Әмина Мұхамедова

Мамандығы: көлік, көліктік техника және технологиялар. Есенов шәкіртақысының иегері.

Әмина 25 жаста, Өскеменде туып-өскен. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде магистратураның көліктік техника мен технологиялар мамандығының екінші курс студенті. Өзін-өзі дамытуға және армандарын жүзеге асыруға ұмтылады, қиындықтардан қорықпайды. Есенов атындағы ғылыми білім қорының байқауында шәкіртақы иегері атанып, IELTS емтиханына дербес дайындық үшін төлемақыны өз бетінше төлей алды. Магистратураны тәмамдағаннан кейін жас қазақтандық қыз немен айналысады екен?

Балалық шағыңыз өткен туған қалаңызбен қандай ассоциациялар туындайды?
Сарылдап аққан өзендер, биік таулар, кең дала, тайга ормандары, әртүрлі жануарлар әлемі. Өскеменнен тыс жерлерде көп болдым. Алайда, Шығыс Қазақстанда көрікті жерлер көп. Қыс мезгіліндегі қатты аяздан қытырлаған қар және таудан көңілді сырғанап ойнау, ал жазда жарқыраған күн сәулесі мен керемет көлдерде шомылу ең айқын сезімдерді тудырады.

Әмина, неліктен бұл мамандықты таңдадыңыз?
Себебі автокөліктерді және олармен байланысты барлық нәрселерді жақсы көремін. Біздің өңірімізде «Азия Авто» АҚ автоқұрастыру зауыты орналасқанын ұмытпаңыз. Магистратураны тәмамдағаннан кейін сол зауытта инженер-технолог болып жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Біздің мамандығымызды оқып шыққан түлектер жобалар, сапа және үдерістер жөніндегі технологтар сияқты сұранысқа ие.

Шетелдік тағылымдамадан өткеніңізді білеміз, сол жайында айтып берсеңіз.
Алдыңғы жылдың жазында Czech Technical University (Чехия, Прага) көліктік ғылымдар факультетінің «Көлік» кафедрасында тағылымдамадан өттім. Автокөліктерді сынайтын, олардың қозғалысын модельдейтін, құрылымын жетілдіретін, энергетикалық қондырғыларын зерделейтін зертханада, конструкторлық бюрода болдым. Млада Болеслав қаласындағы «Шкода Авто» автозауытында тағылымдамадан өттім, ол жерде автомобильдің толық өндірістік циклін зерттедім. Польшадағы Вроцлав ғылым және технологиялар университетінде ғылыми тағылымдамадан өттім, 2019 жылдың жазында сол жерде металдар мен қорытпалардың трибиологиялық қасиеттерін зерттедім.

Біздің шәкіртақы байқауымыздың жеңімпазы ретінде өз өмірін өзгертуге бел буа алмай жатқан жастарға не айта аласыз?
Сіздің идеяларыңыздың жүзеге асуға лайықта екеніне сеніңіз. Және бастаған ісіңіз жетістікпен немесе өмірлік сабақпен аяқталуы маңызды емес, кез-келген жағдайда жеңімпазсыз. Бойңызда керектінің барлығы бар, сондықтан барлық мүмкіндіктерді қабылдаңыз және өзгерістерге жол ашыңыз.

Алдағы бір-екі жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Биыл жазда магистратураны тәмамдаймын. Мамандығым бойынша жұмысқа орналасуды жоспарлап жүрмін, сонымен қатар, оқуымды жалғастырғым келеді.

Әмина, жұмыс пен оқудан тыс немен шұғылданғанды ұнатасыз?
Егер бос уақытым болса, немере ініммен және сіңіліммен ойнағанды ұнатамын, олар 6 және 4 жаста. Біз бір алаңда тұрамыз, сондықтан көп уақытымызды олармен және басқа да туыстарымызбен өткіземіз. Сондай-ақ көркем фильмдерді қарағанды, кітаптар оқығанды, саяхаттауды, әлемнің әртүрлі елдеріндегі өмірдің ерекшеліктерін зерделеуді қатты ұнатамын. Сүйікті кітабым – С. Митчел жазған «Унесенные ветром», маған ұнайтын фильм – «Служебный роман», ең қызықты саяхаттарым – Испанияға, Атлант мұхитына жасаған саяхаттарым.

12.01.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 86