Айбар Серік

Мамандығы: автоматтандыру және басқару. Есенов шәкіртақысының иегері.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің төртінші курс студенті Жезқазғанның, өзі айтқандай, Қазақстанның жүрегінде орналасқан қаланың, тумасы. Балалық шағында, әлі әріп танымаған кезінде, Айбар анасымен бірге жиі кітапханаға барып, ол жерде кітаптарды қараумен көп уақыт өткізетін. Бүгінде ол 20 жаста, елордада технологиялық процестерді автоматтандыру мен басқарудың ерекшеліктерін игеруде. Өткен жылғы Академик Ш.Есенов атындағы қордың шәкіртақы бағдарламасының ең белсенді қатысушыларының бірі, оны бекер ұтып алған жоқ. Басқаша болуы мүмкінде емес еді, себебі жас қазақстандық өз мамандығының нағыз әуесқойы.

Дәл осы мамандықты неліктен және неге таңдадыңыз?
Таңдау жасауыма менің физика пәнінің мұғалімі Жанул Асан ықпал етті. Ол менің техникалық ғылымдарға деген қызығушылығымды арттыруға көмектесті және оның басшылығымен алғашқы жобамды жаздым. Жобамен  Ресейдегі Сколково инновациялық орталығына бардық, сол сәтте  техникалық прогрестің әлеуеті мен күшін сезіндім. Оның біздің өмірімізге деген ықпалы күннен күнге артуда, сондықтан да, өндірісті дамыту және жақсарту үшін техникалық инженерияны зерттеймін деп шешім қабылдадым.

IT-саласынан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар, бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
Бос уақытымды спортқа жұмсауға тырысамын, достарыммен жиі кездесіп, футбол ойнаймыз. Кітап оқуды да ұмытпаймын. Бір кездері іскерлік әдебиетке қызығушылық таныттым, ал қазір шытырман оқиғалы классикаға, мысалы, Алксандр Думаның шығармаларына қызығушылық танытып жүрмін.

Қордың шәкіртақы байқауының ең жарқын естелігі қандай?
Мүмкін, бұл қордан жеңіске жеткенім және шәікртақы жеңіп алғаным туралы құттықтау хат алған кезде болды деп айтсам, ешкімді таң қалдырмаймын. Қуаныш және мақтаныш сезімдерін сезіндім.

Неліктен жеңімпаз атандыңыз деп ойлайсыз?
Мүмкін, іріктеу комиссиясына қызықты әрі мақсатты адам болып көрінгендігімнен шығар.

Шәкіртақы Сізге қалай көмектесті?
Қазір ағылшын тілін игерумен белсенді айналысудамын, осы бағытта шәкіртақы көп көмектесті.

Биылғы жылы байқауға өтінім беруге шешім қабылдағандарға қандай кеңес бере аласыз?
Мүмкіндігінше адал және ашық болыңыз, өйткені менің ойымша, бұл қасиеттер жеңіс жолында шешуші рөл атқарады.  Әрине, сонымен қатар, өз күшіңе сену керек!

Бакалавриатты аяқтағаннан кейін немен айналысуды жоспарлап отырсыз, өйткені сіз оны осы жазда аяқтайсыз емес пе?
Магистратураға тапсыруды жоспарлап отырмын. Қазіргі таңда «Қазақмыс» корпорациясында Инженер ассистенті рөлінде тәжірибеден өтіп, дипломдық жобамды жазудамын.

9.02.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 68