Альмира Жантұяқова

Мамандығы: биология. Тағылымдама: Нью-Йорк университеті, АҚШ.

Альмира Семейдің тумасы, жасы 22-де. Екі жыл бұрын ол Есенов атындағы қор байқауында тағылымдаманы жеңіп алып, Нью-Йорк университетінің эмбриология және бедеулік зертханасына аттанды. Ал бүгінгі күні ол Британдық Колумбия университетінің магистранты болып табылады. Йоганы,  дәмді тағам дайындауды және дизайнерлік көрсетулердегі сәнмінбе шеруді  шексіз жақсы көретін қыз бұл жетістікке қалай келді?

Қордың гранттық байқауынан есіңізде не қалды, Сіз қалай жеңіске жеттіңіз?
Мен оған екі рет қатыстым, екеуінде де оңай болған жоқ, бірақ қызықты болды. Бірінші айналымда мен уәждемелі хатқа ерекше көңіл бөлдім. Оны қысқаша және оқырманға түсінікті болатындай жазуға тырыстым, өйткені бұл мен үшін өте маңызды. Ал бұл жарыстың екінші айналымын мен өте жақсы көремін. Онда таптаурын емес тапсырмалар береді, қызықты сұрақтар қояды. Бірақ ондағы ең бастысы – үміткерлердің өздері, оларды тыңдай отырып, шабыттанасың. Жеңіске жеткенде, менің ойымша, ең бастысы өзің туралы айқын түсініктің болуы: тағылымдамада нені үйренгіңіз келеді, күйзеліс жағдайларында өзіңізді қалай ұстайтын боласыз, алдағы жоспарларды іске асыру үшін тағылымдаманы пайдалануды қалай жоспарлайсыз, адам ретінде сіз үшін не маңызды. Менде бұл сұрақтарға жауаптарым болды.

Нью-Йорктегі тағылымдамаңыз туралы айтып беріңізші.
Ғылыми жобамен жұмыс істедім, университеттің клиникасындағы дәрігерлердің жұмысын бақыладым. Менің жұмысымның жаһандық мақсаты бір жыныстық көбеюді: аналық ұрық ұрықтандыру үшін енуыздарды қажет етпейтін кездегі процесті зерделеу болды. Көбеюдің бұл түрі кейбір жануарлар үшін орынды, бірақ сүтқоректілерде мұндай эмбриондар ұрықталудан кейін көп ұзамай өледі. Маған бұл процеспен қандай механизмдер бірге жүретінін анықтау керек болды. Алғашқы екі аптада мен эмбриондармен жұмыс жасауды үйрендім, жаңа амалдарды игердім, әлдеқашан таныс амалдарды қайталадым, тышқан эмбриондарымен күрделі іс-әрекеттерді жасауды үйрендім. Зертханаға кейде ақаулы адам эмбриондары да (әрине, науқастардың келісімімен) келіп түсетін. Ал клиникада мен бедеулік жөнінде жетекші мамандар пациенттермен қалай жұмыс істейтінін және олардың қолдан ұрықтандыруды қалай жүзеге асыратынын бақылап отырдым.

Нәтижесінде сіз қандай жетістікке жеттіңіз?
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде мен бір жыныстық көбею кезінде, кәдімгі ұрықтандыруға қарағанда, әлдеқайда көбірек тұрақсыз генетикалық элементтер түзілетінін аңғардым, бұл олардың қысқа өмірін түсіндіреді.

Менің өзімнің зертханалық тобым үшін екі таныстыру өткіздім. Олар менің әріптестеріме де, менің профессорым Дэвид Кифке де ұнады. Ол менің жұмысымның нәтижелері оның зертханасындағы алдағы зерттеулер үшін негіз болып қызмет ететінін хабарлады. Тағылымдамаға дейін мен эмбриондармен жұмыс істеген емеспін, сол себептен ол жерде алған дағдыларым баға жетпес.

Америкада Сізбен, ғылымнан басқа, қандай қызықты жайттар болды?
Мен тамақ дайындаудан жанымды жеңілдеттім: Нью-Йорктің супермаркеттерінің сөрелерінде ең алуан түрлі азық-түліктердің молшылығы, сол себептен мен тағамдардың және десерттердің көптеген әртүрлі рецепттерін байқап көрдім. Қордың басқа тағылымдамашысымен бірге біз қаланың барлық дерлік көрнекі жерлерін көріп шықтық. Маған, киімнің сәндік трендтерінің бағалаушысы ретінде, «Camp: Notes on Fashion» кэмп стиліндегі тарихи көрмесі және Метрополитен-мұражай ерекше ұнады. Мен сонымен қатар Бостонға құрбыма барып келдім, ол маған қаланы, Массачусетс технологиялық және Гарвард университеттерін көрсетті.

Әрі қарай не істемек ойыңыз бар, Альмира?
Бұл тағылымдама репродуктивті биология саласындағы зерттеулер үшін жақсы база болды және маған оқуымды жалғастыруға серпін берді. Қазір мен канадалық Ванкуверде, Британдық Колумбия университетінде магистратурадамын. Медициналық немесе докторлық дәрежелер арасында таңдау жасағанымша, оларды үйлестірсем жақсы болар еді. Дәрігерлер мен ғалымдар ғылыми және клиникалық қызметті асқан шеберлікпен үйлестіретін американдық клиниканың жұмысын көріп, мен ғылыми жұмысты да қатар жүргізе отырып,  күн сайын адамдарға көмектесуді құмартып қалдым.

Отбасыңыз туралы бір-екі ауыз сөз айтып берсеңіз.
Мен өзімнің туған-туысқандарымды өте жақсы көремін. Менің үш сіңілім бар. Мектептің өзінде-ақ менде жақындарым әрдайым жанымда болу үшін өмір эликсирін жасап шығаруға ниет пайда болған. Осылайша мен биологияны таңдадым және өкінген жоқпын.

15.09.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 238