Аслан Табылдиев

Мамандығы: Химиялық инженерия. Магистратура: Беркли қаласындағы Калифорния университеті, АҚШ.

2017 жылдың көктемінде Атырау қаласының тумасы Аслан Табылдиев академик Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының шетелде магистратурада оқу грантын жеңіп алғаыннан хабардар болады. 24 жастағы қазақстандық байқауға дайындалған қиын да ауыр кездерінің, Беркли университетінде оқыған бір жылының артта қалғанын айтады. Ол қазір отанына оралуда. Енді ол үшін алда не болатынын білу ғана қалды.

Аслан, Беркли университетінде оқығандығыңыз туралы толығырақ айтып өтсеңіз.
Мен Беркли университетінде   химиялық инженерия мамандығы бойынша оқуды жалғастырдым. Оқыған бағдарламамның мақсаты-коммерциялық табысты өнімдерге техникалық инновацияларды трансформациялау саласында жоғары білікті маман болу. Мен химиялық инженерия саласының ішіндегі микроэлектроника мен энергиямен жабдықтау жүйесін таңдадым. Микрочиптерді дайындаудың технологиялық процестерін және энергетикалық жүйелердің әртүрлі түрлерін оңтайландыруды зерттедім. Оқыған білімімнің арқасында қазіргі таңда химиялық инженерия саласында жаңа өнімді, микрочиптердің түрлі сызбаларын жасап, ілгерілете аламын, интегралды микросхемалар қалай жұмыс істейтінін және энергетикада машиналық оқыту қалай қолданылатынын түсінемін.

Аталған оқу орнында теориядан басқа тәжірибе жүзінде де білім ала алдыңыз ба?
Әрине. Екі ай бойы мен Кремний пластинасында өз құрылғыларын жасап, оларды жұмысқа қабілеттілікке сынайтын университеттің зертханасында жұмыс істедім. Атап айтқанда, мен ол жерде зерттегедерім Intel, Micron, Microchip және т.б. халықаралық комапиялар қолданады. Менің соңғы жобам — Lam Research микрочиптерге арналған жабдықты өндіретін ірі компанияға кеңес беру. Оны капиталдандыру 26 миллиард доллардан асады. Құрамына кірген Команда төрт ай ақылды сағаттарда, қосымша және Виртуалды шындық өнімдерде және ноутбуктерде қолдану мақсатында MicroLED жаңа технологиясын зерттеу бойынша жұмыс істеді. Сондықтан осы университетте теориялық және практикалық білімнің үлкен багажын алдым деп айта аламын.

Сіз Штатқа қандай нәтижемен кетіп, үйге қандай жетістікпен оралдыңыз?
Атап айтар болсам, үйге магистратураны үздік бітіргендігімді дәлелдейтін дипломмен келдім.  Сондай-ақ, басты жетістігім нженерия саласындағы Топ 5 магистрант қатарына ендім. Lam Research жобасының шеңберінде біздің команда осы өнім үшін әлеуетті нарықты егжей-тегжейлі зерделеп, талдады. Біз барлық ықтимал технологиялық, нарықтық тәуекелдерді бағаладық және оларды төмендету бойынша жоспар құрдық. Біздің команда жобаның техникалық аспектісі бойынша жұмыс істеді. Технология өте күрделі процесс. Жұмыс барысында түрлі проблемалар болуы мүмкін. Біз командамызбен сол проблемаларды шешу жолдарын ұсындық. Оны компанияның техникалық директоры жоғары бағалап, біздің жобамыз бойынша жұмысты жоспарлауды бастап жатыр.

Аслан, алға қандай жоспарларыңыз бар?
Мен Қазақстанға оралдым. Осы алған білімім мен тәжірибем қажет кез-келген мекемелерде жұмыс істей аламын деп ойлаймын. Қазірдің өзінде ірі мұнай-газ компанияларында инженер мамандығы бойынша ұсыныс түсті.  Сондай-ақ, мен энергетика саласында машиналық оқыту саласында менің дағдыларымды талап ететін жұмыспен айналысқым келеді. Бірақ, өкінішке орай, бұл біздің елде қазірше мүмкін емес.Және менің жоспарымда докторантурада оқу да бар. Бұның барлығы да болашақтың еншісінде!

11.07.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 71