Бимаржан Асатова

Мамандығы: биологиялық ғылымдар. Тағылымдама: Массачусетс технологиялық институты, АҚШ.

Кішкентай, бірақ сүйікті Арқалық балалық шақта қалды. 22 жастағы студент енді Nazarbayev University-де білім алуда. Былтырғы жылы ол академик Ш.Есенов атындағы қордың жазғы тағылымдамалар конкурсын жеңіп, MIT бөлігі болып табылатын, Биомедициналық зерттеулер институтында Роберт Вайнбергке тағылымдамадан өтуге барды. Ал қазір Бимаржан бакалавриат бағдарламасын аяқтап, әрі қарай не істеу керектігін байыппен ойланып жүр.

Сіз биоғылымдармен қалайша айналысып кеттіңіз?
Бала кезімнен маған адам денесінің құрылымымен және оның сырқаттарымен байланысты барлық нәрсе үнемі қызықтыратын. Менің анам дәрігер, ол әрқашан менімен медицина саласынан сан алуан фактілермен бөлісіп, биология және медицина бойынша кітаптарды оқу үшін беретін. Содан соң мен атама барып, айбынды келбетіммен білгенімнің бәрін айтып беретінмін. Менің биология пәнінің мұғалімімен де жолым болып, ол сұрақтарыма жауап беруге және жобаларға қолдау көрсетуге әрдайым дайын тұратын.

Конкурста не нәрсе қызықты болды?
Мен шын мәнінде өзіме және өз күштеріме сене бастадым. Өтінімді беру қажет пе деп ұзақ ойландым. Бірақ конкурстық процесс және жеңіске жету ақырында менің ешқашан бір нәрсеге қалаған дәрежеде жеткілікті түрде дайын болмайтынымды, сондықтан да әрекет ету қажет екенімді түсінуге себепші болды.

Сізді ғылымнан өзге, тағы не қызықтырады?
Балалық шағымда коньки тебу спортымен шұғылдандым, және университетте бірінші курста мен Астана мұз ареналарының біреуінде базалық сабақтарды оқыттым. Университетте бал билерімен шұғылдана бастадым, және де МІТ-ке тағылымдамаға барған кезімде, университет командасында классикалық бағдарламаны (вальс, фокстрот, танго, квикстеп) билеуді жалғастыратын болдым.

Тағылымдамада қандай жұмыс атқардыңыз?
Ауырлығы жоғары дәрежедегі аналық бездің сірлі қатерлі ісігін зерттедім. Ол бойынша өміршеңдік статистикасы өте төмен, әдеттегідей, емделушілер 5 жыл ішінде қайтыс болады, бұл емдеуге нашар реакциямен және метастазалар пайда болуының жоғары жылдамдығымен байланысты. Менің мақсатым генетикалық мутациялардың жасушалардың қатерлі ісікке қарсы препараттардан қорғанысқа ұқсас бір нәрсе – өздерінің айналасында микроортаны жасау қабілеттілігіне қалай әсер ететінін түсіну болды. Менің обыр жасушаларының иммунитеттің қатерлі жасушаларды жою бойынша жұмысын қалайша басатынын түсінуім қажет.

5 ай тағылымдама ішінде Сіз қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Менің жобам препараттарға жауап ретінде обыр жасушаларының екі желісінде мутациялардың белгілі бір жиынтығының әсер етуін талдау болып саналады. Жасушалық желіге (шығу тегі бірдей) байланысты емдеуге екі мүлдем әртүрлі жауап берген мутациялардың бір ғана түрі болып шықты. Мен талдау жасап, емдеуге тұрақтылық үшін әлеуетті түрде жауапты бола алатын 5 ақуыз анықтадым. Тағылымдаманың соңында мен «күмәнділер» тізімін 3-ке дейін қысқарта алдым. Жоба әлі аяқталған жоқ, қазір тышқандарға экспертимент жүргізіп жатырмыз. Бостонда тағылымдамадан өтуден бұрын мен мансабымның докторантурада жалғастыратыныма сенімді болдым, бірақ, Massachusetts General Hospital-да жұмыс істеп, тек қана ғылымның маған аздық ететінін түсіндім. Сондықтан мен әлі де шешім қабылдау үстіндемін.

Шетелде білім алғысы келетін адамдарға қандай кеңестер бере аласыз?
Университеттің беделі бағдарламаның сапасына, салауатты жұмыс атмосферасына және өзіңді іске асыру мүмкіндіктеріне тең болмайды. Сондықтан университетті таңдаған кезде оқу орнының рейтингіне ғана қарамаңыз. Уақыт келе, тіпті бір нәрсені істеп тастауға күші келмеген не көңіл-күйі, ықыласы болмаған кезде де, дәл сіздің шынымен ұнататын істеріңізді жасауға уәждемеңізден басқа, мұның маңызы болмай қалады. Қай жерде білім алу емес, қалай және кімнен білім алу маңыздырақ. Тағы бір кеңесім – өзіңізге әрдайым сенімді болыңыз.

16.03.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 62