Айдар Жетесов

Мамандығы: электротехника және электроника. Тағылымдама: ETH Zurich.

Болашақта инженер, ал қазірде Nazarbayev Universtity студенті Айдар тағылымдаманы доктор Йохан Вальтер Колардың басшылығында Цюрихтегі Швейцариялық жоғарғы техникалық мектебінің жүйелік күштік электроника зертханасында өтті (ETH).

1. Университетке тускендегі электротехника және электроника мамандығын таңдауыңыздың себебі неде?
Мектепте мен физиканы шын көңіліммен оқыдым. Физиканың көптеген бағыттарының ішінде мені электромагниттік өріс теориясы қызықтырды. Менің ойымша, ол толықтай жетілген және пысықталған теориялардың бірі. Бұл теория кезінде күшті әсер туғызып, өмірдің қыры мен сыры жайындағы біздің түсініктерімізді әлдеқайда өзгертті.  Көптеген адамдардан кеңес ала отырып, егер де мен елімнің ғылыми дамуына өз үлесімді қосуды қаласам, инженерия – лайық жол деген шешімге келдім. Инженер – ол, ғылымды пайдалана отырып күнделікті өмірдің нақты мәселелерін шешетін адам. Ал инженерия – ең перспективті салалардың бірі. Сондықтан да, менің мамандықты таңдаудағы шешімім қызығушылықпен, шынайы ниетпен және айналадағы адамдардың кеңесімен, перспективаларды түсінуіммен байланысты.

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз? Ең қиыны не болды?
Сенің бәсекелестерің елдің ең үздік студенттері болған жағдайда академиялық тұрғыдан ерекшелену қиын.  Менің ойымша, мұндай жағдайларда өз-өзін дұрыс жағынан көрсете білген адам ғана жеңіске жетеді. Осындай сайыстарда өз ойыңды дұрыс жеткізе білу берік негіз болып табылады деп ойлаймын.  Ал бұл техникалық тұрғыдан зерек, алайда лингвистикалық тұрғыдан шектеулі үміткерлер үшін ең қиыны болып келеді, солардың ішінде мен де бармын.

3. Тағылымдаманың мақсаты қандай болды?  
Менің жобам элекромоторлар үшін ультра жылдамдықты тірексіз тездеткіштер тұжырымдамасымен байланысты. Жай тілмен айтқанда, мен электромоторлар жылдамдығы үшін жаңа әлемдік рекорд орнатуға тырыстым.  Ал мен алған білімді жартылай өткізгіштер, мұнай және өндірістік индустриясында және медицинада қолдануға болады. Практикалық тұрғыдан мен үшін ең маңыздысы – бұл тағылымдама қорытындысы менің семестрлік жұмысым болып шықты.  Осы жұмысым жарияланып, Nazarbayev University студенттік жұмыстар мұрағатына кірді.

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?  
«Материалдық» нәтижелер ішінде бұл екі түрлі дизайндегі статорлар мен аналогтық бақылау платосы. Оларды өзім жобалап, жұмысқа жарамдылығын тестіледім.  Өзімнің жазбаша баяндамамды мақтан тұтамын. Бұл менің қазіргі таңдағы 45 беттен тұратын ең толық ғылыми жұмысым! Цюрихтен терең қанағаттандырылған сезіммен қайттым, көптеген жаңа дос таптым, баға жетпес білім алдым және де өз-өзіме деген сенімділікке ие болдым. Тағылымдама менің дипломдық жұмысыма қөп көмектесіп жатыр. Алдағы уақытта оқуымды осы мамандық бойынша PhD-де жалғастыруды жоспарлап отырмын. Әрине, ETH Zurich – мен түскім келетін оқу орнының бірі екені сөзсіз. Өз ісімді ашу туралы ойларым да бар, алайда қазірше бұл тек жай ғана идеялардың бірі.

27.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 59