Әнел Тұрғамбаева

Мамандығы: биология. Тағылымдама: Бэйлор медицина колледжі, АҚШ.

Әнел24 жастағы Семейлік магистрқазіргі таңда Канададағы оқуын тамамдап жатыр. Ал мұның бәрі бұрынырақ басталды. Бала кезінен бәріне, тіпті гимнастика мен билерге қызығушылық танытып өсті. Көптеген жылдардағы кішкентай жеңістерден кейін ол академик Ш.Есенов атындағы қордың  грантына ие болып, тағылымдамадан өту үшін алыс Техасқа жол тартты. Бір қарағанда, ол қарапайым қыз: йоганы ұнатады, француз тілін үйренуде, Netflix-ті көреді, электронды кітаптар оқиды және де макияжбен әр түрлі тәжірибелер жасайды. Ал екінші жағынан: артриттің табиғатын және гендік инженерия әдістерін зерттейді. Қазақстандық жас ғалымды алда не күтуде?

Қордың гранттық байқауы қалай өтті?
Бұл менің байқауға екінші рет қатысуым болды. Бакалаврде оқыған кезімде тіпті финалға да жете алмадым. Алайда… Екінші тур қызықты әрі тартысты өтті. Әрине, өз тарихымды басқалардың алдында айту қиын болды, бірақ психологтар бізге өзіңді өзге адам сияқты көрсетпей, шанайы болыңдар  деп кеңес берді.

Тағылымдама кезінде немен жұмыс істедіңіз?
Профессор Кристин Битонның
жетекшілігімен жұмыс істедім. Тағылымдама барысында ревматоидтық  артриттің себептерін зерттеуді жалғастырдым. Неліктен дейсіз бе? Бұл ауру өте кең таралған – әлем халқының шамамен 1% ауырады, бірақ оның пайда болу себептері әлі де белгісіз. Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанда бұл сырқаттан өлім-жітім көрсеткіші 20%-ға өсті, ал пациенттер саны әліде өсуде. Артритке арналған дәрі-дәрмектер себептерді емес, белгілерді емдеуге бағытталған және олардың көптеген жанама әсерлері бар. Міне бұл дәл осы бағытты таңдауымды түсіндіреді. Тағылымдама кезіндегі менің жұмысымның нақты мақсаты фибробласттардағы иондық каналдар арасындағы функционалды байланыстарды зерттеу болды. Бұл артрит дамуында маңызды рөл атқаратын жасушалар.

Жұмысты қандай нәтижемен аяқтадыңыз?
Біз зерттеген каналдың ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда ең көп кездесетін түрі екенін көрсете алдық. Бұл каналдың гені — қарапайым сөзбен айтсақ — артритке жауап береді. Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақала жарияланатын болады. Колледж зертханасында көп түсті цитометрия деректерін жобалауды, орындауды, жинақтауды және талдауды үйрендім. Жасуша дақылдарымен жұмыс істеу дағдыларымды жетілдірдім. Магистрлік диссертациямның бөлігі ретінде өткізілген тезистік жұмыстарымның аясында тәжірибелер жасадым,  жақын арада жарияланымға шығады деп үміттенемін.

Бұдан әрі өзіңізді қалай таң қалдырамақсыз?
Қазақстанға оралғаннан кейін жинақтаған тәжірибемді әріптестеріммен және университет зертханасындағы студенттермен бөлістім. Бұл бізге аутоиммундық аурулар мен қатерлі ісік ауруларын зерттеуде үлкен серпін беретініне сенімдімін. Осы жылы (қазір мен Канададағы Brock University-ге ауыстым) магистратурамды аяқтаймын, одан әрі докторантураға  түсуді ойлап отырын. Бұл орайда маған тағылымдама барысында алған тәжірибем мен профессордың ұсынымы көмектеседі. Жасуша және молекулалық биология мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Зерттеулерде гендік инженерия мен оптогенетика комбинациясын қолданамыз. Сондықтан, өзімді алда әліде  таң қалдыратын боламын.

Отбасыңыз туралы бірнеше сөз айта кетсеңіз.
Менің екі ағам бар. Анам математика пәнінің мұғалімі. Соңғы 9 жыл ішінде ол бізді жалғыз тәрбиелеп өсірді. Ал әкем өте талантты суретші болған, әр салада жұмыс істеді. Ол бізді мақтан тұтатынына сенімдімін.

5.08.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 64