Айдана Бұхарбаева
Мамандығы: мұнай-газ ісі. Есенов шәкіртақысының иегері.
Осы жазда Айдана Алматыдағы Satbayev University-ді үздік бітірді. Бакалавриаттың соңғы жылында ол Yessenov Foundation байқауында жеңіске жеткендіктен, академик Есеновтың шәкітақысын алды. Дипломдық жұмысы ретінде зерттелмеген, дәстүрлі емес тақырыпты таңдады, өзі үшін машиналық оқыту әлемін ашты. Қазіргі таңда, жас қыз Ақтауда өз мамандығы бойынша жұмыс істеуде, сонымен қатар, қосымша бухгалтерлік курстарданда да өтіп үлгерді. Ол үнемі қозғалыста. Ал, сіз ше?
Дәл осы мамандықты неліктен және қалай таңдадыңыз?
Менің болашағым туралы қызу талқыда ата-анаммен ымыраға келдік: олар мамандықты, ал мен университетті таңдадым. Олардың ұсынысына, әрине, жоғары жалақы және мұнай жұмысшыларының салтанатты өмірі туралы ақпарат әсер етті. Алайда, нәтижесінде мен бәріне ризамын, таңдау дұрыс болды. Өз болашағымды анық көріп, бүгінгі күнде мұнай-газ саласында инженер жолын бастап кеттім .
Есенов шәкіртақысы туралы қалай білдіңіз және неге байқауға қатысуға шешім қабылдадыңыз?
Байқау туралы SPE (мұнай инженерлерінің университеттік қауымдастығы) ұйымындағы іс-шаралардың бірінде білдім. Шынымды айтсам, өтінішімді бір жыл бұрын бергім келді, бірақ ол кезде өз кандидатурамды әлсіз деп санадым. Бір жыл ішінде әзімді әр түрлі бағытта максималды жылдамдықта жетілдірдім, өтініш беруге шешім қабылдадым және жеңіске жеттім.
Байқаудан не есіңізде қалды?
Не емес, кім деген дұрысырақ болар. Әрине, өткен жылғы шәкіртақы иегерлері. Олардың әңгімелері, жетістіктері, олармен қарым-қатынас мені шабыттандырды, қуаттандырды, толқытты.
Неліктен жеңімпаздардың қатарында болдыңыз деп ойлайсыз?
Бірінші кезеңнен сәтті өтетініме толық сенімді болдым. Жеткілікті сертификаттарым, жетістіктерім және де жақсы жазылған эссем болды. Сұхбатта барынша шынайы болдым. Байқауға қатысу мақсаттарым мен себептерім туралы айтып бердім.
Осындай жеңістері әлі алда тұрған жастарға қандай кеңес бере аласыз?
Оқуда қиын — ұрыста оңай. Дайындыққа көп уақыт бөліңіз, қандай ЖЕҢІСКЕ жеткіңіз келетінін анықтаңыз және осы мақсатқа жету қадамдарын үлкейтіңіз.
Осы жазда немен айналыстыңыз?
Университетті бітіріп, көптен күткен қызыл дипломды алдым. Жаз оқиғаларға қанық болды: оқыдым да, демалдым да, отбасымен көп уақыт өткіздім, болашағым туралы алаңдадым. Қазір Ақтауда тұрамын, ірі компаниясында жұмыс істеп бастадым. Болашақ келіп жетті.
Балалық шағыңыздың жарқын естелігі қандай?
Балалық шағымды кішкентай Лесное ауылында, Ресеймен шекаралас жерде өткіздім. Естеліктерім тез жыпылықтайтын алау түрінде ғана, бірақ алғашқы ашық-қызғылт велосипедім және тепе-теңдікті сақтауға, бұруға үйренген сәтім есімде жарқын сақталып қалды. (күледі).
Егер мүмкін болса, отбасыңыз туралы айтсаңыз.
Отбасы – мендегі ең құнды нәрсе. Керемет мықты анам – ол маған барлық жағынан үлгі. Және әкем, менің қорғаным. Ата-анам бірге жұмыс істейді: көлік қызметтерін ұсынады және шағын азық-түлік дүкені бар. Екі інім бар: Қуаныш (ол екінші курс студенті) және біздің кішкентайымыз — бес жасар Ернар. Отбасым – менің керемет қолдауым. Олар жаңа шыңдарды бағындыруға көмектеседі, сүрінуге және қателіктер жіберуге де мүмкіндік береді.
15.08.21, Жетістік тарихы
Көру саны: 167