Дінмухамед Шахман

Мамандығы: химия. Тағылымдама: Université Côte d’Azur, Франция; Brock University, Канада.

Өткен жылдың басында 22 жастағы Димаш Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы байқауының жеңімпаздар қатарынан табылды. Алматының тұрғыны өзінің тағылымдамасын екі бөлікке бөлді: мамыр мен маусымда Францияда, ал қалған жаз айларында Канадада жұмыс істеді.  Осыдан бір жыл бұрын жас ғалым қордың тағы бір байқауында үздіктер қатарынан көрініп, Есенов шәкіртақысын жеңіп алған болатын.

Неліктен химия Сізге соншалықты қызықты?
Бізді қоршап тұрған және өмір сүру сапасын жақсартатын барлық заттар негізінен химияның арқасында дамыды. Бала кезімнен мені дәрі-дәрмектер, тәттілер, косметикалық өнімдер сияқты әртүрлі заттардың қалай жасалатыны қызықтыратын.

Сіздің тағылымдамаңыз қалай өтті?
Канадада синтезделген химиялық қосылыстардан жаңа мырыш кешенін алумен жұмыс жасадым. Содан кейін онысынақтан өткізіп көрдім – әртүрлі реакцияларда катализатор ретінде қолдандым. Мұндай жұмыс маған қызықты болып көрінді, сондықтан да осы саладағы әлемдегі ең мықты профессорлардың бірі Георгий Никоновтың қол астында тағылымдамадан өтуді жалғастырдым.  Ал, Ницца Химия институтындағы тағылымдамам туралы айтатын болсақ, доктор Сильвейн Антониоттидің жетекшілігімен жасалған жұмысымның басты мақсаты алқызыл ағаш молекуласын синтездеу болды. Ол әтірлерге тиісті хош иіс ноталарын береді.  Синтетикалық өнімді алудың басты себебі – алқызыл ағашының жойылу алдында тұрғандығы. Сондықтан, біз оны басқа өнімдермен алмастыруға тырысамыз.

Зертханаларда қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Канадада мырыш катализаторын синтездеп қана қоймай, оны сәтті сынақтан өткіздім. Біздің топ бұл жұмыста біраз жетістіктерге жетті. Екі жоба да табиғи өнімдерді алмастыру үшін үнемді және экологиялық балама жасау үшін зор әлеуетке ие.

Канада мен Францияда ғылымнан басқа қандай қызықтар болды?
Францияның бүкіл көгілдір жағалауына саяхат жасап, Еуропаның әр түкпірінде оқып немесе жұмыс істеп жатқан достарыммен кездестім. Оңай болған жоқ. Канадаға келетін болсақ, ол жерде бос уақытым өте аз болды. Сондықтан, ғылымнан басқа айта алатын жалғыз нәрсе, ол осы ел азаматтарының тұрақты өмір сүрулеріне жасалған жағдайлар. Сондай-ақ, велосипедке қатысты қызықты оқиға болды. Оларды екі елде де менен ұрлап кетті. Алайда, соңында табылды.

Димаш, Yessenov Foundation байқауларына қатысқысы келетіндерге қандай кеңес бере аласыз?
Болашақ қатысушылар өзінің мақсатқа жету жолын жоспарлауы керек. Егер де Сіз байқауда жеңіске жетуді шешсеңіз, түйіндемені дайындауды алдын-ала бастаңыз (академиялық және еріктілік шараларға белсенді қатысыңыз), GPA-ді көтеріңіз, тәжірибелі әріптестеріңізден кеңес алыңыз.

19.11.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 2,110