Бекасыл Батталғазы
Мамандығы: Химиялық инженерия. Тағылымдама: Берклидегi Калифорния университеті, АҚШ.
Жүгіруді және жүзуді жақсы көретін, ұйқыға жатар алдында жақсы шарап пен медитациялық музыка тыңдағанды жөн көретін 22 жастағы Астаналық Бекасыл, осыдан 2 жыл бұрын Академик Есенов атындағы қордың грантын жеңіп алған болатын. Әлі бакалавр дәрежесін алмаған жас жігітке, үлкен ғылымның жолдары кеңінен ашылып үлгерді. Енді көкжиекте – докторантура.
Сіз химияға қашаннан бастап қызыға бастадыңыз?
Химия саласынан ешқашан “супер” болмағанмын. Бірақ дәл осы мамандықты таңдағаным таңқаларлық жайт. Себебі, мектеп кезінде қазіргі таңдаған мамандығым туралы ойланбағанмын да. Мектеп жасынан бастап математика мен физикаға қызығушылығым жоғары болатын. Бірақ, осы саланы оқи бастағанымда күн сайын қызығушылығым артып, ары қарай тереңірек біле бергім келді. Дәл қазір жалпы химия туралы емес, химиялық инженерия туралы айтып отырмын. Себебі, екеуі бір нәрсе емес. Мен төртінші жыл оқып жатқан ғылымда, физиктер көп. Химиялық инженерия – бұл көптеген опциялар, мүмкіндіктер мен бағыттар. Бұл менің болашақтағы қызметімнің саласын таңдауыма көмектеседі.
Гранттық конкурстың финалында сіз үшін ең қиыны не болды?
Менің ең үлкен қорқынышым конкурс ұйымдастырушылары қандай критерий бойынша үздіктерді таңдайтыны, қалай бағалайтыны болды. Конкурс барысында ең бастысы саспай, өзімді байыпты ұстап, тапсырмаларды тынғылықты орындау басты мәселе екенін білдім. Өйткені іскерлік ойын кезінде үрейленіп, өзімді толық көрсете алмауым әбден мүмкін еді. Сондықтан да барлық қатысушыларға айтар басты кеңесім, қандай жағдай болса да өзіңді байыпты ұстап, табиғи қалпыңнан танбау. Менің қолымнан келді, сеніңде қолыңнан келеді!
Тағылымдама қалай өтті?
Мен Берклидегi Лоуренс атындағы ұлттық зертхананың молекулярлық бөлімінде тәжірибеден өттім. Менің жоба бойынша нұсқаушым Тевье Кюйкендал болды. Ол кісі мен кездестірген ең үздік тәлімгерлердің бірі. Сондықтан менің жолым болды. Біздің жобамыз латералды қайта құру және наноматериалдар синтезіне қатысты болды. Тағылымдама танымды болды және шын мәнінде жағымды атмосферада өтті. Сонымен қатар, Беркли бақытты өмір сүріп, өмірден рахаттанатын қалалардың бірі. Дәл осы қалада болғаныма қуаныштымын.
Жоспарланған дүниелерді орындау мүмкін болды ма?
Иә, тәжірибе алу тұрғысынан тағылымдаманың негізгі мақсатына қол жеткіздім. Ғылыми жұмыстың мақсаты жартылай өткізгіш материалдардың қызықты класы болып табылатын өтпелі металдар синтезі болды. Тағылымдама соңында біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, мен тіпті жұмысымның нәтижелерін Лоуренс зертханасында өткен наноғылым жыл сайынғы конференциясында ұсындым. Бұл айтишников үшін Хакатон сияқты.
Алға қойған мақсатыңыз?
Америкаға сапар болашақта қай бағытта жұмыс істеу керектігіме бағыт берді. Жақында бакалавр дәрежесін аламын. Ал одан кейін наноғылым және нанотехнологиялар саласындағы докторантура бағдарламасына түсуді жоспарлап отырмын. Әзірге солай. 2019 жылдың жазы менің өмірімді түбегейлі өзгертті деп сеніммен айта аламын. Бұрын мен бірнеше жобалармен бірдей жұмыс жасай беретінмін. Бірақ, сол жобалардың ешқайсы да менің жаныма жақын келмеді. Ал қазір нақты немен айналысуды қалайтынымды білемін. Бұл жаңа бастама сияқты.
17.09.19, Жетістік тарихы, Жаңалықтар
Көру саны: 202