Ертай Ескалиев

Мамандығы: кен орындарының геологиясы және барлауы. Есенов шәкіртақысының иегері.

Ертай Семей қаласыныңы тумасы, жасы 26-да. Жас қазақстандық Өскемен қаласындағы ШҚТУ интернатурасының екінші курсында оқиды. Ол қазба жұмыстарына қатысқан, ал алдыда оны докторлық дәрежені алу күтіп отыр. Оның өмірінде сноуборд, кофе және жаңа адамдармен танысу сүйікті істер болып қала бермек. Сіздерге академик Есенов шәкіртақысының тағы бір иегерінің оқиғасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қалай және неліктен Сіз осы мамандықты таңдадыңыз?
Жаңа әдістер арқылы, ғарыштан түсірілім, ұшқышсыз ұшатын аппараттар, лазерлік сканерлеу сияқты әдістермен кен орындарын болжау ісінде қаншалықты терең білуге болатындығы мен үшін қызық болды… Геология және минералогия профессоры Марина Александровна Мизерная мен оқитын жоғары оқу орнында жұмыс істейді және маған көп жағынан бағыт-бағдар беріп отырады.

Есенов шәкіртақысы туралы қайдан білдіңіз?
Менің таныстарымның арасында шәкіртақы бағдарламасының жеңімпаздары бар. Бірақ, әлеуметтік желілердегі жарнама менің өтінім беруіме түрткі болды.

Байқауда сіз үшін ең қызықты не болды?
Әлбетте, шәкіртақы байқауының жеңімпаз иелері КІМ екенін білгім келді. Шәкіртақы иелерін іріктеу логикасын түсінуге тырыстым. Алайда, шәкіртақы иелері арасында түрлі тұлғаларды көргенде мұны түсіну қиынға соғады. Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтіп, әр жеңімпаз басқаларға өзін таныстырды. Дәл сол кезде байқауға өте қызық және лайықты, әлеуеті мол жастар қатысқанын түсіндім.

Неліктен Сіз осы сайыста жеңімпаз атандыңыз деп ойлайсыз?
Менің ең басты мүмкіндігім қазба байлықтарының кен орындарының геологиясы мен барлауы деп аталатын мамандығым болды деп есептеймін. Себебі сіздің қорыңыз Қазақстан геологиясының дамуына және қазба байлықтардың кен орындарын елдің орталығы мен батыс бөлігінде ашуында үлес қосқан академиктің есімімен аталады. Сонымен бірге, академиялық жетістіктерім, Жаңа Бухтарма жанындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуым, Үлкен Алтай тауларының макетін жандандырған университетте музей ашу ісіне қатысуым да есепке алынды.

Болашақ байқау қатысушылармен қандай лайфхактарыңызбен бөлісе аласыз?
Әр нәрсеге әуесқой болуға және академиялық қызметті қарқынды жоспарлауға кеңес берер едім. Студент өз саласында барлық инновацияларды біліп отырып, конференциялар мен семинарларға қатысуы қажет деп есептеймін. Біліміңіз сіздің қаншалықты кәсіпқой екендігіңізді байқатады. Соқыр тәуекелдерге қорықпай келісіп, университеттің жаңа жобаларына қатысу керек. Бұл сіздің қаншалықты жан-жақты екендігіңізді, командада жұмыс істеу және мәселені шешу қабілетіңізді көрсетеді. Волонтерлік қызмет сіздің бонусыңыз болмақ, бірақ волонтерлік – бұл түйіндемеңіздегі бір тармақ емес, бұл сіздің басқаларға көмектесу ЫҚЫЛАСЫҢЫЗ.

Ертай, шәкіртақыны неге жұмсадыңыз?
2021 жылғы шәкіртақы иелері арасында санаулы докторанттардың бірімін. Білім алудың осы сатысында көп дүниелер – ғылыми зерттеулер, мақалалар, жарияланымдар қымбатқа түседі. Міне, осы нәрселерге шәкіртақымды жұмсадым, бұл шәкіртақы мен үшін көп пайдасын тигізді.

Жақын жылдары қандай жоспарларыңыз бар?
Біріншіден, докторлық дәрежені алу. Екіншіден, диссертация тақырыбыма ұқсас жобаларға қатысу. Үшіншіден, Қазақстанда геология ғылымдары саласында бизнес пен консалтинг бағытын зерттеп білу.

Өз отбасыңыз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз?
Менің ата-анам консервативті көзқарастағы кісілер. Бірақ әр бала сияқты олардың дамуына ықпал етіп жатырмын деп ойлаймын. Әлбетте, олар да менің дамуыма әсерін тигізуде. Консерваторлар қазіргі әлемнің шынайы болмысына баяу бейімделеді десем де болады.

15.05.22, Жетістік тарихы

Көру саны: 183