Айвар Абрашұлы

Мамандығы: физика. Тағылымдама: EPFL, Швейцария.

­­19 жасар Тараз қаласының тумасы Айвар спортты ұната бермейтін ботаниктерден емес. Ол бала кезінен футболды жақсы көреді.  Ал физикаға деген қызығушылығы қазақ-түрік лицейінің 7-сыныбында оқып жүрген кздерінде ояна бастады. Түрлі пән аралық Олимпиадаларға қатысып жүріп, осы саланы тереңдеп оқытатын оқу орнының студенті болғанын байқамай қалды.  Кейін өз күшімен академик Ш. Есенов атындағы Қор ұйымдастырған байқауда жеңіске жетіп Лозанна федералды политехникалық мектебінде тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама грантының байқауы қандай сәттерімен есіңізде қалды?
Менің есімде байқауға қатысқан әрбір қатысушы мен олардың байқау барысындағы іс-қимылдары қалды десем болады. Қатысушылардың барлығы дерлік осы грантқа лайықты болды дессем болады. Себебі, барлығы дерлік осыған дейін осы ғылымға қызығып, айналыс жүрген балалар болатын.  Екінші турдың басында мен аздап қобалжыдым, өйткені бұрындары осындай ауқымды жарыстарға қатыспаған едім. Бірақ біз командалық тапсырмаларды шеше бастағанда, барлық бойымдағы қорқынышым жоқ болды. Мен тек алдыма қойылған есепті шешуді ғана ойладым.

Тағылымдама барысында немен айналыстыңыз?
Заттың жаңа фазасымен материалдарды зерттейтін салада жұмыс істедім. Ол топологиялық оқшаулағыштар деп аталады. Менің мақсатым осы оқшаулағыштардың акустикалық толқындар (дыбыс) қозғалысына қатысуын зерттеу болды. Физика бойынша зерттеулерде симуляцияларды талдау және жүргізу үшін кеңінен қолданылатын COMSOL Multiphysics бағдарламасын қолдануды үйрендім. Сондай-ақ, көптеген тәжірибе алып, тіпті Швейцарияның әдемі жерлерінде саяхат жасап үлгердім.  Мен футбол туралы да ұмытқан жоқпын. Барселонаға барып, атақты “Камп Ноу” футбол стадионында болдым. Тағылымдама барысында  хайкингке қызығушылығым оянды.

Тағылымдама барыссында қандай жетістіктерге жеттіңіз? Нені үйреніп үлгере алмадыңыз?
Мен оқыған тақырып мен күтгеннен гөрі қиын болды. Тағылымдама кезінде мен оның жариялануы үшін жұмысты аяқтай алмадым. Бірақ Қазақстанға оралғаннан кейін, мен жобаның бір бөлігін жеткіздім және енді Лозаннадан келген әріптестерімнен жақсы жаңалықтарды күтемін. Біздің мақала жақын арада жарияланатын болады деп үміттенеміз. Мен үшін тағы бір маңызды сәт профессор Ромен Флериден жақсы ұсыныс алдым.

Алға қойған мақсатыңыз?
Дәл қазір 2020 жылдың жазында  тағылымдамадан өту үшін компания іздеп жатырмын. Болашақта академиялық зерттеулер мен индустрияда жұмыс жасау үшін өзімді өнеркәсіпте сынап көргім келеді. Докторантураға түсі үшін емтихандарға дайындалып жүрмін. Мүмкін, топологияны зерттеуді одан ары жалғастырамын. Ал бос уақытымда оқушыларды олимпиадаға дайындаймын. Маған олардың прогресін бақылау ұнайды, бұл шабыттандырады.

Update
Қазір, шекаралар жабық тұрған кезде не істеп жатырсыз?
АҚШ университеттеріне, магистратура мен докторантураның бірлескен бағдарламасына құжат тапсырудамын. Әдетте бұл алты жылдан астам уақытты алады, алайда нәтижесінде PhD докторы дәрежесін алуға болады. Мамандығым физика екеніне қарамастан, электротехникамен айналысуға бел будым, бұл шешімге EPFL-де өткен тағылымдама себепші болды. Айтпақшы, өткен жазда ЦЕРН -де (Швейцария) тағылымдамадан өттім, өкініштісі, пандемияға байланысты бағдарлама онлайн режимінде өткізілді.

10.12.20, Жетістік тарихы

Көру саны: 267