасының байқауында жеңіске жетіп, медиа мен өнер саласында кәсіпқой болуға ұмтылуда және оның өнер жобаларын қаржыландырған шәкіртақы бұл ұмтылысында оған ішінара көмектесті.

Неліктен дәл осы мамандықты таңдадыңыз?
Ес білгелі, қашан да шығармашылыққа жақын едім, сурет салуды немесе қандай-да бір жаңа нәрсе жасауды ұнататынмын. 10-сыныпта болашақ мамандықты таңдау кезі келгенде шығармашылық және кеңістіктік ойлау, суретшінің қолы мен геометрияға деген сүйіспеншілік сияқты өзімнің дағдыларым мен күшті жақтарымды біріктірдім. Міне, осылайша өз мамандығымды таңдадым.

Қордың шәкіртақылық байқауында қалай жеңіске жеттіңіз?
Шахмардан Есеновтың шәкіртақысы туралы байқауы басталардан алты ай бұрын білдім. Байқау талаптарын оқып, қордың құндылықтары мен миссиясын зерттеп, олардың маған жақын екенін түсіндім. Үміткер ретінде бақ сынауға бел будым. Бала кезімнен түрлі жобаларға қатысып, өз жобаларымды жүзеге асырып, әлеуметтік өмірге белсенді қатыстым. Ең бастысы: еліміз технология мен мағыналарды дамытуда озық қатарлы елдердің бірі болуы үшін ойымда қашан да үлкен нәрсе жасау идеясы болды. Алдыңғы жеңімпаздардың барлығы дерлік дәл және жаратылыстану ғылымдарына маманданған байқау үшін өнер мен технологияның түйіскен жеріндегі менің салам ерекше болды. Алайда, дәл осы жайт мені бәрінен ерекше етіп, қор өкілдерінің шәкіртақылық байқаудың жеңімпазы ретінде таңдау арқылы мені қолдауының бір себебі болды деп ойлаймын.

Басқаларға байқау қатысушыларына қандай кеңес берер едіңіз?
Ең алдымен, барлық ойлар мен күмәндарды тастау керек, мүмкіндігінше өзіңізге сеніп, өз артықшылықтарығыз бен жақсы қасиеттеріңіз жайлы ұялмай айту керек. Момын болар сәт емес, себебі бойыңызда көшбасшылық қасиеттер болса, қоғамның игілігі үшін жұмыс жасасаңыз және жарқын болашақ үшін барыңызды салсаңыз, бұл жайлы үндемеңіз. Бәлкім, дәл осы ойларыңыз байқау комиссиясын баурап алар. Ең бастысы тырысудан қаймықпау, себебі байқап көрмей жеңіске жету мүмкін емес.

Шахмардан Есенов шәкіртақысы сізге қалай көмектесті?
Шәкіртақы ең алдымен маған моральдық тұрғыдан қолдау көрсетті, қордың маған деген сенімі мен қолдауын бағаладым. Барлық үміткерлер арасында шәкіртақыға лайықты екенімді ұғыну қиын болды. Жеңістің арқасында мен өзіме көбірек сене бастадым және шәкіртақыны өз жобаларымды дамытуға жұмсадым. Қор менің идеяларыма демеушілік жасағандай болды.

Сәулеттен басқа немен айналысқанды ұнатасыз?
Бәрінен де 2D және 3D форматында оқу курстарын әзірлеу, көрмелер, инсталляциялар, компьютерлік және мобильді ойындар, комикстер мен анимациялар жасау арқылы өнерді насихаттау сияқты өз жобаларыммен айналысқанды ұнатамын. Маған қызық барлық нәрселер кәсіби қызметіммен тығыз байланысты. Сондықтан мен демалып, жұмыс істеп жатқандай сезінемін. Сонымен қатар, мен суырып салма музыкантпын және мезгіл-мезгіл концерттер өткізіп тұрамын, тыңдаушылардың көз алдында нақты уақыт режимінде музыка шығарамын.

Алдағы 2-3 жылда немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Медиа және өнер саласындағы танымал мамандардың бірі болып, бірнеше жеке көрме өткізгім келеді, “SHU” атты жобамды сәтті дамытып, оны халықаралық деңгейге шығарғым келеді, сонымен қатар кәсіби суретшілерге де пайдалы болатын курстарды әзірлеу ойым бар.

Балалық шағыңыздағы ең жарқын естелігі қандай?
Бір қызығы, шетелге саяхат болсын, мектеп болсын, қандай да бір керемет іс-шаралар болсын есімде қалмапты, ал отбасымызда Жаңа жылды қалай қарсы алғаңымыз жарқын естелік болып қалды. Мен үшін бұл сиқырға толы мереке қашан да ерекше маңызға ие еді. Ата-аналарым аспанда отшашу жарқыраған кезде мен оларға мектептегі түскі асқа берілетін ақшаны бір жыл бойы үнемдеп, дайындаған сыйлықтарды ашқан сәт ерекше  есімде қалды.

17.07.23, Жетістік тарихы

Көру саны: 147