Захридин Мусаев

Мамандығы: жалпы медицина. Есенов шәкіртақысының иегері.

Асфендияров атын. ҚазҰМУ-дың 21 жастағы студенті Захридин елге Өзбекстаннан көшіп келген. Болашақ дәрігер көп нәрсеге қызығушылық танытады және өзінің кәсіби саласында жақсы бағдарланған. Өткен жылғы көктемде ол Есенов шәкіртақысының  иегері атанды, ал осы жазда ағылшын тілі мен әскери іс бойынша білім алуды жөн көреді. Артында балалық шақтан жылы естеліктер қалды, ал алда – медициналық мекемеде жұмыс істеу, интернатура және резидентура…

Балалық шағыңыздың жарқын естелігі қандай?
Ташкентте дүниеге келдім. Бала кезімде отбасымызбен гүлзарларға, саябақтарға, табиғат аясындағы демалыс аймақтарына жиі баратынбыз. Ал, әр демалыс күндері атам мен әжемнің ауылына баратынбыз, олардың жеке фермасы және кішкентай бақшасы болатын. Осының барлығын әлі күнге дейін ерекше жылулықпен еске аламын.

Медицинаға қызығушылық танытып, осындай жоғары оқу орнына қалай түстіңіз?
Атам 30 жылдан астам аудандық ауруханада дәрігер болып жұмыс істеді. Бізге өз тәжірибесінен әртүрлі оқиғаларды жиі айтып беретін. Кейде мені өзіммен бірге жұмысқа алып баратын еді, онда емделушілердің дәрігерлерге көрсеткен көмегі мен өмірін сақтап қалғаны үшін ризашылықтарын жиі көретінмін. Сондықтан, бірінші сыныптың өзінде медициналық оқуға түсіп, дәрігер боламын деп шештім. Менде басқаларға көмек көрсететін боламын.

Қордың шәкіртақылық байқауына қалай және неліктен қатысуға шешім қабылдадыңыз?
Бірде студенттік ғылыми қоғамның жиналысында Төраға бізге әртүрлі шәкіртақылық бағдарламалар туралы айтып берді. Солардың бірі Шахмардан Есенов шәкіртақысы еді. Интернеттен Қор және байқау туралы ақпаратты тауып, бағымды сынап көруді шештім. Қандағы глюкозаны инвазивті емес жолмен анықтау әдісін зерттеуді жоспарладым, сондықтан бұл үшін қосымша қаржылық көмек қажет болды.

Байқаудан не есіңізде қалды?
Бірінші турдың  шығармашылық бөлімі: «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істеймін?». Бұл тақырыпта ойлау, пікір жазу қызықты болды. Екінші тур онлайн өтсе де, оңай болған жоқ, өйткені онда маған әр түрлі және күтпеген сұрақтар қойылды, бірақ бәрі де емтихан сияқты емес, іскерлік әңгіме ретінде өтті. Логикалық ойлау тапсырмасын шешу ұсынылды: әркімнің басына түсетін белгілі бір қиын өмірлік жағдай берілді, оған кез келген адам тап болуы мүмкін, ал маған одан шығудың жолын табу керек болды.  Мәселені әділ объективті бағалап, оң және теріс жақтарын өлшеп, шешім қабылдау қолымнан келді.

Осындай байқаулардың қатысушыларына, өз құрдастарыңызға қандай кеңес бере аласыз?
Біріншіден, қорықпаңыз және қатысыңыз: алған тәжірибеңіздің болашақта пайдасы тиеді. Екіншіден, барлық мүмкін деген конференциялар мен семинарларға белсенді қатысыңыз. Онда  өзіңіздің шешендік қабілеттеріңізді және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларыңызды дамыта аласыз, бұныңда тигізер пайдасы мол болмақ.

Осы жазда немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Мұғаліммен ағылшын тілін үйренуді жалғастырамын. Сондай-ақ полигонда әскери дайындығым бар.

Сіздің алдағы жоспарларыңыз?
Күзде басталатын келесі оқу жылы бакалавриаттағы менің соңғы жылым болмақ. Содан кейін интернатура мен резидентурада оқуды жалғастырамын. Сонымен қатар, клиникалық практикаға рұқсат алып, медициналық мекемеде жұмыс істегім келеді.

14.06.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 95