Ақшолпан Күлбаева

Мамандығы: жалпы медицина. Есенов шәкіртақысының иегері.

Ақшолпан үш жасында отбасымен Өзбекстаннан көшіп келген. Қазіргі таңда ол Батыс Қазақстан медициналық университетінің интернатурасының екінші курс студенті. Университетті бітіргеннен кейін дәрігер болып жұмыс істеп, содан кейін мамандандыруды таңдап, сол мамандықты тереңірек меңгеруді жалғастырады жоспарлап отыр. Оған Есенов шәкіртақысын жеңіп алуға не көмектесті?

Балалық шағыңыздан не есіңізде қалды?
Көшіп келгеннен кейін бір жылдан кейін әкем қайтыс болды, сол кезде жанымызда жақын туыстарымыздан ешкім болмады. Анама күні-түні жұмыс істеуге тура келді. Ол неонатолог дәрігер, алайда біз тұрған ауылдық жерде (Сенек ауылы, Маңғыстау облысы) ересектер де оны құрметтейтін, өйткені ол қарапайым дәрігер сияқты барлығына медициналық көмек көрсететін. 2010 жылға дейін МРТ, ультрадыбысты зерттеуге немесе ЭЭГ жүргізуге арналған техника болған жоқ, бірақ анам дәл диагноз қоя алатын. Медицина саласын таңдауыма анам, менің кумирім, ықпал етті.

Қазақстан медицинасының әлсіз тұсы не деп ойлайсыз?
Еліміздің түрлі өңірлерінде түрлі проблемалар бар. Кейбір аймақтарда, мысалы, адам факторын ескермейтінін де білемін. Жалпы, маған пішіп-кесіп айтуға әлі ерте, бұл мәселеде тәжірибем, ақпарат және құзыреттілік жетіспейді.

Бір жыл бұрын Есенов шәкіртақысын жеңіп алуға Сізге не көмектесті?
Байқаудың бірінші кезеңінде маған, әрине, түйіндеме, сертификаттар және  транскрипт бағалары көмектесті — яғни менің барлық жетістіктерім. Ал екінші кезең онлайн-әңгімелесу түрінде өтті. Бұл кезеңде шешендік шеберлігім, өзімді және идеяларымды көрсете білуім көмектесті деп ойлаймын… Жалпы, сол кезде білегенімнің және қолымнан келетіннің барлығы.

Есенов шәкіртақысы Сізге көмектесіп жатыр ма?
Әрине. Тілдік курстарға кететін шығындарымды өтеуге көмектесіп жатыр.

Биылғы шәкіртақы байқауының қатысушыларына қандай кеңес бересіз?
Құрметті ізденушілер, «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім?» уәждеу хатын нақты жазыңыздар, сондай-ақ өтінімде өздеріңіз туралы дәл ақпарат беріңіздер, және, әрине, барлық міндетті құжаттарды қоса ұсынуды ұмытпаңыздар.

Ақшолпан, интернатураны бітіргеннен кейін қандай жоспарларыңыз бар?
Қазір «жалпы тәжірибе дәрігері» (ЖТД) мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Біржақты мамандыққа тоқталғым келмейді: ЖТД немесе терапевт боламын. Мамандық бойынша жұмысқа орналасып, үш жыл жұмыс істеймін, ал содан кейін резидентураға түсемін.  Қазірге осындай жоспарларым бар.

Бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз?
Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін. Ұнайтын авторлар арасында Стивен Кинг пен Луиза Хей бар. Қытай және ағылшын тілдерін үйренудемін.

Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз?
Тұрмыстамын, мамыр айында сәби күтудеміз.

2.03.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 109