Елдос Адетбеков

Мамандығы: ақпараттық жүйелер. Есенов шәкіртақысының иегері, YDL жазғы мектебінің қатысушысы.

Елдос ҚазҰУ түлегі. 21 жастағы жігіт Талдықорған қаласының тумасы. 2017 жылы жас жігітіміз айтарлықтай қатал байқаудан жеңіп шығып, Шахмардан Есенов шәкіртақысының иегері, ал бір жылдан кейін тағы бір байқаудан өтіп, Yessenov Data Lab (YDL) деректерді талдаушыларға арналған жазғы мектебінің студенті атанды.

Елдос, біз Сіздің Португалияда тағылымдамадан өткеніңізді білеміз. Сол жайлы айтып өтсеңіз.
Бұл академиялық алмасу бағдарламасы бойынша ғылыми іс-сапар болды. Аталмыш тағылымдаманы 2017 жылдың күзінде Лиссабон жоғарғы инженерия институтында өттім.  Бұл: Multimedia Authoring, Machine Learning және Image Processing сияқты үш пән бойынша курс. Ғылым мен технологияны алға жылжытып келе жатқан, Google сияқты үлкен қауымдастықтың құрамына кіретін профессорларымен бір жобада жұмыс жасау шыныменде тамаша мүмкіндік. Осындай мүмкіндіктер мені үнемі үлкен бір нәрсеге итермелеп, алға жетелейді, әрдайым тонуста болуға, және, әрине жаңа қарым-қатынастар орнатуға көмектеседі.

Есенов шәкіртақысы Сізге нақты бір көмек көрсете алды ма?
Білесіз ба, иә. Ол маған әрі қарай дамуыма, тіпті менің Лиссабондағы жол шығындарымды жабуыма көмектесті. Және де осындай беделді бағдарламаның шәкіртақы иегері екенімнің өзі маған өмірде шабыт беріп отырды.

Сіз үшін Yessenov Data Lab байқауы қалай өтті, несімен есіңізде қалды? Және, әрине, мектептің жеке Сіз үшін нәтижесі.
Байқауда мен үшін ең күрделісі а) Google қолдануға тиым салынды және б) бүкіл мектеп бағдарламасын еске түсіру керек болдыJ. Ал, жазғы мектептегі оқу барысы тамаша ұйымдастырылған. Егер, шынымды айтсам, бағдарламадан осындай жоғарғы деңгейді күтпеп едім. Бағдарламада деректерді талдаудағы ең озық технологиялар, машиналық оқыту, нейрондық желілер және компьютерлік жанар сияқты тақырыптар қозғалды. Осы алған білімімнің барлығы маған бүгінгі күнде таптырмас көмек болуда.

Бүгінде немен айналысудасыз, ағымдағы жылға қандай жоспраларыңыз бар?
Деректерді талдау жазғы мектебін аяқтағаннан кейін менімен Beeline HR-менеджері хабарласып, сұхбаттасуды ұсынды. Университеттегі оқуыма байланысты, бірден келісімімді бере алмадым. Алайда, олар қаңтар айына дейін, менің өндірістік тәжірибем басталғанға дейін, күте алатындарын айтты. Осылайша менде жұмысқа дайындалуға, Beeline (Spark, Hadoop және т.б.) спецификалық стэк технологияларын түсінуге уақыт пайда болды.  Қазіргі таңда мен Big Data өнімдерін дамыту бөлімінде деректерді талдаушы болып жұмыс жасаймын. Бұл жерде өте кәсіби және тату ұжым.  Барлық жерде көмектесетін тәлімгерлерімнің бар екендігі қуантады. Менің мақсатым — олардың кәсіби дағдаларын бойыма сіңіре отырып, өзімдегі дағдыларды дамыту. Жақын арада мені Big Data өнімдері тақырыбында өтетін халықаралық конференцияға іс-сапарға жіберуге уәде етті.

Елдос, Сізді computer sciences-тен басқа тағы не қызықтырады?
Музыкамен айналысуды ұнатамын: фортепианода, гитарада ойнаймын, вокалмен айналысамын.  Менің тағы бір хоббиім пленкалы фотоаппаратқа суретке түсріру. Маған әр түрлі жерлермен қыдырып, тұжырымдамалық суреттер түсіру ұнайды.

20.05.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 150