Диас Ормағанбетов
Мамандығы: геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау. Есенов шәкіртақысының иегері.
Бұл қазақстандық студенттің жасы 20-да, осы жылы ҚБТУ-дың 3-ші курсын тамамдайды. Неліктен Диас жоспардан тыс далалық жұмыстардан тұратын геологияны таңдады және бакалавр дәрежесін аяқтағаннан кейін немен айналысуды жоспарлап отыр? Бұл жайлы Шахмардан Есенов атын. ғылыми білім беру қорының шәкіртақы бағдарламасының жеңімпазы өзі айтып берді.
Жаңартылатын энергия көздерін ескерсек, геология және пайдалы қазбаларды барлау әлемдегі рөлін айтарлықтай жоғалтады. Бұл туралы біле отырып, неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
Геологиялық барлау тек энергетикалық ресурстарды ғана емес (ең алдымен көмірсутектерді), сондай-ақ металл және құрылыстық пайдалы қазбаларды да қамтиды. ҚБТУ түлектері асыл, радиоактивті және сирек кездесетін металдармен айналысатын әртүрлі шетелдік өндіруші компанияларда жұмыс істейді. Мысалы, жаңартылатын энергияны сақтау үшін литий мен асыл металдардан тұратын аккумуляторлар қажет, ал күн панельдерінің құрамына бірқатар қара, сирек кездесетін металдар мен кремний кіреді. Сондықтан пайдалы қазбаларға сұраныс артып, геология өзекті болып қала бермек.
Қай жердің тумасы боласыз, балалық шағыңыздағы ең жарқын естеліктеріңіз қандай?
Алматыда дүниеге келдім. Балалық шағымның көп бөлігін Қаскелең қаласының маңында, әжемнің жанында, ағаларым мен әпкелерімнің ортасында өткіздім. Бала кезімізде табиғаттың тазалығы мен сұлулығына тамашалау үшін тауға жиі баратынбыз. Кім біледі, мүмкін сол кезден бастап геологияға қызығушылық таныта бастаған шығармын.
Оқудан бос уақытыңызда немен айналысасыз?
Ең басты хоббиім – бұл серуендеу. Қорықтарға, каньондарға, жанартауларға, үңгірлерге барғанды ұнатамын. Бұл тұрғыда, мен үшін ең таңғажайып орын – Еуропадағы ең үлкен жанартау – Этна. Күл мен базальт арқылы оның кратерлерінің біріне көтерілген кездегі жанартаудың атқылау дыбыстары әлі есімде.
Есенов шәкіртақысының байқауына қатысуға қалай шешім қабылдадыңыз?
Бұл өте риясыз шешім болды, тіпті шәкіртақы туралы білмедім. Факультетімнің оқытушылары хабарлап, өтінім беруді ұсынды, себебі олар менің нені көздейтінімді білетін. Ал, қор туралы ақпараттарды оқыған кезде Шахмардан Есенұлынан шабыт алып, жаңа биіктерді бағындыруға тырысуым керек екенін түсіндім. Міне, осылай өтінім бердім және жеңдім.
Неліктен дәл Сіз жеңіске жеттіңіз деп ойлайсыз?
Алға қойған мақсаттарыма ұмтылуым көмектесті деп ойлаймын. Әрқашан өзімді жаңа нәрседе сынап көруге және баға жетпес тәжірибе алуға тырысамын. Құрдастарыма байқауларға, олимпиадаларға және кейс-чемпионаттарға қатысудан қорықпауға кеңес бергім келеді, өйткені жүлделі орынға ие болмасаңыз да, бәрібір жеңіске жетесіз — көп жаңа білімге қол жеткізесіз. Алайда, сол алған білім мен тәжірибені қалай пайдаланасыз, тек өзіңізге байланысты. Баршаңызға сәттілік тілеймін!
3-5 жылдан кейін өзіңізді қайдан көресіз?
Пандемияға байланысты оқыту онлайн форматта өтуде. Бірақ менің факультетімнің студенттері қашықтықтан сапалы білім алу үшін барлық қажетті мәліметтерге, анықтамаларға және бағдарламалық жасақтамаға қол жеткізе алады. Жыл соңына дейін өзімнің бағытым — пайдалы қазбаларды геологиялық барлау бойынша шетелдік компанияда тағылымдамадан өтемін. Бакалавриатты бітірген соң, геология және геофизика саласындағы білімімді нығайту үшін магистратурада оқуды жалғастыратын боламын.
21.04.21, Жетістік тарихы
Көру саны: 194